Қазақша сценарий: Бауырсақ ертегісі

Қазақша сценарий: Бауырсақ ертегісі казакша Қазақша сценарий: Бауырсақ ертегісі на казахском языке

Шолпан (сиқыршы): Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендерге ертегі ұнай ма? Мен сендерге жай келген жоқпын, өзімен бірге «Бауырсақ» ертегіні алып келдім. Егер сендер қаласаңдар, мен сендерге оны айтып қана қоймай, көрсете де аламын. Ол үшін көздерінді жауып, ертегі әлеміне саяхатқа аттанайық.

Ерте — ерте ертеде, шал мен кемпір өмір сүріпті. Бір күні шал кемпірге былай деді.
Әдлет (шал) : Кемпірім-ау, кемпірім-ау, маған бауырсақ пісіріп берші.
Амина (кемпір): Неден пісірейін? Көптен бері үйде ұн да жоқ.
Әдлет (шал): Ей, кемпірім-ай! Міне саған ақша, дүкенге барып, үнді сатып алып кел, содан бауырсақты пісір.
Шолпан (сиқыршы): Кемпір шалының айтқанын істейді: дүкенге барып үнді сатып алып келеді, оны қаймаққа илейді. Отын жағып, табасына майын құйып, бауырсақты пісіруге кіріседі. Бауырсақ, домалақ әрі сырты қызарынқырап әдемі болып піседі. Иісі мұрын жаралық. Шал оны бірден жеп көргісі келеді. Бірақ бауырсақ ыстық болған соң, кемпір оны терезеге қояды да, өздері ұйқыға жатады. Сол кезде ……

Мөлдір (бауырсақ): Ой, мен қайдамын? (терезеге қарап) Мен өзі қандай әдемімін, өте сұлумын. Далаға барып бәріне мақтанып келейін.
Шолпан (сиқыршы): Солай бауырсақ далаға шығып кетеді. Даладан орманға домалап кетеді. Орманда әндетіп келе жатқанда, алдынан қояндар шығады.
Айғаным (қоян): Мында қандай ғажап иіс. Мынау, бауырсақ қой. Бауырсақ, бауырсақ сен қайда бара жатырсың? Өзің сондай дәмді екенсің.

Мөлдір (бауырсақ): Мен атадан қаштым, мен ападан қаштым. Сондықтан ренжіме. (домалап кетеді)
Шолпан (сиқыршы): Осылайша бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі, қоян оны дұрыс қарап та үлгірмей қалады. Бауырсақ жалғыз жолмен домалап келе жатса, оның алдынан қасқырлар шығады.

Мерей (қасқыр): Мында қандай ғажап иіс, менің қарным ашып қалды. Ой, бауырсақ екен ғой. Бауырсақ, бауырсақ сен қандай әдемісің, домалақсың, мен сені жегім келіп тұр.

Мөлдір (бауырсақ): Қасқыр жан, сен мені жеме, одан да мені тыңда. Мен атадан қаштым, мен ападан қаштым, мен қояннан да қашып кеттім, сеннен де қашып кетемін. (домалап кетеді)

Шолпан (сиқыршы): Осылай деп бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. Бауырсақ орман ішінен домалап келе жатса алдынан балды жеп келе жатқан аюларды кездеседі.

Нұрзат (аю): Бауырсақ, бауырсақ сен қайда бара жатсың?

Мөлдір (бауырсақ): Мен атадан қаштым, мен ападан қаштым. Орманды аралап келе жатырмын.

Нұрзат (аю): Бауырсақ, сен өте әдемі және мен сені жегім келіп тұр.

Мөлдір (бауырсақ): Аюжан мен қояннан және қасқырдан да қашып кеттім, сондықтан сен де мені жей алмайсың. (домалап кетеді)

Шолпан (сиқыршы): Бауырсақ орман ішінен көбелекті ұстап алғысы келеді, бірақ көбелек одан ұшып жөнеледі. Сол кезде түлкі келеді.

Аделя (түлкі): Бауырсақ, сен қандай әдемісін, қандай тәттісін. Мен сені жигім келіп тұр.

Мөлдір (бауырсақ): Мен атадан қаштым, мен ападан қаштым, бәрінен қашып өзім жоғалып кеттім. енді атама және апама баратын жолды таба алмай тұрмын.

Мерей (түлкі): Бауырсақ, ал сенің үйінде сен сияқты бауырсақ бар ма? Менің қарным ашты.

Мөлдір (бауырсақ): Иә, бар. Апам көп бауырсақ пісірді. Егер сен мені үйге апарып келсең, мен саған бауырсақ беремін.

Аделя (түлкі): Келістік. Қанеки жүре ғой.

Шолпан (сиқыршы): Осылай түлкі бауырсақты ұстап атасы мен апасының үйіне жол жүреді. Атасы мен апасынын үйіне келгенде, атасы мен апасы бауырсаққа қатты қуанады. Олар түлкіге рахметін айтып, үйге шай ішуге шақырады. Апасы дастарханға бауырсақтарды қояды. Олар осылай бәрі дос болады. Осымен ертегі аяқталды.
(балалардың орындауында би)

Автор: Шаймерденова Шолпан Бауыржанқызы




KZ » Қазақша Сценарийлер жинағы, ертегі Бауырсақ бауырсак ертеги сказка на казахском казакша ертегилер балаларга, ертегі ертеги сказка на казахском, сказки на казахском языке для детей, қазақша ертегілер жинағы оқу, казакша ертегилер балаларга, сказки на казахском языке для детей скачать, Бауырсақ, бауырсак, бауырсақ ертегісі сценарий, баурсак ертеги сценарий казакша, ертегі Бауырсақ бауырсак ертеги сказка на казахском казакша ертегилер балаларга, ертегі ертеги сказка на казахском, сказки на казахском языке для детей, қазақша ертегілер жинағы оқу, казакша ертегилер балаларга, сказки на казахском языке для детей скачат, Қазақша сценарий: Бауырсақ ертегісі, Қазақша сценарий: Бауырсақ ертегісі сценарий казакша сценарий на казахском языке скачать бесплатно сценарии детских праздников на казахском языке сценарий балабакша қазақша Қазақша Сценарийлер жинағы