Қазақша сценарий: Ертегілер еліне саяхат » ZHARAR © 2017 | ертегилер елине саяхат сценарий, ертегілер еліне саяхат сценарий, ертегилер елине саяхат сценарий казакша, сценарий на казахском языке про сказку, ертегілер еліне саяхат сценарий казакша, 1 маусым балалар куни сценарий казакша, сценарий на 1 июня день защиты детей на казахском, 1 маусым - Балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік




  • »

Қазақша сценарий: Ертегілер еліне саяхат

Қазақша сценарий: Ертегілер еліне саяхат казакша Қазақша сценарий: Ертегілер еліне саяхат на казахском языке

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
- ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
- ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
- ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
- қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сөздік жұмыс: ғажайып, сиқырлы, құм қалашығы.
Билингвалды сыңары: ғажайып - удевительный, сиқырлы – волшебный.
Заттық - дамыту ортасы: «Ертегілер әлемі», «Ертегі ханшайымы шақырады» үнтаспасы, сиқырлы кітап, қуыршақ театры «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің кейіпкерлері, ғажайып сәт Ертегі ханшайымы, құм қалашығы.
- Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
- Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай?
- Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» әнін айтайық
- Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
- Ертегілер елінде кімдер тұрады?
- Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
- Ертегілер бізді неге үйретеді?
Балалардың жауабы тыңдалады. Үнтаспадан тосыннан, алдын - ала жазылған Ертегі ханшайымының сөзі естіледі.
Ертегі ханшайымынын сөзі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар,
Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, сендер мені көрмейсіңдер, мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.
Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді.
- Кітапты жоғарыдан іздеңдер, бар ма?
- Төменнен іздеңдер, бар ма?
- Оң жақтарыңа қарандар, мұқият қарандар, бар ма?
Сиқырлы кітап топтарындағы ең үлкен гүлдін жанында - а - а - а»
Ханшайымның тапсырмасымен кітапты тауып алады
Тәрбиеші:
- Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік?
/кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, тәрбиеші түсінеді/
- Сиқырлы кітап сендерден сұрайды;
- Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер?
- Үш саны қай ертегіде кездеседі?
(Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады)
Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері "Мақта қыз бен мысық", "Қызыл телпек" ертегілері
- Бұл қай ертегілер екен? Не көріп тұрсыңдар?
- Қараңдаршы балалар, мына суреттерде ертегі кейіпкерлерінің орны ауысып кеттіпті. Олардың орындарын табуға көмектесеміз бе?
- Жарайсыңдар, балалар.
- Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар?
(Сиқырлы кітап тәрбиешіге айтады)
Балалар ертегілерден үзінді ойнап берсін, қалған балалар тапсын - дейді
«Бауырсақ», «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегілерінен үзінді ойнайды
- Бұл қай ертегі?
- Ал, бұл қай ертегі кейіпкері?

Кітаптың екінші бетін ашуға дайынсыздар ма? Онда ашайық.
- Балалар, мына суретте ертегі кейіпкерлері сендерден жасырынып тұр, сол кейіпкерлерді іздеп табу керек.
- Бұл қай ертегілер? "Жеті лақ", "Үш торай"
/Санау, кеңістікті бағдарлау, сапасын анықтау/
- Сиқырлы кітап ертегілер елінде бізді тағы не күтіп тұр?
Тәрбиеші:
- Балалар, мына мнемотаблицада сендерге таныс ертегі бейнеленген. Сендер ертегі мазмұнын осы таблица бойынша еске түсіріп, айтып беріңдер.
Балалар «Сараң аю» ертегісін айтып береді
(Сиқырлы кітап тек тәрбиеші түсінетін тілмен ертегі көруге шақырады)
Ертегі тамашаламас бұрын бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті
Қуыршақ театрынан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі көрсетіледі.
- Ертегі сендерге ұнады ма?
- Біз тамашалаған ертегі қалай аталады?
- Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
- Айдаһар қандай?
- Маса не істеді?
- Қарлығаштың құйрығы неге айыр болған?
- Бұл ертегіде қарлығаш қандай екен?
- Сендер де сол қарлығаш сияқты мейірімді, батыл болғыларын келеді ме?
- Бұл ертегіден біз не үйрендік?
Дұрыс айтасыңдар балалар, кіп - кішкентай қарлығаш өзінен қанша үлкен айдаһардан қорықпай оған қарсы шығып, зұлымдықты болдырмай жеңіп шықты.
Сендер де, әрқашан бір - біріне көмектесіндер, бір - бірлерінді ренжітпендер, бір - бірлеріне, үлкендерге жақсылық жасай біліндер.
Мейірімді, адал болындар.
Ертегі ханшайымы кіреді
Сәлеметсіздер ме, балалар?
- Ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды да дұрыс орындадыңдар.
- Мен сендерді құм қалашығына шақырамын, өздеріне ұнаған ұсақ ойыншықтармен «Ертегі елін» жасандар
- Құм қалашығында ойнауды білесіндер ме?
Әр баланын қасына барып;
- Қандай ертегі құрастырдың?
- Сендердің ертегілерінде құстар қандай?
- Неге аңдар суда жүзіп жүр?
Жетекші сұрақтар қойылады
Ертегі ханшайымы балаларды мадақтап, үлкен ертегі кітабын сыйлайды, қоштасып кетеді.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Сценарийлер жинағы | | 2 662
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Сценарийлер жинағы, ертегилер елине саяхат ашық сабақ, ертегилер елине саяхат ашык сабак, ертегілер еліне саяхат ашық сабақ балабақшада, ертегілер еліне саяхат сабақ жоспары, ертегілер еліне саяхат тәрбие сағаты, ертегілер еліне саяхат сценарий, Ертегі еліне саяхат атты сабақ жоспары балабақша, Ертегілер еліне саяхат, Қазақша ашық сабақ: Бастауыш сынып | Ертегілер еліне саяхат, Қазақша сценарий: Ертегілер еліне саяхат, ертегилер елине саяхат сценарий казакша, сценарий на казахском языке про сказку, 1 маусым балаларды қорғау күні сценарий, ертегілер еліне саяхат сценарий казакша, 1 маусым балалар куни сценарий казакша, сценарий на 1 июня день защиты детей на казахском, 1 маусым - Балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік, ертегилер елине саяхат ашық сабақ, ертегилер елине саяхат ашык сабак, ертегілер еліне саяхат сценарий, Қазақша сценарий: Ертегілер еліне саяхат, ертегилер елине саяхат сценарий казакша, сценарий на казахском языке про сказку, Қазақша сценарий: Ертегілер еліне саяхат сценарий казакша сценарий на казахском языке скачать бесплатно сценарии детских праздников на казахском языке сценарий балабакша қазақша Қазақша Сценарийлер жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .