Қазақша Ашық сабақ: Бастауыш сынып | Көбейту және бөлуді пысықтау (3 сынып) » ZHARAR © 2016 | көбейту және бөлу 3 сынып , көбейту және бөлу 3 сынып ашық сабақтар қазақша, көбейту және бөлу 3 сынып ашық сабақтар қазақша бастауыш сынып, бастауыш сынып математика 3 сынып , бастауыш сынып математикадан 3 сынып ашық сабақтар




  • »

Қазақша Ашық сабақ: Бастауыш сынып | Көбейту және бөлуді пысықтау (3 сынып)

Қазақша Ашық сабақ: Бастауыш сынып | Көбейту және бөлуді пысықтау (3 сынып) казакша Қазақша Ашық сабақ: Бастауыш сынып | Көбейту және бөлуді пысықтау (3 сынып) на казахском языке

Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Жасыл ауылының негізгі мектебі
Жакьянова Гүлзада Баялықызы
Бастауыш сынып мұғалімі

Ашық сабақ тақырыбы: Көбейту және бөлуді пысықтау.

Ашық сабақ мақсаты: Көбейту және бөлудің кестелік жағдайы туралы білімдерін бекіту.
Білімділік: көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау,танымдық қабілеттерін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру
Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балаларды ұйымшылдыққа, жылдамдыққа,тапқырлыққа,қазақтың салт-дәстүрлерін құрметтеуге үйрету,Отанға, туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақ типі: Білімді бекіту, бір жүйеге келтіру.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Ашық сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, іздену, қайталау,кіріктіру, топтық жұмыс.
Ашық сабақ құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар, ұлттық ойындар, дидактикалық үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану, дене шынықтыру.
Ашық сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
а) Сынып тазалығына қарау
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Балалар,бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше сабақ. Сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Сәлем бердік сіздерге
Басты иіп бәріміз
б) Психологиялық дайындық.
Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде
Математиканы оқимыз
Миымызға тоқимыз
-Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!
Математика-Абай атамыз ғалымдар патшасы деген екен.Яғни математиканы
білсек барлығын да білеміз екенбіз.

II. Актуализация
1) 5-есеп Амалдар тәртібін анықта және есепте.
(120+300):7=60 720:8+200=290 (370+30):5=80
(500-20):60=8 360:60+840=846 370+150:5=400
7•(700-650)=350 560:8•3=210 50•6+630:9=370

2. Тірек білімдерін белсендіру.
1. Кез келген санды бірге көбейткенде, қандай сан шығады?
2. Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады?
3. Нөлді санға бөлгенде, неше шығады?
4. Санды нөлге бөлуге бола ма?
5. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады?
6. 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар қалай аталады?
7. Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды орындаймыз?

ІІІ. Жаңа сабақ.
-Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып қоямыз: Қазір қай ай? Осы айда қандай атаулы күн бар?
Желтоқсанның 20-сы
Сынып жұмысы.
- Біз қай елде тұрамыз?
- Еліміздің тәуелсіздігінің неше жылдығын атап өттік?
- 22 қандай сан? - Отан, туған ел, ел рәміздері, Астана қаласы жайлы қандай өлеңдер білесіңдер?
( Балалар әдебиеттік оқудан жаттаған өлеңдерін айтып шығады).
- Егеменді еліміздің жарқын болашағы сендерсіңдер. Балалар, бүгін біз сендермен тәуелсіз еліміздің гүлденген «Абай»ауылына жүйрік аттармен саяхатқа шығамыз.
- Абай Құнанбаев кім?
- Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
- «Адам болам десеңіз» өлеңінде Абай атамыз 5 жақсы қасиет және 5 жаман қасиет туралы айтқан.
- 5 қандай сан?
- Ат үстінде ойналатын қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

1.Жылқы малы туралы мақал-мәтелдер айтқызу.

2.Оқушыларды «Бозжорға», «Құлагер» деген екі топқа бөлу.
Бүгінгі сабағымызда осы ұлттық ойындарды екі топқа бөлініп ойнай отырып, математикалық тапсырмалар орындаймыз!
Екі топ оқушылары жұлдызша, шаршы, үшбұрыш белгілерімен бағаланып отырады.

1.«Көкпар» ойыны. Ауызша есепте.(1-есеп)
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым соған үйір болады
Досың солар табылатын қасыңнан
1.«Бозжорға»тобы 2.«Құлагер» тобы
6•20 5•20 7•100 3•100
8•20 2•20 9•100 0•100
0•20 9•20 5•100 4•100


2. «Асық ату» ойыны. Қай сан орнында жоқ? (2-есеп)
Кел, балалар, ойнайық!
Ойнайық та ойлайық
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық
1. «Бозжорға» тобы 2 .«Құлагер» тобы
9 • □ = 540 1000 - □ =630 □ : 7 = 90 □ : 90 = 7
380+□ = 540 7 • □ = 630 810 : □ = 90 700 : □ = 7
90 • □ = 540 □ • 90 = 630 10 • □ = 90 210 : □ = 7

3. «Теңге ілу» ойыны. Амалдарды орында.(3-есеп)
Ал, достарым, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп,
Амалды орындап көріңдер
Екі топқа бірдей тапсырма:
45- (5•2) 9•(3+6) 50: (7+3) 63: (4+3)
24: (4+4) 48: (6+2)

4. «Қыз қуу» ойыны. Теңдеулерді шеш. (4-есеп)
Көп білетін оқушы Тақта алдына келеді Теңдеулердің шешімін Дұрыс тауып береді
Екі топ теңделеулерді орындайды.(1ұл, 1 қыз тақтада орындайды)
Теңдеулерді шеш:
100-х=30 250-х=50
48:с=6 81:с=9
а•5=10 а• 9=72

5. «Аударыспақ» ойыны. Есеп шығару (5-есеп)
Қане тәртіп сақтайық
Тез есептеп аттайық
Алға қадам басқанда
Батылдықпен аттайық
«Бозжорға» тобы «Құлагер»тобы
Ыдыста 60кг кәмпит болды. 4 қорап тұз үшін 120тг төленді.
9оқушының әрқайсысына 5 Осындай 8 қорап тұз үшін қанша
кәмпиттен берілді.Ыдыста неше ақша төлеу керек?
кәмпит қалды?
ІV. Сергіту сәті.
Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы! (алақандарын соғады)

Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Биде айналған жақсы ма? (айналады)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма?
(бас бармақтарын көрсетеді)

6. «Бәйге» ойыны
Екі топ басшысының әрқайсысына лездік 5 сұрақтан қойылады.
«Бозжорға» тобы
1. 5ондықты 3есе арттыр
2. 2 жүздіктен тікелей кейін келетін сан
3. 6ондықтан 2 есе артық сан
4. 1дм-де неше см бар?
5. 30 бен 50-дің қосындысы

«Құлагер» тобы
1. 3 ондықты 2 есе арттыр
2. 93-тің алдында келетін сан
3. 1 сағатта неше минут бар?
4. 90 мен 40-тың қосындысы?
5. 7 ондықты 2 есе арттыр

7. «Абай ауылына» да келіп жеттік. Балалар,біз «Абай» шаңырағына енуіміз үшін төмендегі сұрақтарға жылдам жауап беруіміз керек. Қай топ тез жауап берсе, сол топ «Абай» шаңырағына бірінші енеді.
8. Логикалық тапсырмалар
1 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек?
2. Бір сағатта неше минут бар?
3.Бір аптада неше күн бар?
4.Бір жылда неше ай бар?
5.Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг?
V. Үйге тапсырма : 175 бет, 7-есеп
VІ. Сабақ қорытындысы:
- Сабақ ұнады ма? (Смайлик белгішесімен көрсету).
- Бүгінгі матема тика сабағында нені үйрендік?
- Өткен тақырыптарды қайталадық.
- Ұлттық ойындар ойнау арқылы тапсырмалар орындадық.
- Есептер шығардық.
- Тақтамен жұмыс жасадық, лездік сұрақтарға жауап бердік.
- Отан, туған ел туралы өлеңдер оқыдық.
- Абай атамыздың өлеңдерін еске түсірдік.
- Жылқы малы туралы мақалдар айттық.
VІІ. Білімді бағалау.
Екі топ оқушылары жұлдызша, шаршы, үшбұрыш белгілермен бағаланып отырды.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Ашық сабақтар жинағы | | 38 941
Рейтинг:
(голосов: 33)

KZ портал » Қазақша Ашық сабақтар жинағы, көбейту және бөлу 3 сынып, көбейту және бөлу 3 сынып ашық сабақтар қазақша, көбейту және бөлу 3 сынып ашық сабақтар қазақша бастауыш сынып, бастауыш сынып математика 3 сынып, бастауыш сынып математикадан 3 сынып ашық сабақтар, көбейту және бөлу 3 сынып, көбейту және бөлу 3 сынып ашық сабақтар қазақша, көбейту және бөлу 3 сынып ашық сабақтар қазақша бастауыш сынып, бастауыш сынып математика 3 сынып, бастауыш сынып математикадан 3 сынып ашық сабақтар, Қазақша Ашық сабақ: Бастауыш сынып | Көбейту және бөлуді пысықтау (3 сынып) сабақ жоспары сабак жоспары ашық сабақтар сайты тарих информатика бастауыш сынып биология математика открытые уроки на казахском языке ашык сабак балабакша ашық сабақтар сайты сабақ жоспары сабак жоспары сынып сағат сынып сағаттары тіл туралы сынып сагат такырыптары сабақ жоспары сабак жоспары тарбие сагаты такырыптары тәрбие жұмысының жоспары бастауыш сынып воспитательные часы на казахском тәрбие сағат

.

. .