Қазақша ашық сабақ: Бастауыш | Жүздіктермен, ондықтармен, бірліктермен санау (2 сынып)

Қазақша ашық сабақ: Бастауыш | Жүздіктермен, ондықтармен, бірліктермен санау (2 сынып) казакша Қазақша ашық сабақ: Бастауыш | Жүздіктермен, ондықтармен, бірліктермен санау (2 сынып) на казахском языке

Пәні: Математика, Бастауыш - 2 сынып
Тақырыбы: Жүздіктермен, ондықтармен, бірліктермен санау
Мақсаты:
1. Өткен сабақтағы білімдерін жетілдіру, әрі қарай дамыту.
2. Ертегі арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру, зейінін, логикалық ойын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Таза жазуға, жылдам ауызша есептеуге, жолдастыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойландыру, салыстыру, ойын
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Түрі: Қайталау сабағы
Өту барысы:
Кезеңдері Сабақтың мазмұны
Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу. Оқушыларды сабаққа дайындау. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Көңіл - күйлерің қандай?
Үй тапсырмасын тексеру Үй тапсырмасын тақтада тексереміз.
27 + 46 = 71 --------- 51 - 16 =35
61 – 24 = 37 --------- 100 - 38 =62
43 + 38 = 71 --------- 29 + 71 =100
82 - 64 = 18 ---------- 65 – 27 = 38
Жүздіктермен, ондықтармен, бірліктермен санау тақырыбындағы білімімізді жетілдіреміз.
- Енді балалар алдымызда қандай мейрам келе жатыр?
- Наурыз мейрамы қай күні болады?
- 22
- 22 саны неше таңбалы сан?
- Дұрыс айтасыңдар, екі таңбалы сан екен.
- Бізге бүгін Наурыз мейрамына қарсы Алдар Көсе қонаққа келіпті.
- Алдар Көсе қандай адам?
- Яғни біз Алдардың әкелген тапсырмаларын алданып қалмай, дұрыс есептеп, ойланып жауап беруіміз керек.
Сан жұмбақтар
Алдардың 1 тапсырмасы
Сендерді алдау үшін жұмбақ жасырғысы келеді, сондықтан мұқият болыңдар.
10 асықтың 3 – еуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (7)

Бір – бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді? (8)

Тез ойлан Жүздік Ондық Бірлік
Мына сандарды кестеге жазамыз. 9 жүздік, 5 ондық, 6 жүздік, 8 бірлік, 4 ондық.
Дәптермен жұмыс - Енді сендерді алдау үшін тағыда тапсырмасы бар.
«Адасқан жақшалар»
17 – (11 – 5) = 11
(75 + 4) – 30 = 49
80 – (13 – 5) = 72
(96 – 40 )– 6 = 50
(19 – 9 )+ 2 = 12
75 – (16 + 4) = 55

Оқулықпен жұмыс 188 беттегі 25 тапсырмаға назар аударамыз.
Бізге сөз есеп берілген.
Сергіту сәті
Деңгейлік тапсырма - Балалар Алдар Көсе деңгей бойынша да тапсырмалар дайындап алып келіпті. Алданып қалмай жауабын табайық.
І - деңгей
ІІ - деңгей Суретте барлығы неше үшбұрыш бар?
ІІІ – деңгей: Бос орынға тиісті амалды қой
( 13... 6 )... = 28

Бекіту
«Асық ойнау» ойыны Алдар Көсенің дорбасында асықтар және олардың тапсырмалары бар екен.
1. Ұзындығы 5 см, ал ені 4 см тік төртбұрыштың периметрін тап.
2. Шаршы дегеніміз не?
3. 50 – ге 4 және 2 сандарының қосындысын қос.
4. Бірліктерін қосқанда 16, ал ондықтарын қосқанда бір таңбалы сан шығатын екі таңбалы санның қосындысын тап.
5. Тал басында тізіліп,
50 алма тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Түсті алманың 20 - сы.
Ізінше оның тағы да
Түсті және 5 алма.
Айтыңдаршы, балалар,
Тұр әлі ілініп,
Алманың нешеуі?

Үй тапсырмасы 189 бет №7тапсырма
Бағалау Алдар Көсе сендердің қалай жауап бергендеріңді қарап отырып, өз бағасын қойып отырды.
Қорытынды - Жарайсыңдар балалар, Алдар Көсенің әртүрлі тапсырмаларына алданбай дұрыс жауап бердіңдер.
Рахмет сендерге, білімдеріңе



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?




KZ » Қазақша Ашық сабақтар жинағы, Жүздіктер туралы ашық сабақ, ондықтар туралы ашық сабақ, бірліктер туралы ашық сабақ, санау туралы ашық сабақ, математика 2 сынып бастауыш туралы ашық сабақ, математика пәнінен ашық сабақтар 2 сынып, бастауыш сыныптарда математика пәнінен ашық сабақтар, Жүздіктер туралы ашық сабақ, ондықтар туралы ашық сабақ, бірліктер туралы ашық сабақ, санау туралы ашық сабақ, математика 2 сынып бастауыш туралы ашық сабақ, математика пәнінен ашық сабақтар 2 сынып, бастауыш сыныптарда математика пәнінен ашық сабақтар, Қазақша ашық сабақ: Бастауыш | Жүздіктермен, ондықтармен, бірліктермен санау (2 сынып), Қазақша ашық сабақ: Бастауыш | Жүздіктермен, ондықтармен, бірліктермен санау (2 сынып) сабақ жоспары сабак жоспары ашық сабақтар сайты тарих информатика бастауыш сынып биология математика открытые уроки на казахском языке ашык сабак балабакша ашық сабақтар сайты сабақ жоспары сабак жоспары сынып сағат сынып сағаттары тіл туралы сынып сагат такырыптары сабақ жоспары сабак жоспары тарбие сагаты такырыптары тәрбие жұмысының жоспары бастауыш сынып воспитательные часы на казахском тәрбие сағат