Барақұлы Бөкей хан (шамамен 1737 — 1819)

 Барақұлы Бөкей хан (шамамен 1737 — 1819)

Барақұлы Бөкей хан (шамамен 1737 — 1819)Бөкей (шамамен 1737 — 1819) — сұлтан, хан. Тұрсын ханның немересі, Барақ ханның баласы, Ә. Бөкейхановтың 4-атасы. 1749 жылы Бөкей әкесінің тапсыруымен өзінің төлеңгіттерімен бірге Түркістан аймағынан Солтүстік-Шығыс Қазақстан өңіріне қоныс аударып, қаракесектің бигелді аталығына сұлтан болып сайланды. 18 ғ-дың 50-жылдарының басында Коряков бекінісі (қазіргі Павлодар қаласы) маңын қоныстанып, Орта жүз қазақтарының жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасына қатысты. Бөкей 18 ғ-дың 80 — 90-жылдарында Ресейден Орта Азияға бағытталған сауда керуендерінің қазақ даласы арқылы өтуіне, сауда жолы торабын Петропавлдан Ямышев бекінісіне ауыстыруға атсалысты. Осы мақсатта Бөкей 1785 жылы атақты би Сарыбағыш Атакебатыр басшылығымен Ресейде болған бірінші қырғыз елшілігіне белсенді түрде қолдау көрсетті. 1786 жылы 2 тамыз бен 1787 жылдың қаңтары аралығында Бөкейдің тапсыруымен құрамында баласы Батыр сұлтан, 2 старшын мен 2 төлеңгіті бар қазақ өкілдігі Санкт-Петербургте болып қайтты. 18 ғ-дың 90-жылдарының басында Ташкент билеушісі Жүніс қожамен тығыз қарым-қатынаста болып, одан 1740 — 50 жылы әкесі Барақ ханның иелігінде болған Иқан қонысын қайтарып алды. Ол жерде Түркістан өңірі Бұхар хандығының қол астына өткенге дейін Бөкейдің қысқы ордасы болды. Бөкей 1816 жылдың басынан Орта жүздегі қаракесек, төртуыл руларына Уәли ханмен бірге билік жүргізді. 1817 жылы маусымда Коряков бекінісінен 180 шақырым жердегі Жайылма өзені бойында хан болып жарияланды. Бөкейдің 5 әйелінен 11 баласы болған. Балаларының бірқатары Ресей императорларының арнайы жарлығымен 19 ғ-дың 20 — 30-жылдары Ресей империясының дворяндар сословиесіне кірді. Бөкей Түркістанда жерленген.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!