Қазақша реферат: Қазтуған жырау (XV) » ZHARAR © 2017 | қазтуған жырау туралы қазақша реферат, казтуган жырау туралы казакша реферат, казтуган жырау туралы казакша омирбаяны, қазтуған жырау туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке казтуган жырау




  • »

Қазақша реферат: Қазтуған жырау (XV)

Қазақша реферат: Қазтуған жырау (XV) казакша Қазақша реферат: Қазтуған жырау (XV) на казахском языке

Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың Xvғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған. Еділдің Ақтұма, Бозан бойларында туып өскен. XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған.

Қазтуған жырау жорық жыршылары және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына қазақтардың әскери рухына, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзия жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын жыраулардың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі қазақтардың поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан айқын суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой арманы мен көркемдік тіркестерге бай. Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі мен әдеби үлгі ретінде санамыздан орын алды. Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры», «Туған жермен қоштасу» сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жырлары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И. Березиннің «Түрік хрестоматиясы» (1862 ж), Ғабдолла Мүштақтың 1910 жылы шыққан «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында, М. Мағауиннің «Алдаспан» кітабында (1970 ж) жарияланды.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 222
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .