Құқық | Неке тұрудың шарттары мен тәртібі

Құқық | Неке тұрудың шарттары мен тәртібі

Неке дегеніміз ерлі- зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды тұғызатын отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ Ал отбасы деп некеден туыстықтан бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобын айтамыз
Неке азаматтық хал актілерін тіркеу АХАЖ органдарында ресімделгенде заңды деп танылады және белгілі бір құқықтық салдарлар туғыза алады Шіркеулерде, мешіттерде некені қиюға заң тиым салмайды, бірақ олардың құқықтық күші жоқ.
Некеге тұру үшін заң некеге тұрудың жағымды және жағымсыз жақтарын белгілейді. Неке тұрудың жағымды жақтарына: некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі жатады.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17желтоқсандағы №321- Заңының 10-бабына сәйкес неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.
Неке тұрудың жағымсыз жақтарына некеге тұруға жол бермейтін жәйеттер кіреді. Некеге тұруға  біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың  тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бәлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастардың)  асырап алушылар мен асырап алғандардың  біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілітсіз деп таныған адамдардың арасына жол берілмейді.
Некеге тұруға тілек білдіруші адамдарға медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультация беру мен тексеруді мамандандырылған денсаулық сақтау мекемелері және некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана жүргізеді. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медициналық құпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.
Некеге тқратын адамдардың тікелей қатынасуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Некені қию некеге тұруға тілек ділдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай өткенге дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін. Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.
Некені тоқтату. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің қатынас болуы немесе сот оны өлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жағдайда некені ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы қалпына келтіруі мүмкін. Егер жұбайлардың екіншісі жаңа некеге отырса, некені қалпына келтіруге болмайды.
Некені бұзу. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де өтініші бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін. Некені әйелдің жүктілігі кезенінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде әйелдің келісімінсіз бұзуға болмайды.
Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісуі жағдайында жүргізіледі. Ерлі-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер ерлі-зайыптылардың екіншісі сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса сот әрекетке қабілетсіз деп таныса қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталса, неке азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылады.
Некені сот тәртібімен бұзу осы Заңның бабының тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптыларда кәмелетке толмаған ортақ балалардың болуы  ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде  егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, некені бұзудан өз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы жалтарса  ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған жағдайда жүргізіледі.
Егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке сот тәртібімен бұзылады. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған жағдайда, сот ерлі-зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлі-зайыптыларға татуласу үшін үш ай көлемінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қаралуға құқықты. Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру жөніндегі шаралар нәтижесіз болып шықса және ерлі-зайыптылар (олардың біреуі) некені бұзуды талап етсе, неке бұзылады. Екі жақтың өзара некені тоқтату туралы ерікті келісімі болған жағдайда некені бұзу сот шешімімен кемінде бір ай өткен соң жүргізіледі.
Некені сот тәртібімен бұзу кезінде ерлі-зайыптылар соттың қарауында кәмелетке толмаған балалар өздерін қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын асырауға қаражат төлеу тертібі туралы, бұл қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы келісім ұсына алады.
Егер ерлі-зайыптылардың арасында осы баптың тармағында аталған мәселелер бойынша келісім болмаса, сондай-ақ ол келісім балалардың немесе ерлізайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталса , сот  неке бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-анасының қайсысымен тұратындығын айқындауға  балаларды асырауға алемент ата-аналардың қайсысынан және қандай мөлшерде өндіріліп алынатынын белгілеуге  ерлі-зайыптылардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуді жүргізуге  екінші жұбайдан асырауға қаражат алуға құқығы бар жұбайдың талап етуі бойынша осы асырау қаражатының мөлшерін айқындауға міндетті.
Егер мүлікті болу үшінші бір адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, сот мүлікті жеке іс жүргізіліп бөлу туралы талапты жеке істе қозғауға құқылы.
Азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылатын неке азаматтық хал актілерін жазу кітабында некенің бұзылғандығы мемлекеттік тіркелген күннен бастап, ал неке сотта бұзылған жағдайда  соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады. Сот некені бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың шешімінің көшірмесін шешім шығарылған жердегі, сондайақ неке қию мемлекеттік тіркелген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына жолдауға міндетті. Ерлізайыптылардың азаматтық хал актілерін жазу органында некенің бұзылғаны туралы куәлік алғанға дейін жаңадан некеге тұруға құқығы жоқ.
Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды. Ерлізайыптылардың тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Ерлізайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін , тұрғылықты жерді тандауда ерікті. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелерін мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлізайыптылар бірлесіп шешеді. Ерлізайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп жетілеуіне және олардың әлауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.
Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес жеке құқықтары. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін тандап алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейін тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады. Егер ерлі-зайыптылардың біреуінің некегетұрғанға деиінгі тегі қосарлас болса, тектерді қосуға жол берілмейді. Ерлі-зайыптылардың біреуінің тегінөзгертуі екінші жұбайдыңтегін өзгертуіне әкеп соқпайды. Неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге тұрғанға дейін тегін қалпына келтіруге құқылы.
Сонымен, ерлі-зайыптылардың мүліктік емес қатынастарына айналысатын ісін, кәсібін, мамандығын, тұратын жерін, аты-жөнін, тегін тандау еркі жатады. Аналық, әкелік, баланы тәрбиелеу, білім беру, отбасының тағы басқа мәселелерін ерлі-зайыптылар өзара ақылдасып, бірігіп шешеді.
Ерлі-зайыптылар отбасындағы өздерінің қатынастарында бір-бірін сыйлауға, өзара көмек көрсетуге, отбасының беріктігін нығайтуға, отбасы мүшелерінің, балалардың денсаулығын сақтауға, олардың өсуіне дұрыс жағдайлар туғызуға міндетті.
Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері.Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады.Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне) ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатады. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдығы үлестер және ерлі-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлік болып табылады.
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелдісебептермен жеке кірісіболмаған жұбайға да тиесілі.
Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі. Мыналар ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі болып табылады: 1) некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлік; 2) ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе өзге де мәміле жасау бойынша тегін алған мүлкі; 3) қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киім-кешек, аяқкиім және басқалар). Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін.
Егер некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі немесе басқа жұбайдың мүлкі не ерлі-зайыптылардың кез келгенінің еңбегі есебінен осы мүліктің құның едәуір арттыратын салыным жүргізілгені (күрделі жөндеу, қайта жанғырту, қайта жабдықтау және с.с.) анықталса, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының олардың бірлескен ортақ меншігі болып танылуы мүмкін.
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының үлесі тең деп танылады.
Нарықтық экономикалық отбасылық құқықтық қатынастарға енгізген жаналықтарының бірі некелесушілер, отбасын құрушы ерлі-зайыптылар некеге отыруымен қатар өзара неке шартын жасасуға құқықтары бар. Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім неке шарты деп танылады.
Неке шарты некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін де, неке кезеңіндегі кез келген уақытта да жасалуы мүмкін. Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшене енеді. Неке шарты жазбаша түрде жасалады және оны нотариат куәландыруға тиіс.
Неке шарты бойынша ерлі-зайыптылар неке шартымен заңда белгіленгін бірлескен ортақ меншік режимін өзгертуге, ерлі-зайыптылардың барлық мүлкіне, оның жекелеген түрлеріне немесе ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкіне бірлескен, үлестік немесе бөлектелген меншік режимін белгілеуге құқылы. Неке шарты ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де, болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалуы мүмкін.
Неке шартында ерлі-зайыптылар өзара күтіп-бағу жөніндегі өз құқықтары мен міндеттерін, бір-бірінің кірістеріне қатысу әдістерін, олардың әрқайсысының отбасылық шығындар жасау тәртібін айқындауға; неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылардың әрқайсысына берілетін мүлікті белгілеуге, сондай-ақ неке шартына ерлі-зайыптылардың мүліктілік қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелерді енгізуге құқылы.
Неке шартында көзделген құқықтар мен міндеттер белгілі бір мерзімдермен шектелуі не белгілі бір жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкін.
Неке шарты ерлі-зайыптылардың дың құқық қабілетін немесе әрекет қабілеттілігін, олардың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын шектей алмайды; ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды, ерлі-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін реттей алмайды; еңбекке қабілетсіз мұқжат жұбайдың асырау қаражатын алуға құқығын шектейтін жағдайды көздей алмайды; ерлі-зайыптылардың біреуін өте қолайсыз жағдайға қалдыратын немесе неке-отбасы заңдарының негізгі бастауларына қайшы келетін басқа да жағдайларды қамти алмайды.
Неке шарты ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келісім неке шартының өзі сияқты нысанда жасалады. Неке шартын орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.
Баланың құқықтары. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы. Он сегіз жасқа (кәмелетке! Толмаған адам бала деп танылады.Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата анасын білуге құқығы,олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда , олармен бірге тұруға құқығы бар.
Баланың өз ата-анасы тәрбилеуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп-жетілуіне, оның адамдық қадір- қасиеті-нің құрметтелуіне құқығы бар. Ата-анасы болмаған жағдайда, оларды ата-ана құқығынан айырған жағдайда және ата-ана қамқорлығынан айырылудың басқа да жағдайларында баланың отбасында тәрбиелену құқығын, белгіленген тәртіппен қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді.
Баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығы. Баланың ата-анасының екеуімен де, аталарымен, әжелерімен, аға-інілермен, апа-сіңілерімен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар . Ата-анасы некесінің бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-анасының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуге тиіс. Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата –анасы әр түрлі мемлекеттерде тұрған жағдайда да баланың өз ата анасымен қарым қатынас жасауға құқығы бар. Қысылтаяң жағдайға ұшыраған баланың заңда белгіленген тәртіппен өзінің ата анасымен және басқа да туыстарымен қарым қатынас жасауға құқығы бар.
Баланың өз пікірін білдіру құқығы. Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай –ақ кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында тындалуға құқылы. Он жасқа толған бала пікірі, егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса, ескерілуге міндетті. Мысалы, баланың аты мен тегін өзгерту, ата-ана құқықтарын қалпына келтіру, асырап алуға баланың келісімі, асырап алынған баланың аты, әкесінің аты және тегі, бала асырап алғандарды асырауға алынған баланың ата анасы ретінде жазу, бала асырап алудың күшін жоюды талап етуге құқығы бар адамдар, бала асырап алудың күшін жоюдың салдары, патронат белгіленген бала осындай жағдайлар барысында қорғаншы және қамқоршы органдар немесе от он жасқа толған баланың келісімімен ғана шешім қабылдай алады.
Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы. Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы бар. Балаға ат ата-анасының келісімі бойынша қойылады, ата жөні әкесінің аты бойынша не ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып беріледі.
Әкесі атын өзгеркен жағдайда оның кәмелетке толмаған балаларының әкесінің аты жөні өзгереді, ал кәмелетке толған балалардың әкесінің аты жөні бұл туралы өздері арыз берген жағдайда өзгертіледі. Баланың тегі ата-анасының тегімен айқындалады. Ата анасының тегі әр түрлі болған жағдайда балаға ата анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата анасының тілегі бойынша балалардың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, әкесінің немесе атасының атынан шығарылуы мүмкін. Баланың атына және тегіне қатысты ата ананың арасында туындаған келіспеушілік сот тәртібімен шешіледі.
Егер әкесі белгіленбесе, баланың аты анасының көрсетуі бойынша қойылады, әкесінің аты жөні баланың әкесі ретінде жазылған адамның аты бойынша, тегі анасының тегі бойынша беріледі. Егер ата анасының екеуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын аты жөнін қорғаншы және қамқоршы және қорғаншы орган қояды.
Баланың аты мен тегін өзгерту. Ата анасының екеуі де тегін өзгерткен жағдайда кәмелетке толмаған балалардың тегі өзгереді. Бала он алты жасқа толғанға дейін ата анасының бірлескен өтінші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы баланың мүдделерін негізгі ала отырып, баланың атын, сондай ақ оған берілген текті басқа ата ананың тегіне өзгертуге рұқсат беруге құқылы. Неке тоқтатылған немесе неке жарамсыз деп танылған жағдайда балалар өздеріне туған кезе берілген тектерін сақтап қалады.
Егер ата анасы бөлек тұрса және бала бірге тұратын ата анасының біреуі оған өзінің тегін бергісі келсе, азаматтық хал актілерін жазу органы бұл мәселені баланың мүдделеріне қарай және ата ананың екіншісінің пікірін ескере отырып шешеді. Ата ананың тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған, ол ата ана құқығынан айырылған, әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда, сондай ақ ата ана баланы асырап бағу мен тәрбиелеуден дәлелді себептерсіз жалтарған ретте оның ескеру міндетті емес.
Егер бала бір бірімен некеде тұрмайтын адамдардан туған болса және әкесі заңды тәртіппен белгіленбесе, азаматтық хал актілерін жазу органы , баланың мүдделерін негізге ала отырып , оның тегін анасының осындай өтінш жасаған кездегі соның тегіне өзгертуге рұқсат етуге құқылы. Он жасқа толған баланың атын және тегін оның келісімімен ғана өзгертуге болады.
Баланың ұлты. Баланың ұлты оның ата анасының ұлтымен айқындалады. Егер ата анасының ұлты әр түрлі болса, ол баланың қалауы бойынша оған жеке басының куәлігі немесе паспорт берілген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен айқындалады. Одан әрі баланың ұлты оның өтініші бойынша басқа ата анасының ұлтына өзгертілуі мүмкін.
Баланың мүліктік құқықтары. Баланың Заңда белгіленген тәртіппен және мөлшерде өзінің ата анасынан және отбасының басқа да мүшелерінен асырау қаражатын алуға құқығы бар. Балаға алименттер, зейнетақылар, жәрдемақылар ретінде тиесілі сомалар ата анасының билік етуіне келіп түседі және оны олар баланы асырап бағуға, оған білім беруге және оны тәрбиелеуге жұмсайды.
Баланың өзі сыйға немесе мұрагерлік тәртәбімен алған кірістерді, мүлікті, сондай ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлікті меншіктенуге құқығы бар. Өз еңбегінен кіріс алған бала, егер ол ата анасымен бірге тұрса, отбасын асырау жөніндегі шығыстарға қатысуға құқылы.
Баланың өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікке билік ету құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22 және 23 баптарымен белгіленеді. Баланың ата ана мүлкіне меншік құқығы болмайды, ата ананың баланың мүлкіне меншік құқығы болмайды. Бірге тұратын балалар мен ата аналар бір бірінің мүлкін өзара келісім бойынша иеленіп, пайдалана алады. Ата аналар мен балалардың ортақ мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы азаматтық заңдарда белгіленеді.
Баланың қорғалу құқығы. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар. Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ата анасы ал осы заңда көзделген жағдайларда қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор және сот жүзеге асырады. Кәмелетке толғанға дейін заңға сәйкес әрекетке толық қабілетті деп таңылған кәмелетке толмаған адамның өз құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде қорғалу құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқығы бар.
Баланың ата анасының тарапынан жасалған қиянаттан қорғалуға құқығы бар. Баланың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде, оның ішінде ата анасының баланы асырап бағу, тәрбиелеу, оған білім беру жөніндегі міндеттерін орындамауы кезінде немесе тиісті дәрежеде орындамауы кезінде не ата ана құқығын теріс пайдалану кезінде бала қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа толғанда сотқа өзінің құқықтарын қорғау үшін өз бетінше өтініш жасауға құқылы.
Баланың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгендігі туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы белгілі болған ұйымдардың лауазым-ды адамдары мен өзге де азаматтар ол жөнінде баланың іс жүзінде тұратын жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті. Мұндай мәліметтерді алған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті.
Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері. Қазақстан Республикасының 1998 жылы 17желтоқсанда қабылданған №321-1 «Неке және отбасы туралы» Заңының 60-66 баптарында ата аналардың отбасындағы құқықтары мен міндеттері көрсетілген.
Ата аналардың өз балаларына қатысты құқықтары тең және міндеттері тең болады. Ата ана құқықтары балалары он сегіз жасқа толғанда, сондай ақ кәмелетке толмаған балалар некеге тұрған кезде тоқтатылады. Кәмелетке толмаған ата аналардың баласымен бірге тұруға және оны тәрбиелеуге қатысуға құқығы бар.
Неке тұрмаған, кәмелетке толмаған ата аналар олар бала туған жағдайда және олардың ана және әке болуы анықталған жағдайда өздері он алты жасқа толғанда ата ана құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке толмаған ата аналар ол алты жасқа толғанға дейін қорғаншы және қамқоршы орган балаға қорғаншы тағайындайды, ол баланың кәмелетке толмаған ата аналарымен бірге оны тәрбиелеуді жүзеге асырады. Баланың қорғаншысы мен кәмелетке толмаған ата ананың арасында туындаған келіспеушілікті қорғаншы және қамқоршы орган шешеді.
Кәмелетке толмаған ата аналардың жалпы негіздерде өздерінің әке және ана болуын мойындауға және оған дау айтуға құқығы бар, сондай ақ олардың он төрт жасқа толғаннан кейін сот тәртібімен өз балаларында қатысты әке болуын анықтауды талап етуге құқығы бар.
Ата-аналар өз балалырының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті. Ата аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. Ата аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеугу басым құқығы бар. Бала тәрбиелеуші ата аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады.
Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Ата аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата аналар шешеді. Ата аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Ата аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата аналар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын анықтаса, ата аналардың өз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата аналар мен балалардың арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті.
Ата ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата аналары қамқорлығының негізгі мәні болуға тиіс. Ата ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамның қадір қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс. Ата ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.
Баласынан бөлек тұратын ата ананың баласымен қарым қатынас жасауға, оны тәрбиелеуге және баланың білім алуы мәселелерін шешуге қатысуға құқығы бар. Бала бірге тұратын ата ана, егер мұндай қарым қатынас жасау баланың дене және психикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына зиян келтірмесе, баланың екінші ата анасымен қарым қатынас жасауына кедергі болмауға тиіс. Ата аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын жері ата аналарының келісімімен белгіленеді.
Келісім болмаған жағдайда ата аналардың арасындағы дауды балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып сот шешеді. Бұл орайда сот баланың ата аналардың әрқайсысына, аға інілері мен апа сіңлілерінде үйірлігін, баланың жасын, ата аналардың адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, ата аналардың әрқайсысы мен балалның арасында орын алған қатынастарды, олардың дамыту және тәрбиелеу үшін жағдай жасау мүмкіндігін ескереді.
Ата аналар баладан бөлек тұратын ата ананың ата ана құқығые жүзеге асыру тәртібі туралы жазбаша түрде келісім жасасуға құқылы. Егер ата аналар келісімге келе алмаса, ата аналардың талап етуі бойынша дауды қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен сот шешеді. Соттың шешімі орындалмаған жағдайда кінәлі ата анаға заңдарда көзделген шаралар қолданылады. Сот шешімі қасақана орындалмаған жағдайда баладан бөлек тұратын ата ананың талап етуі бойынша сот баланың мүдделерін негізге алып және баланың пікірін ескере отырып, соған беру туралы шешім шығара алады.
Баласынан бөлек тұратын ата ананың өз баоасы туралы тәрбие, емдеу мекемелері мен басқа да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар. Ақпарат беруден ата ана тарапынан баоаның өмірі мен денсаулығына қатер болған жағдайларда ғана бас тартылуы мүмкін. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?