Экономика | Нарық жағдайында фирма стратегиясын жасау

Экономика | Нарық жағдайында фирма стратегиясын жасау

Фирма стратегиясын жасауына көптеген иялық жұмыстар арналған. Онда фирма стратегиясын жасауының әлемдік тәжірибесі, сонымен бірге бәсекелестік механизімінің арқасында олардың кейбіреулерінің ірі бизнеске айналуы, бүгіегі нарықтық экономикакаға дейінгі мәселелер қарастырылған. Нарықты экономикасы дамыған елдерде шағын кәсіпорындар бірнеше жүз жылдарда табиғи дамыған, ал Қазакстанда мүлде басқа жағдай.
Нарықтық экономикаға өткенге дейін бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы мемлекеттерде ірі өнеркәсіп кәсіпорындары болды да, олардың артықшылықтары абсолютті деп саналып шағын кәсіпорындар мәселесі жоспарға кірмеген болатын. Бұл ойдың қателігі командалық орталықтанған жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге өту кезінде, шағын кәсіпорындар мемлекеттің стратегиялық бағыттың негізгі құралына айналғанда мойындалды.
Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті осы жолдағы жолдауында Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес, олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайызын құрағандығын және көптеген дамыған елдерде олар жалпы өнімінің 50 пайыздан астамын беретіндігін айта келіп, біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен идеологиясын бүзу қажеттігін баса айтты. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек.
1990 жылдардың басында жаңа экономикалық жүйеге өтуге байланысты кәсіпкерліктің жаңа түрлеріне жол беріліп, шағын кәсіпорындарға ерекше ынта қойылып оларды ұйымдастырудың құқықтық нысанына, критерилеріне, есеп және есеп беру жүйесінің нормативтік заңдық базасы қамтылды.
НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ФИРМА СТРАТЕГИЯСЫН ЖАСАУ
1.1. Шағын кәсіпкерліктің құрылуы және дамуының ғылыми негізделуі.
Бүгінгі күні экономикалық өсудегі негізгі бағыт шағын кәсіпкерліктің ынталандырып, оны ұлттық экономикадағы рөлін өсіру. Шағын кәсіпкерлік шаруашылық іс-әрекеттің негізгі әдісі ретінде шаруашылық нысандардың көптеген түрлерін ынталандыруға, халықтың жұмысбастылығын өсіруге және Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіндегі салыстырмалы артықшылықтарын көрсететін болады.
Шағын кәсіпкерлік ескі мәдениеттің барлық кезеңінде болған. Соның арқасында өркениет сол кездегі елдің барлығына таралған. Ірі бизнестің пайда болуына дейін шағын кәсіпкерлікке қойылатын мәселе болмаған. Классикалық экономика өкілдерінің барлығының зерттеуі бүгінгі шағын кәсіпкерліктің сол кездегі жағдайы болған. Мұның барлығы бізге микроэкономика мен экономикалық ілімдер тарихынан белгілі.
Шағын кәсіпкерліктің қиыншылықтары ХХ-ғасырдың бастапқы жылдары Гильфердинг, И. Шумпетер жазды.
Шағын кәсіпорынның анықтамасы оған қойылатын критерилерімен анықталады. Оған қойылатын критерилер туралы сұраққа шетелдік және отандық әдебиеттерде үлкен бөлінеді, біракқ ғалымдар ортақ бір ойға келген жоқ. Шағын кәсіпорын әр елдің заңындағы қойылған критерилермен анықталуда. Критерилерге келместен бұрын шағын кәсіпорын секторын бүлдіретін терминнің мағынасын анықтап алайық. Ағылшын тілді әдебиеттерінде small business бізде шағын кәсіпорын деп аударылады әр елде өздеріне ыңғайлап аударғанмен көптеген батыс-еуропалық әдебиеттерінде осы термин тікелей қолданылады. Әр елдің өз экономикасындағы ерекшеліктерге сай «бизнес» терминінің орнына бізде кәсіпкерлік ұғымы қолданылуда.
Жоғарыдағы айтқандарды қорытындылай келе мыналарды айта кету керек:
- шағын кәсіпорындарды анықтау әртүрлі елдерде ғана ерекшеленіп қоймай, елдің ішінде де салалар мен таймақтарда ерекшеленеді;
- анықтамалар тәжірибедегі мұқтаждықтарға байланысты анықталады және белгілі бір мақсаттарға қызмет етеді;
- анықтамалардың көп болып бөлінуі сол кездегі нақты жағдайды көрсетеді;
Шағын кәсіпкерлікке қойылатын екі критерийді бөліп қарастыруға болады сандық және сапалық. Сандық көрсеткіштерге кәсіпорындағы жүмысшылардың орта саны, капиталдың айналым мөлшері, активтердің мөлшері, табыс көлемі және тағы басқа көрсеткіштер жатады. Бірақ ресми шетелдік статистика шағын кәсіпорындарға тек жүмыспен қамтылғандардың санын көрсетеді. Дәл осы көрсеткіш барлық елдердің мүдцелеріне сай келеді. Қалған көрсеткіштер тек ғылыми әдебиеттерден іскерлік баспалардан, банктер мен салық органдары жүргізген анкеталардан және шағын кәсіпорындардың инфрақүрлымын қамтамасыз ететін мамандандырылған үйымдардан көруге болады.
Сапалық көрсеткіштеріне кәсіпорын иесінің меншік қүқығы мен кәсіпорынды басқаруға және жүмысшылармен байланысының деңгейінен көруге болады. Келесі мәселе кәсіпорынның нәтижесіне оның жетекшісі тікелей міндетті, жанүялық іс жүргізу, қаржыландырудағы сипат. Маңызды критерилер болып құқықтық тәуелсіздік жатады. Сонымен бірге сапалық көрсеткіштерге мыналарды да өткізетін товар мен нарығының кішкене болуын қосуға болады. Осы критерилердің барлығының жиынтығы шағын кәсіпорындарға экономикалық категорйя ретінде шегін анықтауға көмектеседі.
Шағын кәсіпкерліктің шегін анықтау мәселесі бүдан ертеректе де көтерілген. Шағын кәсіпкерлікке ортақ жалпы сапалық көрсеткіштерді табуға Ю. Кочеврин де тырысқан. Оның ойынша ондай ортақ критери ретінде түрақсыздықты қарастырған. Ол ойын 1950 - 60 жылдардағы Американың статистикасының мәліметтерінен дәлелдегісі келді. Ол мәліметтер бойынша жылына барлық кәсіпорындардың 8-9 -і жоғалып қайта пайда болып отырады.
«Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» жөніндегі заң бойынша шағын кәсіпкероік деп қүрамында жүмыс істейтіндердің саны 50 адамнан меншігіндегі активтерінің саны 60000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпорындар жатады.
Келесі маңызды котегория- шағын кәсіпорындардыңсыртқы ортасы. Бұл шағын кәсіпорындардың қүрылуы мен жүмыс істеуіне әсер ететін элементтердің жиынтығы. Мүндай элементтер 5 топқа бөлінеді. Біріншіден шағын кәсіпорындардың нарықтық жиынтығы: ресурстық және өткізу. Екіішісі шағын кәсіпорындарға қажетті нарықтық институттар мен агенттер. Үшіншіден қоғамдық қатынастардың кешенін кіргізеді; қүқықтық әлеуметтік- мәдени және саяси т.б. Төртінші топ басқа да әлеуметтік- экономикалық үрдістер мен қатынастарға қатысты шаруашылық қүрылымы және т.б. Ерекше топ ретінде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау элементін кіргізуге болады. Шағын кәсіпорындардың сыртқы ортасы анықсыздықпен ерекшеленеді.
1.2 Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің құрылуының ерекшеліктері.
Еліміздегі қалыптасқан жағдай тиімді жүмыс істейтін шағын кәсіпорынды ұйымдастыру және дамыту керектігін дәлелдеп отыр. Осы шағын кәсіпорындар көптенген мемлекеттердің экономикалық өркендеуіне, өндірістің алға жылжуына және халықтың белсенді бөлігінің көтерілуіне мүмкіндік берген. Шағын кәсіпорын мемлекеттер соңғы 30 жылда көптеген жетістіктерге жеткен.
Кәсіпкерлікке деген қоғамдық пікір де дүрыс болмады, оларды мемлекетті тонаушы немесе алыпсатарлар деп көрсетті. Оның үстіне заңның жетілмеуі жеке сектордың дамуына жол бермеді.
Бүкіл кеңестік кеңістікте соның ішінде Қазақстанда да «шоковая терапия» сияқты мүлде басқа экономикалық курс керек. Қазақстандық шағын кәсіпорын жаңа екінші этапты бастады.
1992 жылдың басындағы экономикалық реформа немесе шоковая терапия 80-ші жылдың ортасынан бері шағын кәсіпорын ең көп өскен және ондағы жүмыс істеушілердің өсуінен де көп болғанымен сипатталды. Бұл жоба реноменалды сипатта себебі бағдарламаның еркіндігі сондықтан прессипттік қаржылық базасына нүқсан келтірді. Бірақ шағын кәсіпорынның санының өсуі қаржылық базаға жағымды болды. Шағын кәсіпорын өзінің жағымды мүмкіндіктерін көрсетті.
90-шы жылдардың басында ҚР-да шағын кәсіпорын ресми анықтама болған жоқ, әртүрлі қүрылымдар әртүрлі анықтаманы қолданды. Кейбір үйымда шағын кәсіпорын қүрылымда 10 немесе соған дейін дүрыс істейтіндер кіргізсе, енді біреулері бұл жіктеуге құрамындағы жүмыстар саны көп және осыған дейінгілерді кіргізді. Оның анықтамасы және оған қойылатын критерилердің болмауы, статистикалық мәліметтердің әркелгілігі республиканың экономикалың дамуына қосқан үлесін бағалауға мүмкіндік бермеді.
Реструктуризация мен мемлекеттік ірі кәсіпорынды реформалау өндіріс көлемінің төмендеуіне және кейбір кәсіпорынның жойылуына әкелді. Бүл үрдіс жүмыспен қамтығандардың санын да қысқартты. 1992 және 1996 жылдары жүргізген кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағытындағы бағдарламалар еліміздігі шағын кәсіпорынның қүрылуы мен қалыптасуына негіз салды.
Бүл кездердегі шағын кәсіпорын маызды функцияның бірі әлеуметтік бөлу болды, яғни қиын кризис кезіндегі өзін жүмыспен қамту, өмір сүруге өзіне қосымша қаражатпен жабдықтау. Сыртқы сауданы еркіндікке жіберу және ел ішінде жеке саудадағы кедергіні жою, кез келген сауда ісіне жағдай жасады. Төлем қабілеттіліктің төмендеуіне қарамастан шағын кәсіпорындар халықтың сұранысы өте жоғары болған, қытайдың және түріктің тауарларымен қамтамасыз етті. Шағын капиталдың тез айналысы оларды орта капиталға айналдырды. Оның үстіне шағын сауда қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық дифференцияцияға тез икемделіп жаппай түтынушыларды да, сонымен бірге жоғарғы табыс деңгейіндегілерге де қызмет көрсетті.
Шағын кәсіпкер сауда делдалдық жаққа ығысуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатаң салық саясатына қарсы заңды әрекет. Бұрынғы Кеңес Үкіметінде нарық жағдайында жүмыс істейтін салық жүйесінің болуы мүмкін емес болатын. Сондықтан тәжірибелі шаруашылық өмірге енгізілген салық міндеттемесі бүған үйренбеген кәсіпкерлердің қарсылығын тудырды, оның үстіне шағын кәсіпкерліктің табыстың 70-90%-ын аламыз деген үкіметтің ашық экстремистік салық саясаты жүрді. Қатаң салық салу қиын жағдайдан жаңа сапалы деңгейге көтерілуге мүмкіндік бере қоймас, сондықтан салық төлеушілер салық органдарынан салық табыстарын жасырудың жолын іздеп таба бастады. Бірліктерді бақылау қиын болғандықтан сауда мен делдалдардың табысы көлеңке экономикаға кетуін тудырды.1992-1996 жылдарды алсақ барлық жұмыспен қамтылған халықтың ішінде шағын кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің саны республикада 1992- 6,1%, 1993- 4.1%, 1994-3,16%, 1995-3%, 1996-5,2%-і құраған.
Жұмыс істеуші шағын кәсіпорын субъектілерінің саны 1992 жылы-34506, 1993 жылы-35889, 1994жылы-32186, ал 1995 жылы-21265, 1996 жылы- 24033 бірлік болған. Шағын кәсіпорын санының қатты өсуі 1992-93 жылдары байқалған, ал одан кейін олар ақырын төмендей берген. Бұл кезеңдерде салық саясаты маңызды роль атқарды.1990 жылдардың басында өнім өндіруші шағын кәсіпорындарға салық салуда жеңілдіктер болған. Салық жеңілдіктерінің жоғала бастауы шағын кәсіпорындпрдың тарабынан заңды қүбылысты тудырып, олардың ісі мен санына әсер етті.
Шағын кәсіпорындармен өндірген ішкі жақты өнім 1995жылы 5181,4млн теңгені құрады. Егер бүл көрсеткішті 1994жылмен еалыстырсақ 89,5% -ке өскен, бірақ өнімнің табиғи көлемі 1995 жылдың 1994 жылға қатысы 96,1% яғни өндіріс көлемі төмендеген.Өндірістік құрылым көлеміндегі шағын кәсіпорынның жағдайы төмендегідей:
Өнеркәсіп және электроэнергия-0,7% , көмір-1,4% , қара және түсті металлургия-2,77% , химиялық және мұнай химиялық өнеркәсіп-14,79%, машина жасау және металл өңдеу-50,34%, басқалары-29 %.
Алынған мәліметтерді талдағаннан шыққан қортынды 1998 жылғы жүмыс істеген шағын кәсіпорынның 40%-і шағын кәсіпорынның айтарлықтай салықтық жеңілдіктермен несиелік мүмкіндіктері болған 1992-93 жылдарды қүраған. Шағын кәсіпкерләіктегі дағдарыс елдегі экономикалық жағдайының өзгеруімен байланысты. Кооперативтер мен шағын кәсіпкерлер ретінде құрылған алғашқы толқын мемлекеттің берген жеңілдіктерімен итермелеуінің нәтижесінде айтарлықтай жақсы нәтижеге жетті.
Көптеген шағын кәсіпорындар 38 1994-95 жылдары қүрылды. Бүл жағдайда инфляция төмендеп және шағын жекешелендірулер жүзеге асырылып, макроэкономикалық тұрақтылық тенденциясы байқала бастады. Оның үстіне республикадағы жүмыссыздық деңгейін төмендеткен халықты жүмыспен қамту мәселесі шешіле бастады.
1997-98 жылдардағы шағын кәсіпорынның кризестік үрдісі. Сол кездегі олардың санындағы және ондағы жүмыс істеушілердің шағын кәсіпорынның тиімсіз салалары мен аймақтық қүрлымдары, олардың қиыншылық топтарымен байланысы, жүмыстардың көп бөлігінің сауда мен қызмет көрсетуге бағытталуы, кәсіпкерлердің өндіріспен дамуы, экономикалық негізгі маңызды саласының жүйесіз, халықтық сипатта болғанын көрсетеді.
Бұл жерден шығар жол шағын кәсіпорындармен республиканың дид және өндірістік емес қажеттерін қанағаттандыруға бағыттау, олардың арасындағы бәсекелестікті күшейту.
Қазақстанда кәсіпкерлікті қорғау мәселесі бірінші реет 1992 жылы 4-ші шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау» туралы заңында көрсетілді. Бәрімізге белгілі Кеңес үкіметі ыдырағанда Қазақстандағы көптеген ірі кәсіпорындар да өз жүмыстарын тоқтата бастап , көптеген жүмысшылар босап қалған болатын. Бардың орнын толтыру үшін олардың орнын шағын кәсіпорынмен толтыру керек болатын. 1992 және 1996 жылдары кәсіпкерлікті қорғау және қолдау жүзеге асыру елдегі шағын кәсіпорынның қүрылуы мен қалыптасуына негіз салды. Атқарушы органмен заң шығарушы билік институтциялық қайта қүрылуға көңіл бөлді. Бұл Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, бірнеше заң актілерінен, экономикалық реформаларды тереңдетудегі бағдарламалық құжаттардан көрінеді. Осы кезеңде шағын кәсіпорын қаржы экономикалық және ақпараттық қолдау саласында позитивті өзгерістер болып, оның инфрақүрлымы құрылды.
Бұдан кейін шағын кәсіпкерлікті қолдау белсендірек жүрді. Үкіметтің мүндай қадамы 1997 жылғы 6-шы наурыздағы президенттің «Фирма стратегиясын жасауын мемлекеттік қолдау және белсенділету туралы шаралары туралы» бұйрық болды деп айтуға болады. Бұл республикадағы 1997 жылғы шағын кәсіпорынның дамуындағы бағдарламалық құжат болып табылды.
Шағын кәсіпорындар командалық істің келесі түрін жүзүге асырады;
- түрғын үй, өндірістік, әлеуметтік және табиғатты қорғауға негізделген объектілердің қүрлысын, әртүрлі жөндеу жүмыстарын жүргізді;
- өнімді өткізумен айналысады;
- әртүрлі қызметтер көрсетеді;
- 1997 жылы 17,5 мың шағын және - орта кәсіпкерлер , ал одан кейінгі жылы шағын және орта кәсіпкерліктің 41,7% -ке дейін 2001 жылы олардың саны 98,3 мың бірлікті қүрады немесе 5 есеге өсті
Кесте 1. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпорындардың саны, бірлік.
Салалар 1997 1998 1999 2001 2001/1997ж
1 .өнеркәсіп 2526 3668 5633 12474 4,97
2. құрылыс
2142 3007 4680 10165 4,75
3. сауда, авто
құралдарды жөндеу 7587 11959 17531 46690 6,15
4. мейманхана мен
мейрамханалар 227 490 789 1854 8,17
5. транспорт және
байланыс
670 1152 1952 5000 7,46
6. білім және
денсаулық сақтау 3130 2892 4549 2422 0,77
7. коммуналдық
қызмет
1257 1680 1961 2329 1,85
ҚР барлығы 17539 24848 37095 98300 5,61
Шағынкәсіпорындарэкономиканың көптеген салдаларында ұйымдастырылған, бірақ олардың көбі «Сауда, авто және қолданыстағы техника жөндеу»-47,5% өнаркәсіп-12% , ол ең аз мөлшері коммуналдық қызметкерге-2,4% келеді.Ондағы жұмыс істейтіндердің саны үнемі өсіп отыр. Егер 1997 жылғы бұл кәсіпорында 132,4 мың Адам немесе орташа бір кәсіпорынға 8 адамнан келген! Өнеркәсіптегі шағын кәсіпорындағы адам саны 2000 жылға дейін орташа 12 адамды құраса, құрлыста 11 адамды құраған.Экономика саласындағы еңбектің тиімділігін, пайдалы жақтарын ондағы өндірілген өнім көлемін 1 жұмысшыға есептеу арқылы көруге болады.
Қорытынды

Шағын кәсіпкерлік елдің экономикасының дамуына айтарлықтай әсер ететін экономика ортасының ажырамас бөлігі. Шағын кәсіпкерліктің негізгі ядросын шағын кәсіпорындар қүрайды. Шағын кәсіпорындар . көтеріліп келе жатқан экономиканың дамуын сақтауға және үдайы өндірісті маңызды механизмі. Өндірістің үйымдастырушылық- шаруашылық нысанын жаңартуда нарықтық нарықтық стратегияны қалыптастыру шағын кәсіпорындардың дамуынсыз болмайды. Экономикамыздың дамуын жалғастыруда ең алдымен өнеркәсіптегі шағын кәсіпорындардың үлесі мен олардың өнімінің сапасын көтеру арқылы жету керек.
Шағын кәсіпорындардың дамуының бүгінгі кезеңі өндірістік үрдіске жаңа технологияны, прогрессивті құрал- жабдықтарды, икемді өндірістік үрдісті, нарықтың талабына сәйкес келетін ерекше талап қояды.
Шағын кәсіпорындардың ісінде өндірістің мүмкіндігін білу маңызды: өнім шығарудфң қандай көлеміне беййімделуге, еңбек шығындарының қандай болатынына, нарықтың қандай коньюнктурасына сәйкестенуге болатынына, қандай табыс күтуге болатынын білу. Нарықтық жағдайда әрбір шағын кәсіпорындардың деңгейлері ментехника- экономикалық сипаттамасы әртүрлі.
Жүргізілген талдаудан кейін келесідей қорытынды шығаруға болады:
Шағын кәсіпорындардың тиімділігі олардың өздерінің тұрақты экономикалық өсуәіне және дамуына, өндіретін өнімінің бәсеке қабілеттілігіне байланысты.
Тауар өндірушілердщ негізгі мақсаты кәсіпорын жүмысшыларының жеке қызығушылығына негізделген әлемдік сапа деңгейіндегі бәсеке қабілетті өнім өндіретін жоғарырентабельді кәсіпорын қүру. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?