Экономика | Монополистік бәсеке түсінігінің шығуы

Экономика | Монополистік бәсеке түсінігінің шығуы

Нарықтық экономикалық қарым-қатынастар жүйесін орнықтыру – Қазақстан Республикасында, тағы да басқа бұрынғы социалистік елдерде атқарылатын реформаның түп қазығы іспеттес. Нарықтық экономиканың әміршілдік-жоспарлықтан басты айырмашылығы-өндірісті дамытудың негізгі қозғаушы күші және реттеушісі ретінде бәсекелестіктің пайда болуы.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бәсекелестік қарым-қатынастарды қорғау және өркендету, монополияға қарсы заң және соған негізделген мемлекеттік реттеу мемлекет белсенді түрде кірісетін негізгі аясының бірі болып табылады. Әміршілдік-жоспарлы жүйеде монополизм әлеуметтік бағдардың кепілі және негізгі сипаты да, ал монополияға қарсы саясат жоқтың қасы болболды, сондықтан да мемлекеттік монополияға қарсы саясатты жасақтау- мемлекеттің өтпелі кезеңдегі ең маңызды ұйымдық-басқарулық парызы болмақ..
Монополияға қарсы саясат мемлекеттік реттеу жүйесінің құрамдас және қажетті бөлігі болып табылады және оның басқа да әдістерімен, түрлерімен тығыз байланыста, сондай-ақ бұл өзара әрекет пен өзара кірігу жылдан-жылға күрделі де сан алуан боп барады. Мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру, баға мен сыртқы сауданы ырықтандыру, кәсіпкерлікті дамыту ең ақырында бәсекені дамытуға арналған. Бұл жерде монополияға қарсы саясат үйлестіруші буын боп шығады.
Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық-монополия, ал фирма-монополист деп аталады. Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.

1. Монополистік бәсеке түсінігінің шығуы

Монополистік бәсеке түсінігі және моделі 1933 жылы шыққан Э.Чемберлиннің аттас кітабына міндетті Бірақ Чемберлиннің монополистік бәсеке туралы көрінісінің өзгеруін ұмытпау керек, оның монополия және бәсеке күші монополистік бәсеке комбинациясын көрсетеді деген
сенімі ғана өзгермеді.
Чемберлин өзінің «Монополистік бәсеке теориясы» атты басты еңбегінде олигополияны және монополистік бәсекені нарық құрылымының екі түрлі моделі деп қарастырып, соңғысын ол өнім дифференциациясымен байланыстырды. Кейін, Чемберлин нарық құрылымының жетілген бәсеке және монополия арасында жатқан барлық типтері олигополияны қоса алғанда монополистік бәсеке нарығының кең класына қосылуы мүмкін деген шешімге келді.Ол 1957 жылы : «Таза бәсеке, монополистік бәсеке және таза монополия – маған табиғаттан толық болып көрінетін классификация» деген. Ол «Монополистік бәсеке олигополияны ескермейді емес, керісінше оны қамтиды» деген.
Мұндай шешім кеңінен таралады.Дәл осымен көптеген қазіргі кездегі шетелдік микроэкономика курстарында монополистік бәсекенің аралық немесе өрлеген дәрежесі «Нарық құрылымы» бөлігінің бөлек тарауында көрсетілмейді. Оның орнына монополистік бәсекенің дәстүрлі нарығы және олигополия моделі өндіріс ұйымдарын зерттеуге кіріспе ретінде қолданылады.



















1.1.Бәсеке – нарықтық механизмнің басты элементі.

Нарықтық қатынастардың мәп-мағынасын байқатып ұғымдардың бірі – бәсеке
болып табылады. Жалпы алып қарағанда бәсекені- өндірушілердің бір-бірімен нарықтағы тауар ұсынымы мен бағаны белгілеу жайлы өзара қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсеке. Ал, тұтынушылар арасындағы бәсекені – нарықтағы бағаны, сұраным көлемін қалыптастыру жайлы өзара қатынастар ретінде анықтаймыз. Нарық жағдайындағы бәсеке шаруашылық пропорциясының негізгі механизмі қалыптастыру ретінде белгілі.
Бәсеке нарық субъектісінің тепе-теңдік құқықтағы тауарды пайдалы өткізу үшін өзара экономикалық жарысын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы жұмысау. Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады. Сондықтан жеке кәсіпорын, банк, мемлекет өздерінің құқықтарын нарықта бәсеке мен манаполияға өктем жүргізеді.Нарық субъектілері көп болса, бәсеке тиімді жүреді. Себебі бәсеке мен монополия бір-біріне кері ұғымдар.Батыс сарапшыларының бағалауынша, бір тауар түрін сатушылар 4-5 тен аз болмаған жөн, ал 8-15-тен болса өте тиімді. Егер төрт фирма 80% сауда-саттықты бақыласа, онда нарық монополияланған болып табылады .
Бәсекенің классикалық түрін еркін, жетілген, бағалық деп атау баршаға белгілі нәрсе. Мұнда баға құрылымының еркін механизмі экономиканы жүргізудің өте тиімді тәсілі ретінде бағаланады. А.Смит бәсекенің еркін теориясының негізін қалаған.Бәсекенің классикалық түрі нарықтық экономикасы бар елде XVIII-ші ғасырда XIX-шы ғасырдың соңғы ширегінедейін байқалады. Демек, бәсеке өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында монополиялық бірлестіктердің (картель,синдикат, концерн) тууына дейін болған.
Классикалық (еркін) бәсекенің орнына еркінемес, жетілмеген бағалық емес монополиялық бәсеке келді. Бәсекелестік күрестің нақты өзгеруі монополиялық бәсеке теориясында айқын көрінеді. Оның негізін қалаушы американ экономисі Чемберлин Эдвард Гастингс (1899-1967жж) болды ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?