Хабарландыру

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ
Шымкент қалалық ксңесінің мәжіліс залында 26 наурызда 2000 жыл «Діннің жастар өміріне, тәрбиесіне катысы бар ма?» деген тақырыпта лекция өтеді.
Лектор психология ғылымының кандидаты, доцент А.С.Қарабаев.
Басталу уақыты: 18 сағат 30 минут.
- Тірек сөздер:
өтеді, хабарландыру, сағат, басталады, қатысады, шақыру, жарияланады, конкурс, қабылдайды, жылы, бос, үшін т.б.
Тірек сөз тіркестері:
жұмысқа шақыру, мәжіліс өтеді, конкурс бойынша, қызметкер қабылдайды, мәжіліс залында тәрбие секциясы, студенттер назарына т.б.


Қымбатты оңтүстік қазақстандықтар!
Баршаңызды Конститция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіздіктің туын Тігіп, кемел келешекке қарап көш түзеген Қазақстанды құқықты, зайырлы және демократиялы ел ретінде қалыптастырған Ата Заңымыздың қабылданғанына 12 жыл толды. Тарих үшін бұл мерзім қас-қағым сәт саналғанымен, буыны бекімеген жас мемлекетті нығайту жолында ғасырға бергісіз міндетті атқарғаны сөзсіз. Иә, жаңарып, жанданған Қазақстанның қарыштап дамуы үшін кейінгі жылдары Конституцияға азды-көпті өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады. Және мұндай маңызды шешім бір күннің емес, талай жылдардың талқысына түсіп, жан-жақты сарапталды. Нәтижесінде биыл қоғамдағы демократиялық құндылықтарды одан әрі дамытатын, ұлтаралық достықтың дәнекеріне айналған елімізді өркениетті мемлекеттердің қатарына қосатын Конституциялық реформа жасалғаны белгілі. Мұндай өзгеріс барша қазақстандықтардың тарапынан барынша қолдау тапты десек қателеспейтін шығармыз. Енді еліміздегі экономикалық және саяси өзгерістер сол реформада көрсетілген кезеңдер бойынша жүргізілетін болады.
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау — соның алғашқы жемісі. Сондай-ақ, Парламенттің құрамына Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан депутаттардың өтуі – түрлі ұлт өкілдерінің басқару жүйесіне кеңінен қатысуына, тұрақты дамудың кепілі – бейбітшілік пен ынтамақтың одан әрі нығаюына оң әсер ететіні даусыз.
Қадірлі жерлестер, әлеуеті зор Ата Заңның аясында қалыптасқан береке-байлығымыздың әрқашанда бағасын білейік. Отбасыларыңыз бен Отанымызда әрдайым татулық пен тұрақтылықтың салтанат құруына тілектеспін.


ХҚТУ Президенті Оразалы Сәбденнің оқу ордамыздың ханымдарына жолдаған құттықтауы.
Жүрегіңді баурап, өміріңе әр берер жас Ару, сырыңды бөлісіп, қиындықта демеп, ер мінезді құрбы қыз, жалпы ер азаматтың көз қуанышы саналар. Осы аяулы жандар болмаса, жер бетінде өмір сүру мұншама қызықты, осыншалықты тартымды болмас еді.
Қымбатты әріптестер апа – әпкелер, құрбы қарындастар және студенттер!
Баршаңызды сұлулық мерекесі 8 – Наурыз Әйелдер мейрамымен құттықтаймын! Сіздерге әлемнің жақсылығын, отбасы бақытын, деннің саулығын, ұл – қыздарыңыздың мәртебесі әрқашан биік болмақ.
Мерекелеріңізбен, аяулы жандар!
Хабарландыру

“Шымкентцемент” АО Бос орынға мамандар алатынын хабарлайды.
Өндірістің қауіпсіздігі бойынша бас жоспарлардың үйлестірушілері қойылатын талаптар:
 арнаулы білім;
 өндірістің қауіпсіздігі бойынша бас жоспарды енгізу жөніндегі жұмыс тәжірибесі;
 Италия тілін білу,
Телефон: 8 (7252) 57-14-08
E-mail: L. grigoreva @ Shymkent + cement.kz.

“Южполиметалл” ПК АҚ бос лауазым орнына Конкурс жариялайды.
Бірінші санат бойынша – аккумулятор зауытының бас директоры лауазымына – 1 орын.

Жалақысы – 200 000 теңге.
Біліктілік талаптары: жоғары техникалық немесе инженерлік – экономикалық білім.
Басқарушы лауазымында және тиісті кәсіпорын саласында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі, ағылшын және итальян тілдерін білу. СОӨЖ. Іскерлік лексикадағы сөздер орын тәртібі, есімшенің шақ түрлерінің айыру жолдары.
3. Иә, жоқ қатыстырып сұхбат құру,
Интонацияға көңіл аударыңыз.
4. Бос жұмыс орнына қызметке қабылдау жөнінде өтініш жазыңыз.

Мекен – жайы: Шымкент қаласы, Абай даңғылы, 2.
Телефон: (3252) 56-29-83,
Факс: (3252) 56-99-51.
Шымкент қаласындағы “ПетроҚазақстан Ойл Продактс” ЖШС еңбек ресурстары, әкімшілік және оқыту департаменті мына бос орынның бар екендігін хабарлайды.

Лауазым: аудармашы.
Үміткерлер төмендегі талаптарға сай болуы керек:
 Жоғары кәсіптік білімі;
 Аудармашы лауазымында кемінде 3 жылдық жұмыс өтілі;
 Ағылшын, орыс тілдерініғ грамматикасы мен стилистикасын білуі;
 Ағылшын және орыс тілдерінде қызметтік қатынас хаттар әдістемесі мен терминологиясын білуі;
 Менеджмент, экономика, мұнайөңдеу салаларының және әдеби мәтіндеу негіздерін білуі;
 Кәсіби деңгейде МS Word және MS Excel компьютерлік бағдарламаларды білуі;
 Текст материалдарын ағылшын тілдерінде жылдам тере білуі.

Түйіндемеңізді мына факске жіберуіңізді сұранамыз:
факс: 8 – (3252) – 940 372, тел: (3252) – 940 388. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі