Құқық | ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Құқық | ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Құқық шығармашылық процесінің сапасын жақсартуға екінші зор үлес қосатын еліміздегі сан алуан нормативтік актілерді топтастырып, жүйе-жүйеге, сала-салаға бөліп реттеп, отыру. Қоғамның диалектикалық даму барысында мемлекеттік органдардың құқықтық нормаларын жасақтау міндеті де күшейе түседі. Бұрын қабылданған кейбір заңдар күшін жояды немесе оларды жаңа жағдайға бейімдеп толықтыру талабы қойылады. Осыған байланысты мезгіл-мезгіл сол құқықтық нормаларды қайта қарау, реттеу, бір жүйеге келтіру кажет. Нормативтік актілерді реттеудің негізгі екі жолы бар. Олар – инкорпорация және кодификация деп атайды. Инкорпорация – қолданып келген құқықтық нормаларды мазмұны жағынан өзгертпей, сыртқы белгілері мен пиғыл, пікір бізде казір толығымен жойылды. Мемлекет және құқық халық үшін жұмыс атқарып, солардың мүдде-мақсаттарын іске асыратын болды. Бұл міндеттерін мемлекет пен құқық қалың бұқарасыз дұрыс уақытында орындай алмайды.
Сондықтан мемлекет нормативтік актілердің сапасын жақсартып, сол арқылы халықты, қоғамды басқаруға молырақ қатыстыруға тырысады. Халықты, қоғамды басқаруға қатыстыру түрлері:
- қоғамның барлық саласындағы қатынастарға қалың бұқара тікелей қатысады;
- мемлекеттің басқару органдарына халық депутаттар сайлайды, сол арқылы мемлекеттің жұмысымен танысып, оның жақсаруына ықпал жасап отырады;
- күрделі мәселелер бойынша заңның жобасын талқылауға радио, телеэкран, газет-журнал арқылы қатысып отырады;
- мемлекеттік референдумға халық қатысып, норма шығармашылық жұмыстарға қатысады;
- қоғамдық бірлестіктер, одақтар, ұйымдар кәсіпкерлер одағы, саяси партиялар арқылы қалың бұқара мемлекет пен құқықтың жұмыстарының дамуына, жақсаруына, нығаюына ықпал етіп отырады.

2. Нормативтік актілердің заңды күшінің уақыты, кеңістігі және адамдарды камтуы
Қоғамдағы сан қырлы қарым-қатынастарды реттеп, басқаратын нормативтік актілерді заң жүйесі деп атайды. Бұл ресми заң күші бар құқықтық нормалардың қызметін үш түрге бөледі: нормативтік актілердің уақыты, нормативтік актілердің кеңістігі, нормативтік актілердің адамдарды қамтуы. Әр нормативтік актінің мазмұнында осы үш қызметтің қайсысы бар екенін білуге болады. Яғни норманың қанша уақытқа заңды күші болатын, қандай өлкелерге қолдануға болады, қандай мамандағы адамдарды қамтиды? Міне осы сұрақтарға жауапты норманың өзі береді. Өйткені норманың өзінде іс-әрекеттің шеңбері, кеңістігі және қандай қызметтегі, мамандағы, жұмыстағы адамдарға тиісті шығарылды, толық көрсетіледі.
Нормативтік актілердің заңды күшінің басталуы мен аяқталуын, оның қоғамды толық қамти ма немесе бірнеше өкілдерге ғана қатысты ма және адамдардың қаншасын қамтуын халық жақсы білуі қажет. Оның маңызы өте зор. Сонымен осы үш мәселеге жеке-жеке тоқгалық:
Нормативтік актілердің заңды күшінің уақыты – бұл мәселені төрт топқа бөліп қарастырған жөн: 1) норманың заңды күшінің басталу уақыты; 2) аяқталу уақыты; 3) заңның кері күші; 4) жойылған норманың күші кейбір жағдайда сақталуы. Норманың заңды күшінің басталу уақыты: қабылдаған немесе ақпаратта басылған күннен, норманың өзінде көрсетілген күннен басталады. Кейбір нормаларда басталу уақыты бірнеше түрге бөлінеді: заңның әр бөлімі немесе әр бабы әр уақытта басталуы мүмкін, бұл заңның өзінде көрсетілуі тиіс. Кейбір нормада заңды күшінің басталуы бір уақиғамен байланысты болады, ол да көрсетіледі. Норманың заңды күшінің аяқталуы: уақыты бітсе, жаңа заң кабылданса, заңды күші жойылса, заңды өмірге әкелген оқиға-себептер жойылса. Заңның кері күші – өмірде болған бір оқиғадан кейін қабылданып, күшіне енген заңның сол іске қолданылуы. Әлемдегі мемлекеттердің тәжірибесі бойынша, заңның кері күші болмайды. Заңның кері күші болады, егер сол жаңа заңның өзінде анық көрсетілсе. Қылмыстық құқықта, қылмыстық жауапкершілікті жеңілдету немесе оны анықтау үшін заңның кері күші қолданылады. Жойылған норманың заңды күшінің сақталуы – жаңа нормаға сәйкес қатынасты реттеп бір жолға қойғанша біраз уақыт болады. Осы кезде ескі заң жойылса да өмірде қолданылып жатады. Жаңа заң жергілікті басқару органдарға жетпесе ескі заңға сәйкес мәселе қарала береді – тек жауапкершілік жеңілдейтін болса.
Нормативтік актілердің заңды күшінің кеңістігі – мемлекеттің жоғарғы басқару органдарының заңдары, нормлары қоғамның барлық территориясына заңды күші болады, оны орындау барлық жеке және заңды тұлғаларға міндетті. Кейбір заңдар бір өлкеге немесе бірнеше өлкеге сәйкес қабылданады. Мұндай заңның күші сол өлкелерде ғана болады. Облыстық, аудандық, қалалық басқару органдарының қабылданған нормаларының заңды күші өз әкімшілік-территориясында ғана болады. Экстерриториялық мәселесі халыкаралық құқық арқылы қаралады.
Нормативтік актілердің заңды күшінің адамдарды қамтуы. Мемлекеттің құқықтық нормалары толық өз елінің азаматтарын, осы елде тұратын шет елдердің азаматтарын қамтиды. Бәрі өздері тұрған мемлекеттің заңдарын, тәртібін орындауға міндетті. Егерде заңдылықты, заңды бұзса жауапкершілікке тартылады. Мемлекеттің кейбір заңдары барлық азаматтарды қамтымауы мүмкін (зейнеткерлер, студенттер, дәрігерлер, шахтерлер т.б.). Министрліктердің, ведомствалардың нормативтік актілері тек өз жүйесіндегі азаматтарды қамтиды.
Адамдарды қамту нормативтік актілердің өзінде көрсетілуге тиіс: норма кімдерді, қандай территорияны, өлкені, облысты қамтиды, қандай мамандарға қолданады. Басқа елдердің азаматтары да өзіміздің азаматтармен тең құқықты. Тек олар сайлауға қатыса және сайлана алмайды, әскер қатарына шақырылмайды. Елшілік органдарында қызмет атқаратын азаматтар халықаралық құқық арқылы жауап береді.

3. Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық қызметі
Қазақстан Республикасының Конституциясында заң және заңға тәуелді актілерді шығарудың, қабылдаудың, бекітудің толық әдістемесі көрсетілген. Заң шығаруда ұсыныс құқығы – Парламент депутаттарында және Үкіметтің құзырында.
Қазақстан Республикасының заң шығару процесінің ерекшеліктері бар. Бұл процесс, әдетте, заң шығару қызметінің сатылары және олардың бірізділігі арқылы дамып отырады.
Бірінші. Заң шығару бастамасынан басталады. Заң шығару ба-стамашылығы құқығы субъектінің Парламент қарауға міндетті. Заң жобасын және Парламенттің өзге актісінің жобасын ресми енгізуі заң шығару бастамашылығы болып табылады. Бұл құқық Парламенттің депутаттарына және Үкіметке Конституция бойынша берілген (61 бап.)
Екінші. Мәжілістің комитеттері заң жобасын қабылдап қарайды, олар алдын ала заң жобасын әзірлейді. Бұдан кейін заң жобасын Мәжіліс бюросының қарауына тапсырады. Бюро заң жобасы жұмысының қорытындысын тұрақты комитетте қарап, оны Мәжілістің пленарлық отырысының қарауына беру туралы шешім қабылдайды.
Үшінші. Заң жобасы Мәжілістің пленарлық отырысының қарауына беріледі. Мұнда заң жобасы бір рет, әдетте, екі рет, кейде одан да көп пысықталады (заңның бірінші, екінші, үшінші оқуы). Одан кейін Мәжіліс депутаттары қараған және жалпы санының көпшілік дауысымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа беріледі, ол онда әрі кеткенде 60 күннің ішінде қаралуға тиісті. Сенатта алдымен комитеттерінде, кейін бюро, пленарлық отырысында заң жобасы қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданған жоба заңға айналады және ол он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Президент заң жобасын Конституциялық Кеңеске Конституцияға сәйкестігін тексеруге бере алады. Президент заңға қол қойғаннан кейін заң жарияланады.
ҚР Нормативтік актілердің түрлері, оларды жүйеге келтірудің әдістері.
Парламенттің актілері. Нормативтік актілердің жүйелерінде заң ерекше орын алады, оның жоғары күші бар. Заңның жоғары күші келесі жағдайлардан тұрады: занды тек парламент күрделі Конституцияда айтылған әдістермен алады, заңды тек парламент қабылдайды, жояды немесе өзгертеді. Басқа нормативтік актілер заңға сәйкес болуға тиісті. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді, күрделі мәселелерді шешеді және заңдар шығаруға хақылы. Оның құзырындағы:
- жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілеріне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері мен жауапкершілігіне;
- меншік режиміне және өзге де мүлік құқығына;
- мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдардың ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;
- салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;
- республикалық бюджетке;
- сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;
- білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;
- кәсіпорындар мен олардың мүлік жекешелендіруге;
- айналадағы ортаны қорғауға;
- республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына;
- мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға хақылы.
Парламент Конституцияны, Заңдарды қабылдайды. Сенат пен Мәжіліс өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды. Олар Конституцияға және заңдарға қайшы келмеуі тиіс.
Президентгің актілері. ҚР Президенті бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. Президенттің Жарлықтары Конституция мен Республика заңдарының негізінде және оларды орындау үшін шығарылады. Республика Президентінің Жарлығымен:
Республика Президентінің актісін шығаруда талап ететін Президенттің Конституциялық өклеттігі жүзеге асырылады;
Конституцияда және өкімет органдарының Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілік заңдарында белгіленген мемлекеттік биліктің барлық тармағының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері шешіледі;
Парламенттің заңды міндетіне кірмейтін, сондай-ақ Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың заңда көрсетілген міңдеттеріне жатпайтын мәселелерді құқықтық жүйелендіру жүзеге асырылады;
Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси-әлеуметтік дамуы стратегиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылданады.
Президент Конституция бойынша заң қабылдайды (53 бап 4 тармағы, 61 бап 2 тармағы).
Республика Президентінің өкімдері Конституцияның, заңдардың және Президент жарлықтарының негізінде және соларды орындау үшін шығарылады. Оның өкімдерімен әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу жүзеге асырылады. Республика Президентінің құзыретіне сәйкес констиуциялық мәртебесі жоқ лауазымды тұлғалар қызметке тағайындалады және босатылады.
Үкімет актілері. Нормативтік жүйеде бұл актілер үшінші орында тұрады, олар заңдардың және Республика Президенті актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылатын Үкіметтің нормативтік актілері және қаулылары.
Үкімет актілері алқалық түрде оның отырыстарында дауыс беру арқылы қабылданады, оған Премьер-Министр қол қояды.
Премьер-Министр шығарған нормативтік актілер жеке өкімдерге жатады. Үкімет норма шығару саласында құқығын жүзеге асырады.
Министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер бұйрық және инструкцияларды шығарады. Олар мемлекеттік комитеттерінің басшылығын жүзеге асырады, тиісті министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің басқару салаларындағы істің жайы үшін жауап береді.
Конституциялық Кеңестің актілері шешім түрінде қабылданады. Конституциялық Кеңестің отырысында қабылданатын барлық шешімдері Конституциялық өкілеттіктермен жүзеге асырылатын қорытынды шешімдерге бөлінеді. Конституциялық шешімдер, қаулылар, соның ішінде ҚР қолданылатын құқықтардың құрамдас бөлігі болып саналатын нормативтік қаулылар қорытындылар мен жолдаулар нысанда болады. Конституциялық Кеңестің актілері, оның мүшелерінің көпшілік дауысымен алқалы түрде қабылданады және оларға Төраға қол қойғанға дейін Конституциялық Кеңестің мәжіліске қатысқан мүшелерінің қолымен бекітіледі. Конституциялық Кеңестің қаулысы оны қабылдаған күннен күшіне енеді және Республиканың бүкіл аумағында міндетті болып саналады әрі түпкілікті және шағымдануға жатпайды.
Жоғарғы Соттың актілері – ҚР сот билігінің Жоғарғы органның заңды нысанда еркін білдіруі. Бұл Жоғарғы соттың қаулылары мен өзге де актілері. КР Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы», конституциялық заң күші бар, жарлығының 31 бабының 1 тармағына сәйкес, сот практикасының мәселелері бойынша соттарға түсінік беретін нормативтік қаулыларды ҚР Жоғарғы Сот Пленумының қабылдауға хақысы бар.
Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал әкімдер тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер кабылдайды. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!