Құқық | Құқықтық реттеудің тетіктері

Құқық | Құқықтық реттеудің тетіктері

Құқықтық реттеудің тетіктері

Құқықтық реттеудің тетіктері негізінде құқықтық норма, құқықтық қатынастар және құқық қолдану кесімдерінен қалыптасады.
1. Құқықтық норма туралы өткен тарауларда толыққанды дәрежеде мәліметтер берілді. Қосымша мағанада айтатын болсақ құқықтық норма субъектілердің өмірде, қоғамдық қатынастарда болашақта болатын, жасалатын іс-әрекеттерінің, мінез-құлықтарының мемлекет бекіткен, формалды-айқын үлгісі. Құқықтық қатынасқа түскен субъект өзінің қимыл-әрекеттерімен құқық нормаларында бекітілген диспозицияға сай мінез-құлық танытуы тиіс. Мысалы, неке бұзылса, әкесі балаларына 18 жасқа толғанша алимент төлеуге міндетті. Ажырасу өте көп, бірақ құқықтық норма солардың бәрін сипаттамайды, тек үлгісін ғана бекітеді.
Құқықтық норма құқықтық реттеу тетіктерінің алғашқы клеткасы. Сондықтан жалпы құқықтық реттеудің тиімділігі құқық нормалардың тиімділігіне, ғылыми негізде көрегенділікпен қисындап мазмұндалуына тікелей байланысты. Қисынсыз, мәтіні түсініксіз, мазмұны өмір тәжірибесінен алшақ абстракциялық, каучук тәріздес илеуге илана беретін құқық нор¬малары құқықтық реттеуге орасан зор нұқсан келтіреді, заңсыздық пен бассыздыққа тікелей жол ашады. Сондықтан құқық жасайтын мемлекеттік органдар нормативтік-құқықтық кесімдерді қабылдағанда оның нормаларын қалыптастырып, мәтінін жазғанда мың ойланып, мың толғанып, ірі заңгер мамандардың сараптамаларынан өткізу қажет. Құқықтық реттеудегі тиімсіздік мемлекетке орны толмас материалдық нұқсан келтірумен қатар, адам факторына да өлшеусіз, орны толмас моральдық және материалдық зиянды зардаптар тудырады.
2. Құқықтық реттеудің маңызды тетіктерінің бірі құқықтық қатынастар. Өткен тақырыпта баяндалғандай құқықтық қаты¬настар құқық нормаларын іс жүзіне асырудың, пайдаланудың, қолданудың ең негізгі тетіктерінің бірі. Құқықтық қатынастар субъектілердің құқықтары мен міндеттерін қалыптастырады, ол арқылы құқық нормалы «тіріліп» қоғамдық қатынастарды реттейді. Сонымен қатар кейбір ғалымардың тұжырымдары бойынша (Я.Ф.Кечекьян, С.З.Зиманов, И.Сабо, В.С.Нерсесянц, Л.С.Явич, В.П.Казимирчук және басқалар) құқықтық қатынастар мен құқықтық сана құқық ұғымының ажырамас бөлігі ретінде танылуы тиіс. Мысалы, белгілі заңгер-ғалым Имре Сабоның ойынша құқық құқықтық қатынастардың, құқық нормаларының және құқықтық сананың бірлігі және бұлардың құрамдас бөлігі ретінде біреуінің болмауы құқықтың ұғымын елеулі түрде кедейлендіреді.
Әрине, құқықтың ұғымын тек ғана норма ретінде тану және құқықтық қатынастарға түскен субъектілердің мінез-құлықтарын байланысты, ұсақ-түйектік дәрежесінде тәртіп белгілеу құқықтық реттеу тетігінің деңгейін түсіреді, «құқықтық нормалар соғысына» әкеліп соқтыруы әбден ықтимал. Өмірдің, қоғамдық қатынастардың барлық сәттерін құқық нормасына сыйғызу мүмкін емес. Бұл мәселеге осыдан 3500 жыл өмір сүрген Лао Цзы назар аударып «Заң көбейгеңде ұрылар мен қарақшылардың саны арта түседі», - деп ұлағатты сөз қалдырған. Әлеуметтік тәжірибені мұқият зерттеп, құқық, заң нормаларын өмір талабына сай толықтырып отыру қарама-қайшылықтарды сапалы шешудің кепілі.
3. Құқықтық реттеу тетіктерінің элементтеріне құқық қолдану кесімдері жатады. Әлеуметтік тәжірибеде құқық қолдану кесімдері құқық нормаларын орындамаған жағдайда және нормаларда бекітілген талаптарды іс жүзіне асыру қажеттігі болғанда (орден, медальдармен марапаттағанда, лауазымға тағайындағанда және т.б.) қолданылады. Мемлекеттік органдар құқық қолдану кесімдерін шығару арқылы құқықтық реттеу те¬тіктерінің тиімділігін арттырады, бұзылған, қол сұғылған мүдделер қалпына келтіріледі. Мемлекет және құқық теориясында құқық қолдану кесімдеріне мынандай талаптар қойылады:
1) Құқық қолдану кесімдері нақтылы құқық нормаларына сүйеніп шығарылуы тиіс.
2) Конституцияға, заңдарға қайшы келмеуі шарт.
3) Құқық нормаға қарағанда дара сипатқа ие, нақтылы субъектіге бағытталған. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі