Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ТЕТІГІНІҢ ҰҒЫМЫ

Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ТЕТІГІНІҢ ҰҒЫМЫ


Қоғамдық қатынастар өзінен-өзі тәртіп, заңдылық шеңберінде, құлықтылық және гуманистік талаптар негізінде біржүйелік мағанадағы азамат құндылықтары аясында реттелмейді. Қоғамдық қатынастардың өмір сүру формалары индивидтердің сан-қырлы әрекеттері қалыптастыратын қарама-қайшылықтар мен күрделі шиеленістен, мүдде қақтығыстарынан тұрады. Мұндай процестерді бір жүйелі тәртіпке келтіру, индивидтердің мінез-құлықтарына реттік сипат беру көптеген әлеуметтік нормалармен іс жүзіне асырылады, реттеледі. Атап айтқанда діни, әдет-ғұрып, дәстүрлік сияқты нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде үлкен рөл атқарады. Бірақ, жеке адамдардың саналық, тәрбиелік, генетикалық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты олардың бәрінен бір мағанадағы, талаптағы мінез-құлықты талап ету мүмкін емес. Әртүрліліктің өзі қоғамдық қатынастарды дамытудың, жетілдірудің айқын көрінісі.
Осыған орай қоғамдық қатынастарды тиімді реттеу әлеуметтік нормалардың сапынан ерекше орын алатын құқық нормаларына жүктелген. Біріншіден, құқық нормалары қоғамдық қатынастардың барлық салаларына өзінің реттеу функциясымен әсер етеді. Екіншіден, құқық нормалары реттеу қызметін қажет болған жағдайда мемлекеттің күш қолдану арқылы, мәжбүрлеу тетігін пайдаланады. Үшіншіден, құқық нормалар реттеу, қолдану барысында индивидтердің қол сұғылған мүдделерін, бұзылған құқықтары мен бостандықтарын орнына келтіреді. Ал, басқа әлеуметтік нормалар ондай сипаттардан ада. Сондықтан да құқықтық реттеудің мәні де, мазмұны да, шеңбері де өте зор, мемлекеттің тиімді билік жүргізуінің кепілі. Қоғамдық қатынастар тиімді реттелген болса құқықтық шиеленістер тежеледі, биліктің беделі артады, әділеттілік идеясының салтанат құруы халық санасына біртіндеп ұялайды. Міне, сондықтанда құқықтық реттеу тетіктерін танып білу, оларды жан-жақты зерттеу және жетілдірудің жаңа идеясын ұсыну, құқықтық тәжірибеге енгізу бүгінгі күн мұраты.
Құқықтық реттеу тетігі деп құқық нормалары реттейтін қоғамдық қатынастардың құқықтық құралдар арқылы жүйелі, тиімді және нәтижелі тәртіптелуін айтады.
Құқықтық реттеудің тетіктері негізінде құқықтық норма, құқықтық қатанастар және құқық қолдану кесімдерінен қалыптасады.
1. Құқықтық норма туралы өткен тарауларда толыққанды дәрежеде мәліметтер берілді. Қосымша мағанада айтатын болсақ құқықтық норма субъектілердің өмірде, қоғамдық қатынастарда болашақта болатын, жасалатын іс-әрекеттерінің, мінез-құлықтарының мемлекет бекіткен, формалды-айқын үлгісі.
Құқықтық қатынасқа түскен субъект өзінің қимыл-әрекеттерімен құқық нормаларында бекітілген диспозицияға сай мінез-құлық танытуы тиіс. Мысалы, неке бұзылса, әкесі балаларына 18 жасқа толғанша алимент төлеуге міндетті. Ажырасу өте көп, бірақ құқықтық норма солардың бәрін сипаттамайды, тек үлгісін ғана бекітеді.
Құқықтық норма құқықтық реттеу тетіктерінің алғашқы клеткасы, Сондықтан жалпы құқықтық реттеудің тиімділігі құқық нормалардың тиімділігіне, ғылыми негізде көрегенділікпен қисындап мазмұндалуына тікелей байланысты. Қисынсыз, мәтіні түсініксіз, мазмұны өмір тәжірибесінен алшақ абстракциялық, каучук тәріздес илеуге илана беретін құқық нормалары құқықтық реттеуге орасан зор нұқсан келтіреді, заңсыздық пен бассыздыққа тікелей жол ашады. Сондықтан құқық жасайтын мемлекеттік органдар норматнвтік-құқықтық кесімдерді қабылдағанда оның нормаларын қалыптастырып, мәтінін жазғанда мың ойланып, мың толғанып, ірі заңгер мамандардың сараптамаларынан өткізу қажет. Құқықтық реттеудегі тиімсіздік мемлекетке орны толмас материалдық нұқсан келтірумен қатар, адам факторына да өлшеусіз, орны толмас моральдық және материалдық зиянды зардаптар тудырады.
2. Құқықтық реттеудің маңызды тетіктерінің бірі құқықтық қатынастар. Өткен тақырыпта баяндалғандай құқықтық қатынастар құқық нормаларын іс жүзіне асырудың, пайдаланудың, қолданудың ең негізгі тетіктерінің бірі. Құқықтық қатынастар субъектілердің құқықтары мен міндеттерін қалыптастырады, ол арқылы құқық нормалы «тіріліп» қоғамдық қатынастарды реттейді. Сонымен қатар кейбір ғалымардың тұжырымдары бойынша (Я.Ф.Кечекьян, С.З.Зиманов, И.Сабо, В.С.Нерсесянц, Л.С.Явич, В.П.Казимирчук және басқалар) құқықтық Қатынастар мен құқықтық сана құқық ұғымының ажырамас бөлігі ретінде танылуы тиіс. Мысалы, белгілі заңгер-ғалым Имре Сабоның ойынша құқық құқықтық қатынастардың, құқық нормаларының және құқықтық сананың бірлігі және бұлардың құрамдас белігі ретінде біреуінің болмауы құқықтың ұғамын елеулі түрде кедейлендіреді.
Әрине, құқықтың ұғымын тек ғана норма ретінде тану және құқықтық қатынастарға түскен субъектілердің мінез-құлықтарын байланысты, ұсақ-түйектік дәрежесінде тәртіп белгілеу құқықтық реттеу тетігінің деңгейін түсіреді, «құқықтық нормалар соғысына» әкеліп соқтыруы әбден ықтимал. Өмірдің, қоғамдық қатынастардың барлық сәттерін құқық нормасына сыйғызу мүмкін емес. Бұл мәселеге осыдан 3500 жыл өмір сүрген Лао Цзы назар аударып «Заң көбейгенде ұрылар мен қарақшылардың саны арта түседі», - деп ұлағатты сөз қалдырған. Әлеуметтік тәжірибені мұқият зерттеп, құқық, заң нормаларын өмір талабына сай толықтырып отыру қарама-қайшылықтарды сапалы шешудің кепілі.
3. Құқықтық реттеу тетіктерінің элементтеріне құқық қолдану кесімдері жатады. Әлеуметтік тәжірибеде құқық қолдану кесімдері құқық нормаларын орындамаған жағдайда және нормаларда бекітілген талаптарды іс жүзіне асыру қажеттігі болғанда (орден, медальдармен марапаттағанда, лауазымға тағайындағанда және т.б.) қолданылады. Мемлекеттік органдар құқық қолдану кесімдерін шығару арқылы құқықтық реттеу тетіктерінің тиімділігін арттырады, бұзылған, қол сұғылған мүдделер қалпына келтіріледі. Мемлекет және құқық теориясында құқық қолдану кесімдеріне мынандай талаптар қойылады:
1) Құқық қолдану кесімдері нақтылы құқық нормаларына сүйеніп шығарылуы тиіс.
2) Конституцияға, заңдарға қайшы келмеуі шарт.
3) Құқық нормаға қарағанда дара сипатқа ие, нақтылы субъектіге бағытталған. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?