Қыпшақтардың мәдениеті мен өнері

Қыпшақтардың мәдениеті мен өнері

Қыпшақтардың материалдық мәдениеті


Қыпшақтардың кәсіптік өндірісі негізінен мал өнімдерін өңдеу мен шаруашылықта тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған болатын. Мәселен, арбаны жасау үшін белгілі бір өндірістік іпін қажет етілді. Ал бұл қыпшақтарда кәсіпшіліктің, атап айтқанда ағаш өңдеу кәсібінің дамығандығын көрсетеді.Халық ағаш арбаның бөлшектерін жасаудан басқа, киіз үйдің ағаш бөлшектерін (кереге, уық, есіктер) дайындаумен, ер тоқымдардың ағаш бөлшекткрін бөлшектерін, ыдыстардың бір сыпыра бөлігін, қымыз құюға арналған ожау, ет тағамдарына арналған ыдыстар ман ағаш кеселерді жасаумен айналысқан.
Негізгі кәсіптік, өндіріс мал шаруашылығы өнімдерінен жасалған бұйымдарды өндіру және өңдеумен байланысты болды. Бұл-арқандар, қайыс бұйымдар, жүннен жасалған бұйымдар, маталар. Тері мен жүннен киімдер(тондар, баскиім, малақай), аяқ киім, түрлі ыдыстар жасалынатын.
Оңтүстік қазақтардың отырықшы-егіншілік оазистері халықтарына жақын орналасқан қыпшақтарға керамикалық ыдыс жасау өндірісінің техникасы иәлім болуы мүмкін. Қазба жұмыстары нәтижесінде табылған бай ат жасақтары мен қарулары(үзеңгі, аыздық және т.б.), сонымен қатар тұрмыстық сипаттағы металл бұйымдары қыпшақтарда металл өңдеу және темір рудасын өндіру дәстүрінің болғандығы дау туғызбайды.

А.Х.Марғұлан осыған байланысты былай жазған: Орталық Қазақстанда сол кездегі бірнеше ежелгі кен орындары сақталған. Оларға Шығыс-Қарқаралы ауданының өңдеу орындары, атап айтқанда Кентөбе, Кенқазған, Қарашошақ , Қарасы, Жалпақ 1, Қарашұңқыр жатады. Дешті Қыпшақтың осы және басқа жерлерінде тау ісіне маманданған қыпшық тыйпаларының өкілдері темір рудасын өндіруі әбден мүмкін. Шығыс-Қарқаралы ауданында темір өндіру бойынша аймақтардың бірі Темірші таулары болды.
Темір ұсталары барлығын ағаш өңдейтін және басқа арнайы құралдардан бастап ат жасақтарының , қарулардың ұсақ заттарына дейін өндірді. Мәселен, 9 ғасырдағы автор ал-Джахиз былай айтқан: «Олар қару, садақтар, ер-тоқымдар, найзалар өндіреді». Қвпшақтардың арасында арнайы қару-жарақ ұсталарының болуы туралы Дешті Қыпшақ тұрғындарымен қолдалынатын, ерте ғасырлардағы араб-қыпшақ сөздіктерінде сақталған терминдер дәлел болады: йачи-садақшы, окчы-оқ дайындайтын ұста, сунучи-найза дайындайтын адам. Кәсіпшіліктің кейбір түрлері мұрагерлік жолымен беріліп отырды. Белгілі бір уақыт аралығында, манғол шапқыншылығына дейін қыпшақтар мекендеген далаларда тас жасау ұсталары жумыс істеуі мүмкін. Оңтүстік орыс далаларында қыпшақтардың тас балбалдарын арнайы зерттеумен айналысқан С.А Плетневаға сәйкес, көптеген мүсіндер суретке ұқсас келетін. Қазақстан жеріндегі бүкіл қорғандарда тұрғызылған тас балбалдары шығармашылық туынды болғаны сөзсіз. Оларды жасау үшін белгілі бір кәсіби ілім мен шығармашылық көз қарас қажет етеді.

Қазылған қабірлерден алынған археологиялық олжалар қыпшақ тайпалары материалдық мәдениетінің кейбір ерекшеліктерін сипаттауға мүмкіндік береді. Қабірлердегі құрал-саймандар қару, ат әбзелдері, тұрмыстық мақсаттағы заттар болып табылады. Сонымен қатар қабірлердегі қару-жарақ заттары ішінде бәрінен де жебелердің ұштары жииі кездеседі. Аттың ер-тұрман әбзелдерінен темір ауыздықтар, үзеңгілер, әшекейленген жүгендер кездеседі.
Қыпшақтарда кілем жасау кәсібі жақсы дамыған. Қыпшақтар түрлі тоқыма және жүннен дайындалған кілемдер жасаған. Оларды дайындау техникасына, бояу таңдау, орнаментіне қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар жүннен текемет, сырмақ, түскиіз тәрізді кілемдер жасаған.
Текемет жасау үшін жартылай дайын ақ жүнге ылғал боялған жүннен оюлар салынады. Содан кейін жүнді орап, оны алдымен білекпен илейді. Содан соң ұзарту, булау процесі жүреді.
Қыпшақтардың кілем жасау мәдениеті тек қазқтарда ғана емес, сонымен қатар ноғай, черкес, кумык сияқты Солтүстік Кавказ халықтарында сақталып қалған.
Қыпшақтардың тас қашау өнерінің өкілдері бұл тұста шеберліктң шыңына шықты. Олар алып ескерткштер жасай алды, адамдардың бет-бейнесін өте дәл кескіндей білді. Бірақ осыған қарамастан, барлық тас тұлғалардың бәрі белгілі бір қатаң қағидаға бағындырылғандай еді отырған немесе тұрған ескерткіштердің барлығы да кіндік тұсына қос уысына қысып зерең ұстап тұрды. Қыпшақ ескерткіштерінің осы дәстүрлі көрінісін саяхатшы-монах Вильгельм Рубрук: «Кумандар қайтыс болған адамдардың қабырына құмнан төбешік жасайды, жүзі шығысқа қаратылған, кіндік тұсына қос қолымен зерең ұстап тұрған құлыптас орнатады» деп суреттеген еді.
Шеберханалар, сірә, ашық аспан астында, ескерткіш-құлыптас жасауға қажетті нәрселерді алуға ыңғайлы жерлерге жақын орналастырылған. Осы жерлерден құмтастар, қызыл гранит, қатпар тастар қиылып алынып, ескерткіштер жасалынған. Мұндай шеберханалардың ескі орындары археологиялық қазбалар кезінде әруақыт кездесіп отырады.
Қорғандар мен күмбездер өте көп, әсіресе, дала жолдары мен өзендер жағалауларында сан мыңдаған балбал тастар бар. Қыпшақ заманында, тіпті бергі XII-ші ғасырға дейін олар дала көрінісінің тұрақты бір бөлігі, көркем өрнегі сияқты көрінетін.

Қыпшақтардың тілі, жазу өнері

Қыпшақ бірлестігі дәуірінде қыпшақ хандары Ертіс өзенінен Дон өзеніне дейінгі, Орал тауынан Қара теңізе дейінгі кең өңірде жасаған түркі тілдес тайпалардың басын біріктірді, Қыпшақ тайпалары Европаға, Кіші Азияға, тіпті Египетке (Мысырға) дейін жайылды. Көп өңірлерде қыпшақтар әскери-әкімшілік билікті қолына алып, үстемдік жүргізді.Осы жағдайлаға байланысты, жоғарыда айтылған өңірлерде қыпшақ әдеби тілі қалыптасты және дамыды.
Зерттеуші Машковтың айтуына қарағанда, бұл дәуірде қыпшақ тілі батыс Европа жиһанкездері мен шығыста зерттеушілер үшін халықаралық тіл болып есептелді. Европалықтар, арабтар, парсылар, тағы басқа халықтар қыпшақ тілін үйренуге, зерттеуге ділгер болды. Қыпшақтар арасынан тіл ғалымдары шықты, қыпшақ тілі ғылымы, әсіресе сөздік ғылымы қараштап дамыды, Қыпшақ тілінің грамматикасы, қыпшақ тілін үйретудің жан-жақты тіл құралдары, қыпшақ тілімен басқа тілдерді салыстырған қыруар сөздіктер жасалды. Олардың бірсыпырасы талай ғасырды басынан кешіре отырып, «балдан қалған сарқыттай» біздің заманымызға жетті. Олардың бастылары: «Мұқаддима тұл әдәп» (Әдебиетке кіріспе), авторы Әл-Замақшари, 12-ғасырда жазылған арабша-парсыша-түрікше-моғолша сөздік; «Таржуман түркі уа араби» (Түрікше-арапша аударма сөздік), 1245-жылы жазылып аяқтаған, авторы белгісіз; «Қыпшақша-латынша-парсышасөздік» 1303-жылы аяқталған; «Китабул - идрак лилиса-нұл-артак» (Түркі тілінің түсіндірме сөздікгі), авторы Жамалидин Мұхаммед Абдулла ат-түрки, 14-ғасырда Сирияда жазылған: «Әл-Әнуар-әл-Мудиа» (Інжу нұры) Қыпшақша-арабша сөздік, авторы: Алайден Бейлік әл-Қыпшақи, жазылған жылы, орны мәлімсіз; «Китаб тәржуман фарси уа түркі уа моғоли» (Парсы, түркі және маңғол тілдерінің аударма сөздігі),бұл кітап 1343-жылы Мысырда жазылған; «Әл-Қауани әл-Куилия ли-забат әл-луғат ат түркия» (Түркі тілдерінің үйренудің толық құралы), 14-ғасырда жазылған, авторы және жазылған жері белгісіз. Бұл сөздіктердегі мәлімсіз: « Китаб ат-дуарал әл мудия фил-луғат ат-туркия алат тамам» (Түркі тілі туралы жан-жақты және тыңғылықты інжу-маржан жинағы), 14-ғасырда жазылған, авторы және жазылған орны белгісіз. Бұл сөздіктердегі «Түркі тілі», «Түрікше» деген сөздер қыпшақ тілі деген сөздің баламасы еді.
Жағарыдағы көне мәдениет куәліктері қыпшақтардың тіл-әдебиеті мен мәдениетінің өз заманындағы өркендеу деңгейінен дерек береді. Алтын орда дәуірінде қыпшақ тілі Алтын Орданың әдеби тілі болды, Алтын Орда хандарының жарлықтары және көптеген әдеби шығармалар осы қыпшақ әдеби тілінде жазылды. Қыпшақ әдеби тілі қазіргі қазақ тілінің түб-төркіні, яғни, көне қазақ тілі блып табылады. Осы заманғы қазақ тілі көне қыпшақ тілінің дамуы негізінде қалыптасты.
Қыпшақтардың рухани мәдениеті:
діні, салт-дәстүрі

Қыпшақтардың көшпелі қоғамының экономикалық және саяси құрылымының спецификасы рухани мәдениетке, дүниетанымына және идеологиясына әсер етті. Дешті Қыпшақта, оның шығыс бөлігінде де, батыс бөлігінде де діннің ең кең тараған фермасы болып шаманизм болып табылды. Бұл діннің элементтері тас мүсіндерге табынуда, табиғат күштеріне табынуда, аспан(тәңір), күнді, отты құдай теп тануда көрінді.
Қыпшақтар көшіп қонып жүрген далалы жерлердің барлығында адамдарды бейнелейтін тас мүсіндер. Көптеген пікір-таластардан кейін, Н.И.Веселовскийдің пікірінше мүсндердің үлкен бөлігі қыпшақтардыкі деген пікір қалыптасты. Алайда тас мүсіндердің тұрғызылу себептері туралы бір пікір жоқ. Кейбіреулердің пікірінше, бұл бейнелер басты өлтірілген жауды, ал басқалары өлген адамдарды бейнелейді.
Тас мүсіндердің шығармашылық бейнелеулерінің әр түрлілігі нақты тарихи жағдай, қошаған орта ерекшеліктеріне байланысты болды.
Мұсылман мемлекеттеріне , ең алдымен Хорезмге жақын орналасқан қазақстандық қыпшақтар мұсылман идеологиясының ықпалында болды да, адамдар мен жануарларды бейнелеуге тыйым салған. Мәселен, Орталық Қазақстан далаларында, Ұлытау жоталарында, Қара және Қары-Кенгірген өзендері бассейндерінде әйел бейнесіндегі мүсіндер кездеседі. Оларда көз, мүрын, ауыз бейнеленбеген.
Сонымен қатар, қыпшақтарда әйел құдайы-ұмай ана болды. Ұмай ананы от басын сақтайтын, ұрпақ сақтаушы деп таныды. Ұмайдан басқа қыпшақтар жұлдыздарға табынып, аспан әсеріне сенген. Ибн ал-Асирдің дәлелдеуінше, қыпшақтар шығыста күнге табынады. Осы табынумен қыпшақтардың өз мүсіндерін шығысқа қаратып тұрғызу дәстүрін байланыстыру қажет.
Басқа да түркі тілдес халықтары , қыпшақтар да жоғары құдай деп Тәңірді таныды. Тас мүсіндерге табыну, аспанды(тәңірді) құрметтеу, сонымен қатар басқа да табиғат құбылыстарына (тау, өзен, көл, ерман) табыну-осының бәрі қвпшвқ тайпаларының дінінің негізгі формасы ретінде пұтқа табынушылық болғанын көрсетеді. Ибн-Арашбах «Олар, қыпшақтар, исламнан хабары жоқ , тек қана пұтқа табынушы және көп құдайларға табынушылар болды. Олардыңкейбіреулері әлі күнге дейін пұттарға табынады»,-деп айтып кетті.
Қыпшақтардың арасында анимистмкалық көзқарастар айтарлықтай дамып, олар жанның басқаға ауысуы және арғы өмірдің бар екендігіне сенді.
Осылайша қыпшықтардың діни нанымдары шаманизм негізінде болған. Ал тотемистік нанымдарға келетін болсақ , қыпшақтарда басты тотем болып көк бөрі табылды. Көптеген түрік тайпаларында баланың туылуымен байланысты болған көк бөрі туралы аңыз-әңгімелер кеңінен тараған. Андижандық қыпшақтар мәселен, босануды жеңілдету үшін әйелге кептірілген қасқыр жүрегінің бір бөлігі берілетін.
Қыпшақтардың діни нанымдары туралы мәліметтер келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қыпшақ қоғамында шаманизм, пұтқа табынушылық және көп құдайға табынушылық сияқтыарнайы діни нанымдар басым болды. Алайда дамып отырған таптық қатынастар қыпшақ қоғамының экономикалық және саяси ерекшеліктеріне жауап беретін діни идеологиалық басқа формасын талап етті.
Сонымен, 11-12 ғасырларда қыпшақтардың үстем тап өкілдері политезмнен бас тартып монотейістік дінге көшті. Ислам діні мұсылман елдерімен жанасып жатқан аудандарда тарады, ал христиандық оңтүстік орыс далаларында тарады
Ислам дінін Қыран (икран), Алп-Дерек сияқты қыпшақ хандары қабылдап, өз есімдерін мұсылман титулдарына қадыр хан, байыр-хан деп ауыстырды. Осындай жағдай Египиттегі мамлюк қыпшықтарымен болды. Алайда қыпшақтар үшін ислам діні аристакратиалық үстем тап өкілдерінің діні болып қала берді. Бірқатар көшпелілер үшін бұл дін ешқандай рөл ойнамады.
Христиандық негізінен қыпшақтардың батыс тармағының ортасына кірді. Миссионерлік қозғалыс екі жақтан-Русьтен және Византиядан келіп отырды. Орыс жазбалары дәлелдеп отырғандай, 1132 ж. Рязаньда жене 1168 ж. Киевте Амурат және Айдар қыпшақ княздары шоқынды. Ибн Батута былай деген: «Бұл далада, қыпшақ деген атпен белгілі халық христиан дінін ұстанады ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді