Тіршілік қауіпсіздігі | Қауіпті табиғи құбылыстар

Тіршілік қауіпсіздігі | Қауіпті табиғи құбылыстар

2.1. Жер сілкінуі
Табиғаттың қаһарлы құбылысы – жер сілкіну – жалпы геофизикалық себертерден болатын жер қыртысындағы, оның астыңғы қабаттарындағы дүмпу (соққы, қимыл) және жер бетіндегі діріл, тербеліс. Бұның бәрі былай өрістейді. Жер қайнауында әрдайым күрделі процестер орын алуда.
Жер қыртысы біртұтас емес, оны литосфералық плиталар құрайды- континентальды және мухиттық; плиталардың шеттерін сейсмикалық және тектоникалық жағынан алғанда белсенді опырылу аудандар қоршайды. Литосфералық плиталар әрдайым қозғалыста болып жылына 1-6 см жылдамдықпен түрлі бағыттарға жылжиды. Бұндай қозғалыстардың себебі – жер шарынң айналу динамикалық эффектілермен үйлескен жер қыртысының астындағы ыстық және қою сұйықтықтың баяу конвекция түріндегі ағыстары шығар деп білеміз. Бір жерде жаңа сұйық зат төменнен жоғарыға көтеріп плиталарды жан-жаққа ығыстырса, екіншісінде плиталар бір-бірін шеттерімен жанай өтеді, ал тағы басқасында бір плита екінші плитаның үстіне мінгесіп оны төменге батырып жатады. Тақталардың осындай қимылдары бара-бара кернеулердің пайда болуына, олардың ұлғаюына әкеледі де оларды арттыра түседі. Енді осы кернеулер ақыры жер сілкінісіне айналу үшін бір түрткі болу керек сияқты. Түрткі ретінде келесі физикалық процестер болуы мүмкін: ай жән күн тартысымн болатын су толысуы; күн белсенділігі; жер полюстерінің орнынан жылжуы; жер субядросының қозғалысы бірқалыпты еместігі(элипс бойынша жылжу); басқ жердегі сілкіністер; адам әрекеттері; аталған процестрдің бір-бірімен үйлесіп келуі,
Тереңдіктегі тктоникалық күштер әсерінен орасан зор қысым немесе жр астндағы жарылыс мантияға кернеулр туындатып, жр астын дүмпітетін және бетін дірілдететін жр сілкінудің көзін пайда етеді. Қаттты күштердің әсерінен күштену, қозғалыс пайда болады, жр қабаттарының формасы өзгеред, қатпарлары жиырылып, бір-бірінен ажырап, жер түйдектерге айналады. Жарылыс айтарлықтай лезде болатын қатты соққы сипатында, немесе бірқатар дүмпулер ретінде өтеді. Жер қойнауында шоғырланған энергия бәсеңдетіледі. Ол жер қабатының қалыңдығында серпінді толқындар туындатып, солар арқылы жер бетіне жетеді де, қирату себебі болып, бара-бара сейіледі.
Жер астынан дүмпу пйда болатын алапат жер сілкіну ошағы – ішінде көптен бері жиналған энергияның ытқып шығу процесі өтетін жердің қалың бір аумағы болып табылады. Ошақтың ортасынан шартты түрде гипоцентр деп аталатын нүкте алынады. Гипоцентрдің жер бетіндегі проекциясы(пішіні) эпицентр деп аталады. Гипоцентрден тұс-тұсқа бойлай және көлденең жайылатын серпінді сейсмикалық толқындар, ал эпицентрден тұс-тұсқа жердің бетімен жіне үстіңгі сейсмикалық толқындар таралады. Күшті жер сілкінісі кездерінде жер қабатының тұтастығы бүлінеді, жер сілкінісі жер астынан шығатын гуілге ұласады. Жер сіокіну қағида бойынша, пайда болған кезіне дейін, қащықтыққа байланысты әрқилы қарқындағы көптеген дыбыстар шығарады. Эпицентрге жақын жерлерде қатпарлы шоқы үйіндісінің опырылғанындай қатты дыбыстар естіледі; одан гөрі алыстанқыраса дыбыстар күннің күркіреуіне немесе жарылыстың гуіліне ұқсап кетеді.
Жер қойнауындағы дүмпулердің нәтижесінде бірнеше секундтың арасында немесе көзді ашып-жұмғанша жер қыртысының бір учаскелері көтерілсе, келесі учаскелері бірнеше сантиметр немесе тіпті бірнеше метр төмен түседі, ал кейбір учаскелер басқаларына қарағанда горизонталь бағытта да қозғалады. Үйлер мен ғимараттар, көпірлер қирайды, темір жол рельстері иіліп үзіледі. Ағаштар бұтақтарын жерге тигізе теңселеді. Коммунальдық-энергетикалық желілері істен шығып қалады, адамдар құрбан болады. Газ және электр желілерінің бүлінуінен өрт шығады. Тауларда опырылып құлау және көшкіндер, үлкен ойыстар болуы да ықтимал.
Су астында жер сілкінгенде орасан зор толқындар – цунами пайда болады; құрғақта сұрапыл қирату пайда ететін, биіктігі 60 метрден асатын цунами тіркелген. Жер сілкіну адамдарға ырымшыл үрей туғызатын зілзала құбылыс. Жер сілкінудің материктерде де, мухиттарда да болып тұраттынын бақылаулар көрсетеді.
Жер сілкіну ошағының көлемділігі бірнеше километр мен бірнеше жүз километр арасында өзгермелі. 2 негізгі сейсмикалық белдеу белгілі. Жерорта теңізі – азиаттық сейсмикалық белдеу; бұл Португалия, Италия, Грекия, Түркия, Иран, Солтстік Үдістан және әрі қарай Малайзия архипелагын қамтиды; Тынық мұхиттық сейсмикалық белдеу Жапония, Қытай, Қиыр Шығыс, Камчатка, Сахалин, және Курил аралдарын қамтиды және айта кететін бір жайт, жер шарының сілкіністерінің 90-і осы белдеуде өтіп жатады. Қазақстан шекарасында Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан.
Жер бетіндегі энергияның қарқындылығы баллмен өлшенеді. Ол ошақтың тереңдігіне, эпицентрден қашықтығына, топырақтың геологиялық құрылысына және басқа да факторларға байланысты болады. Өзінің қарқыны бойынша, яғни жер бетінде білінуіне қарай, халықаралық сейсмикалық М8К-64 бағанасына сәйкес, жер сілкіну 12 градацияға – балға бөлінеді. АҚШ-да 12 баллдық ММ бағанасы қолданылады. Жер қыртысында пайда болған негізгі сызат (жарық, жарықшақ) тереңдікте тоқтап қалуы немесе жер бетіне шығуы мүмкін; оның ұзындығы бірнеше метрден жүздеген километрге барады(ірі сілкініс). Сілкіну ауданның радиусы орта қарқындылығында 5-15 км, ал күшті болған кезде 50-160 км құрайды. Көлемді сейсмикалық толқындар 3-8 км/с жылдамдықпен таралады, екінші кезеңдегілер– 2-5 км/с.
Жер қыртысының қозғалысын сезетін аспаптар, сейсмографтар, оның болмашы сілкінуін өлшеп, жазып отырады. 1-2 баллдық әлсіз жер сілкінуді адам сезбейді, оларды аспаптар ғана тіркейді. Олар планетамызда күнделікті болып тұрады. 4-баллдық жер сілкінісінде заттар(ыдыс, шыны, есік) теңселеді және жеңіл сылдыраған дыбыстар естіледі; 6-баллдық(күшті) сілкінуде қабырғадан картиналар құлап, сылақтардың бөлшектері уатылып ғимараттардың қабырғалары жарылып, үйлер жеңіл бүлінеді; 7-баллдық(өте күшті) сілкіністе тасты үйлердің қабырғаларында жарықтар пайда болады, нашар үйлер қирайды; 8-баллдық(қирататын) сілкінуде мықты салынған ғимараттар ішінара қирайды; 10-баллдық(жойқын) сілкінуде құрылыстар толық бұзылады, темір жол рельстері майысып, жер бетінде жарықтар пайда болады, көшкін, опырылып құлау деген құбылыстар орын алады; 12-баллдық сілкінуде ешқандай құрылыс шыдамайды, жерді үлкен жарықтар бөліп тастайды, көшкіндер мен опырылып құлау саны өте көп болады, су құламалар пайда болады, өзендер ағысы бағытын өзгертеді. Осылайша жаппай көпшіліктің зардап шегу ошақтары 7-8 баллдан бастап, одан да жоғары болған аймақтарда болады.Жер сілкіну оқиғаларын жыл бойынша планетамызда болатын жиілігі және ұзақтығы бойынша да жіктеуге болады, олар да баллдың өсуіне байланысты. Мысалы, 11-12 баллдық жер сілкінулер жылына 1-2 рет ғана болса, олардың ұзақтығы 30 секунд пен 90 секунд арасында созылады. Бұндай жағдайда сілкініс алатын аумақтар (6 баллдық сілкінуден бастап қосқанда) радиусы 80-160 км жетеді. 7-8 балдық сілкіну кезінде 10-30 секундта өтіп, жылына 100-150 рет болады. Күшті жер сілкіністері, қарқындылығы 5-6 баллға баратындары, жылына 8000 реттей орын алады, ұзақтығы 5 секунд. Яғни жер сілкіну – айтарлықтай жиі және қауіпті табиғи құбылыс. 1999 жылы көптеген адам құрбаны мен орасан қиратулар әкелген жер сілкіністер Түркияда, Грекияда және Тайванда өтті. Жалпы, жер шарында жылда 100 мыңға таяу сілкіністер өтіп жатады. Жоғарыда айтылған қиратулардан басқа жер сілкінісі басқа да техногенді апаттарға, ауыртпалықтарға себеп болады, мысалы, топан су басуына (бөгендер мен бөгеттерді бұзу арқылы), өрттерге (мұнай қоймаларының қиратуында, газ құбырларын үзгенде), күшті әсер ететін улы заттарды ашық далаға шығарып жіберетін химиялық кәсіпорындардағы аварияларға, радиобелсенді заттарды қоршаған ортаға шашырататын атом электростанцияларындағы апаттарға және тағы басқаларына. Күшті жер сілкінісі ядролық зақымдау ошағында болатын салдарын еске түсіреді.
Ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, жер сілкінісінің болу мүмкіндігін алдын ала білу мақсатында, бір қатар мемлекеттер осы салада ғылыми зерттеулер және тәжірибе өткізуде. Белгісіздік шарттарының көп болу салдарынан жер сілкінісін дәл болжау өте сирек кездеседі. Дегенмен, қазір біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Өздеріңізге белгілі бұл ғасыр технологияның даму ғасыры. Қазірдің өзінде ғалымдар түрлі аспаптарды ойлап тауып жатыр. Келешекте осындай жойқын әсері бар жер сілкіністерін болжайтын аспаптардың пайда болатынына сенемін.


2.2. Жер көшкіні(шөккіндер)
Гравитация күшінің әсерінен тепе-теңдікті сақтай алмай тау жыныстар массалары баурайдан төмен қарай сырғып барып орын ауыстыруы жер көшкіні немесе шөккіндер деп аталады. Бұл құбылыстардың бірнеше себептері болады. Көбіне ол табиғи немесе антропогенді себептер. Табиғи жолда шөккіндер баурайдың етек жағын су орып кетудің салдарынан құламаның тіп-тік жарға айналуынан, жауын-шашын және жер асты суымен аса ылғалдану себебінен жыныстардың босап кетуінен, жер сілкінісінің әсерінен де орын алады. Антропогенді (адамдардың шаруашылығына байланысты) себептерге баурайдағы баулар мен бақшаларды аса көп суару, жолдар жасағанда геологиялық жағдайларын есепке алмай топырақты алу, тағы басқа құрылыс және шаруашылық жұмыстарын жүргізуі жатады.
Көбіне шөккіндер көктем немесе жаз мерзімдерінде баурайдың еңкіші 20-тан көп, және жоғарыда айтылған себептері жеткілікті болса кездеседі. Шөккіндердің артуына баурайды құраған материалдар (мысалы, құрамы құм-қиыршықты тасты болса) немесе сол бағытты жарықтар кесіп өтсе қосымша сеьепкер болады. Тау жыныстардың сырғуы баяу болуы да мүмкін, жылына бірнеше сантиметр шамасында. Аса ылғалданған балшықты жыныстардың шөккіні, тас, қар және басқа да материалдармен араласып жылжығанда, ол ірі апатқа, адам құрбандарына әкеліп соғуы әбден ықтимал. Өйткені дәл осындай жағдайда шөккіннің жылдамдығы өте биік, іс лезде өтеді. Ірі шөккіндер әдетте табиғи себептерден болып баурайларда 100-деген метрлерге созылады, олардың қалыңдығы 10-20 метрге дейін барады. Кейде шөккінге ұшыраған материал біртұтастығын сақтап жеке біртұтас дене сияқты қозғалады. Сырғыған жыныстардың көлемі миллион, керек болса миллиард текше метрді құрайды.
Әрине, шөккіндер құбылыстары осындай салмақтары мен жылдамдықтары арқылы адам өміріне, оның шаруашылығына қауіп төндіреді. Олар байланыс желілерін, туннельдерді, құбырларды, су бөгеттерді бұзып, ауыл шаруашылық алқаптарды, елді мекендерді жойып жібереді, ал кейде тау суларына бөгет болып тау көлдерінің пайда болуына әкеп соғады. Бұндай көлдер қашан болса да қауіпті, өйткені су жиналу барысында талай жерлерді басып кетеді, немесе ақырында көл тозып, бөгетті бұзып орасан зор топан суға айналады. Осы орайда бір мысал келтіріп кетсек, 1911 жылы Памир тауларында күшті жер сілкінісі болып, оның әсері үлкен шөккінді қоздырды, 2,5 млрд.м3 болпыр материал Мургаб өзенін тасалады да ұзындығ 54 км, тереңдігі 300 метр шамалас көлді түзді. Көл астында Усай, Сараз деген кишлактар мәңгіге қалды.
Әрине кенеттен басталатын шөккіндер аса қауіпті. Кейде жылжи бастаған шөккіндердің алғашқы белгілері көзге көрінеді – жердің бет жағында сызаттар пайда болуы, жол үстінің және жағалаудағы бекіністердің жарылуы, ағаштардың, телеграф бағаналарының қопарылуы. Жалпы, шөккіндер туралы мәліметтерді жинау олардың алдын алу үшін өте маңызды. Шөккіндерді айыра білсек олар ескі және осы заманғы, кішігірім дөңесті және ірі дөңесті, жыныстар блогы сырғанақтың үстімен жылжып шөгетін және опырылып құлайтын және тағы да басқа түрлеріне бөлінеді. Олардың зардабы айтарлықтай ауыр болғандықтан, олардан сақтануымыз тиіс.
2.3. Сел тасқыны
Сел тасқындары көбіне кенеттен басталады. Кішкене тау өзендерінің бассейндерінде және құрғақ боп тұрған сайларда минералды бөлшектердің, тастардың, тау жыныстар сынықтарының концентрациясы өте биік болып түзілген лай судың ағындары деңгейін күрт көтеріп өтеді.
Ереже бойынша сел тасқындары толассыз жауған нөсерден, сирегірек сырғыма мұздақ немесе маусымды қар жамылғысының күрт ери бастауынан, сондай-ақ өзен арнасына сырғыған топырақ пен шөп-шаламның көп түсуі салдарынан пайда болады. Селдің себептеріне тау сайларында жиналған үлкен көлемді көлді түзеген судың бөгетті бұзып өтуі жатады.
Зор қирату күші бар сел бір ағызындылардың көлемінде жүздеген мың, кейде тіпті миллион текше метрге дейін жететін материалды тауды төмен қарай жылжытады.
Басқа тасқындарға қарағанда әдетте ағыл тегіл емес, сел тасқыны бөлек-бөлек толқындар түрінде қозғалады, селдің ұзақтығы 1-3 сағаттай болады. Селдің жылдамдығы әдетте 2,5-4,0 м/с аспайды, бірақ су бөгетті бұзып-жарып селді бастаған жағдайда оның жылдамдығы 8-10 м/с және одан да көп болуы мүмкін. Селдің алдыңғы шебі биіктігі 5-15, кейде 25 м-ге дейін жетеді, оны «сел бась» деп атайды.
Сел тасқыны эрозиялық механизм арқылы туындағанда алдымен су ағыны жағалауларындағы қиыршық тас пен құм, шөп-шаламды, қысқасы беткейлердің етек жағын орып өтеді де өзін осы бос борпылдақ материалдармен қанықтырады – бұл процесті селдің түзілуі деп атауға болады. Бөгетті бұзып-жарып сел басталатын механизмінде су жиналуымен тау жыныстарының бара-бара сумен қаныға жүретін процестер бір-бірімен қатар, бір мезгілде өте береді. Біркезде шегіне жетіп сел массасы бөгетті жарып шығады. Құлама-шөккінді механизмде селдің пайда болуы әбден ылғалданған тау жыныстарының және қар мен мұздың өзен ағынына құлап немесе сырғып қосылуынан басталады.
Техногенді факторларының қауіптілеріне әсіресе су қоймалардың сапасыз жасаған бөгеттері және техногенді жыныстарды есепсіз жинап қоюы жатады. Су әр түрлі үйінділерді батпақ пен лай аралас массаға айналдырады.
Селдің қауіптілігі – тек оның бұзу күшінде ғана емес, сондай-ақ, оның кенеттен келуінен де болады. Бүлдіруші күшін сипаттайтын ерекшеліктері оның екпінінің қаттылығы, құрамының тұтастығы, шапшаң қозғалып, жөңкіле ағатындығы болып табылады. Кедергілерге ұшыраған кезде сел ағыны оларды басып өтіп, өз күшін жоғалтпай, қайта үдете түседі. Сел халық шаруашылық обьектілеріне, елді мекендер мен қалаларға, егістік жерлерге, суармалы жүйелерге, темір жолмен тас жолдарға өте қауіпті, өйткені күтпеген жерден пайда болып, үлкен қатер төндіреді. Мұндай жағдайда дамба түрінде жасалған бөгеттер айтарлықтай тосқауыл бола алмайды.
2.4. Қар көшкіні
Қар көшкіні басқа да көшкіндердің жылжуы сияқты гравитация тартысы қар астындағы ұстау күштерінен асқан кезде пайда болады. Қар өзінің әрекетін бастай отырып, барлық жаңа қар массаларын, тастарды және басқа заттарды ілестіре отырып тез арада жылдамдығын күшейтеді. Негізінен, көшкін қар ұсақ кристалдар мен ауаның араласуымен сипатталады. Жазықтау жерге немесе аңғар түбіне жете қар өз қозғалысын тоқтатады.
50-тан көп құлама тіктілікте қар өздігінен жайғана төмен құйылады, яғни қар массасының пайда болу жағдайы туындамайды. Көшкіннің пайда болуына ең қолайлы жағдай – 30-40 тігімен орналасқан,майда шөптер басқан баурайларда биіктігі 30 см қардың өсуі жатады. Көп нәрсе ескі жатқан қар жамылғысына және жаңа қар басу қарқындылығына байланысты болады. Егер 2-3 күн аралығында 0,5 м қар жауса, ол, әдетте, қауіпті емес; ал осы жағдай 10-12 сағатта болса қар көшкіні әбден мүмкін. Жылдамдығы 7-8 м/с-ке жететін жел тұрса, ол көшкін қар қалындығын 10-15 см-ге төмендетеді. Басқаша айтқанда жел көшкін болу мүмкіндігін арттырады. Әсіресе қарлы борандар қардың бір жерге көп мөлшерде жиналуына себепкер болады. Өте маңызды факторларға ауа температурасы жатады. Қысты күні жылы ауа райында (0) немесе уақытша болатын жылымықтарда қар жамылғысының босаңдығы жоғарылайды және не қар көшкіні жүреді, не қар шөгеді. Температураның төмендеуінде көшкін басталу мерзімі ұзарады. Көктемде жылуымен бірге сулы қар көшкіндер болу мүмкіндігі өседі.
Қар көшкіннің әрекетіндегі негізгі сипаттарған мына параметрлерді жатқызамыз: жекелеген жағдайларда көшкін жылдамдығы 100 м/с дейін жетуі мүмкін; құрғақ қар көшкіннің тығыздығы 200-400 кг/м3, және сулы жағдайда 300-800 кг/м3 болып қар массасының соққы күшін анықтайды, сондай-ақ, бұл тазалау еңбек күші көлеміне белгі етеді; кідірікте 10-15 м қар массасының биіктігі авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру кезінде параметр ретінде қызмет етеді, бұл жерде қар өте тығыз келеді; көшкіннің түсу қайталануы әр түрлі жекелеген аудандарда қар көшкін жылына 10-15 рет түсуі мүмкін; қар массасының көп жылдық максималды мәнмен алғанда жету алыстығын осы маңайда құрылыстар жүргізгенде есепке алады.
Қар көшкіні қимыл типте қар арнайы каналдармен жылжиды, ал шалғынды типте участоктың барлық аумағында шөккін тәрізді болады; секіргіш типте ағу каналында кездесетін тік жартастардың қар жерден ажырайды және едәуір жылдамдықпен ауада шапшып ағады.
Көшкін ағыны тікелей топырақ бетімен немесе қардың төменгі қабат бетімен жылжуы мүмкін.
Қар көшкіндері елді мекендерге, спорт және демалыс санаторий-курорт кешенділеріне, темір және автожолдарына, электр желілеріне, құбырларға, өндіріс құрылыстарына едәуір нұқсан келтіре алады. Кей жерлерде қар көшкіні 100 жылда 1-2 рет қана болады екен. Мысалы, Кавказ тауларында орналасқан 200-300 жыл бойы тұрған ел мекендері кенеттен қар көшкіннің астында қалғаны белгілі.Біздің елімізде таулы аймақтар көп болғандықтан жоғарыда айтылған қар көшкіндерінің болуы әбден мүмкін.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍