» » » Реферат: Медицина | ДЕНЕ ТАЗАЛЫҒЫ

Реферат: Медицина | ДЕНЕ ТАЗАЛЫҒЫ

Реферат: Медицина | ДЕНЕ ТАЗАЛЫҒЫ казакша Реферат: Медицина | ДЕНЕ ТАЗАЛЫҒЫ на казахском языке
ДЕНЕ ТАЗАЛЫҒЫ

Дене тазалығы дегеніміз — алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиогиялық-биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі.
Жұмыс жасап, күнделікті тұрмыста шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір шалады. Адам терлесе кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін физиолотаялық-биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі фолдикулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы-дерматит дерті дамиды. Басқадай іріңді тері аурулары пайда болады. Тәуліктік тері гигиснасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданады. Олардың ішінде теріні тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабыңдап жуу керек. Оны дағдыға айналдырған жөн. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал жиірек кір шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар көбейеді. Ішек-қарын инфекциясы күрт инвазиясы, гепатит вирустары жиналады. Жұқпалы дерттердің таралуында қол кірінің қаншалықты роль атқаратыны көптеген адамдарға белгілі.
Қолдағы барлық бактериялардың 90 % тырнақ астында жиналады және оларды тек арнаулы щеткамен ғана тазартуға болады. Қол жуатын жерде кішкентай щетка тұруу пайдалы. Бет пен мойынды таңертең және ұйықтар алдында тазартып жуып отырған үлкен нәтиже беретінін айтпа кетуге болмайды. Адамның терісі құрғақ немесе майлы, ылғалды болып келеді. Ал егер терің құрғақ болса, онда балалар сабыны деп алатын сабынды, лонолині бар сабындарды пайдаланған да тері онша құрғамай қалыпты жағдайда тұрады. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында, күнде жуып тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып табанды, саусақ арасын аптасына екі рет 5 % формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану керек. Орыс буламысы, фин саунасы, жапон офуросы, сэнтосы ағзаға өте пайдалы. Моншаға түскеннен кейін адам өте жақсы дем алып сергіп қалады, жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта-жігері арта түседі. Монша гигиенаны жақсы өткізеді. Денені сауықтырады. Әсіресе Сібірде тұратын орыс халқының моншасы. Олар ыстық моншаға түсіп, буланып қайың, емен жапырақ-тарынан жасалған сыпыртқылар мен сабаланып, содан кейін моншадан жүгіріп шығып қалың қарға аунап, кейннен моншаға қайтадан түседі. Дене жақсы шынығады. Денсаулық артады.

Шаш күтімі
Адамның шашы ерекше жаралған табиғат көрінісі. Адамның сұлулығы шашқа байланысты. Әсіресе әйел адамдардың байлығы мен сұлулығы, олардың шашы. Ешқандай зергерлік заттар адам шашын айырбастай алмайды. Сондықтан да шаш өте ұқыпты түрде күтуді қжет етеді. Шаш қорғаныс ролін атқарады.
Адам шашы бірнеше жыл бойы әсерін тоқтатпайды, Әйел адамдардың күніне 50 тал шашы түсіп, 50 тал шашты өсіп шығып отырады. Адам басындағы шаштың саны әр адамда әр қилы болады. Орта есеппен алғанда адам басында 140 000 тал шаш болады. Қара түсті шаш баста 100 000-дай. Шаштың жақсы өсуі үшін оны үнемі жақсы күтіп, май жағып отыру қажет. Крем жағып қойған да дұрыс. Ол шашты қоректік затпен қамтамасыз етеді. Шашты жиі-жиі жуып отырудың қажеті жоқ. Шашқа ауру пайда болады. Ұзын құрғақ шашты 3 апта сайын жуған дұрыс. Ұзын майлы шашты 7-14- күн өткеннен кейін жуған жөн, Қысқа шашты 7-14 күн өткеннен кейін жуып отырған дұрыс. Шашты жуу үшін белгілі бір шампуньды пайдалану керек, су жылы болғаны дұрыс. Шашты сабынмен жуудың қажеті жоқ. Шаш бір түрлі түске өзгереді. Жарқырап жайнамайды. Сондықтан да шампуньмен жуған дұрыс. Ұзын шашты өте ұқыптылықпен жуу керек. Шашты таратып отыру керек, Майлы шашты сабынды спиртпен жуу керек. Әсіресе калийі көп көк сабынды спиртпен жуған дұрыс. Ол көк сабын шашты дезинфекциялайды. Шаштың майын бірден кетіріп жібереді. Шампуньмен жуғаннан кейін шашты бірнеше рет сумен мұқият түрде жуу керек. Шампуньннің микробтарын түгелімен кептіру үшін. Шаш жарқырап тұру үшін шашқа 1 литр суға асханалық қасықпен 2 қасық 8 %-ті сірке қышқылын қосып, шашты шаю керек.
Содан кейін тарақпен тарау керек. Тарақтың жүзі өткір болмаған дұрыс. Әдетте ең жақсы тарақ капроннан жасалынады. Тарақты таза ұстау керек. Ыстық сумен сабындап үнемі жуып отыру керек. Әрбір адамның өзінің тарағы болуы тиіс.
Тырнақтың күтімі
Аяқ және қол саусақтрын өсірмей үнемі алып тастаған жөн. Кейбір кездерде газет-журналдарда жасанды тырнақ өсіреміз деген хабарландыру жүреді. Тырнақ қандай жағдайда болмасын күтімді қажет етеді. Тырнақ алу гигиенаның ең бір басты міндеті. Бір аптаға тырнақ 0,5 мм өседі, Жаз айларында тырнақ қыс айларына қарағада тез өседі. Сондықтан да апта сайын тырнақты алып отыру керек. Ұзын болып өскен тырнақтың астына ауру тарататын микробтар көп шоғырланды. Ондай тырнақ денсаулықты нығайтпайды. Тіпті, микроскопиялық саңырауқұлақтар (көкзеңдер) өсуі сөзсіз. Үлкен тырнақ өте сынғыш келеді.

Аяқ күтімі
Адамның аяғы — оның астындағы көлігі. Аяқ жүруге ыңғайланған. Адам аяғымен алыс қашықтыққа жүруі мүмкін. Мен 1942 жылы 400-500 километр қашықтық жерді жалаң аяқ жүріп өткенмін. Аяғымдағы бәтіңкем тозып қалады деп, оны шешіп алып мойныма іліп алдым. Бұл Ұлы Отан соғысының жүріп жатқан кез еді. Менің жаяау жүрген 400-500 шақырым жер мен дала болатын, ұшқан құс, жүгірген аң кездескен емес. Түнде мен маяланған шөптің немесе бидайдың маялап қойған сабанына кіріп кетіп, сонда ұйықтайтынмын. Таң атысымен жүгіріп отыратынмын. 7 күн, 7 түн ішінде мен ыстық тамақ ішеді. Тек біреудің пісіріп берген аз ғана наны болған соны мен керек еттім. Шай ішпедім. Ол аймақта халық өте сирек тұратын. Ауылға баруға маған болмайтын еді. Сондай алыс қашықты аяғыммен жүріп шықтым. Менің аяғым Берлиннің көшесін таптады. Бухаресті көрді. София қаласын аралады. Болгарианың раушан гүлін өсіретін алаңдарда болды. Алтын Праганы басты. Ұзақ уақыт суық-сазды Санкт-Петербургте өтті. Аязды Москвада жүрді. Орал тауларын аралады. Қостанай даласын шарлады. Мен үнемі аяғымды ерекше күтімге алып жүремін. Тізеге массаж жасап, ұқалап қойған дұрыс. Массажды күнделікті жасап отыру керек. Ұйықтар алдында аяқты сабындап жылы сумен жуып, орамалмен құрғатып сүрту керек. Ерінбеген қажет. Табанды ағаштан жасалған массажермен ұрғылау керек. Жазда үнемі жалаңаяқ жүрген дұрыс. Аяққа таза мақтадан носкилер киген жөн. Шұлықтың резинкалары аяқты қыспау керек. Қан айналасына тосқауыл жасайтындай болған жөн.

Қол күтімі
Адам өмірінде адамның қолы ерекше роль атқарады. Өмірімізде қолданатын барлық заттар адам қолымен жасалған. Тіпті, адам атом бомбалары, механизмдер, автокөліктерді, ұшақтар, өте күрделі компьютерлер адам қолымен жасаған.
Бұрын адам төрт аяқтап жүрген, кейін ағаштарға өрмелеп, ағаш басындағы жемістерді алып жеймін деп адамның қолы жетілген қолымен бірге тіл шықты. Ақыл-ой дамыды. Адамзат баласы басқа жануарлар дүниесінен бөлініп өте жоғары деңгейге көтеріле түсті.
Адамның қолы әрқашанда ашық, сондықтан да қол күтіміне ерекше көңіл бөлінгені дұрыс. Қолдың терісі үнемі жуа бергендіктен шытынап жарылады. Жұмыстан кейін жылы сумен сабындап щетканы пайдаланып жуып отыру керек. Жақсылап сүртіп кептіріп, қолға арналған крем немесе гель жағу керек. Өте кір жұмыстар істеу үшін (үй ішін тазалау, үйдің жанындағы бау-бақшаларда жұмыс істеу үшін қолғап киіледі немесе қолды қорғайтын крем жағып алады. Құрғақ қолды кешке ұйықтардың алдында арнаулы қоректік кремді жаққан дұрыс. Өсімдік майларын қолға жағып отырған жөн. Майлағаннан кейін мақтадан тоқылған жұқа қолғап киіп алған дұрыс. Өте қатты терлейтін қол болса, онда дәрігерге көрінуге болады. Әлсіз сірке қышқылымен қолды жуып, аздаған ұнтақ сеуіп қойған жөн. Қол қызыл болса, қан айналымы дұрыс болмағаны, адамның қолының ауыратынының белгісі. Оны арнаулы түрде емдеген дұрыс. Ол үшін шөптен жасалған қайнатпамен жуу керек, немесе булау керек. Қолға массаж жасап отыру керек.

Тіс және ауыз гагиеанасы
Адамның тісі — оның негізгі мәшинесі. Өйткені қандай тамақ болсын тіспен шайнап жейді. Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды. Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді. Тісі опырылып түсіп қалған адамдардың түрі қандай жаман десеңізші. Тісі түсіп қалу, тісті ауыз қуысының гигиенасын сақтамағандықтан болады. Содықтан да тіс пен ауыз қуысын ерекше күтімге алған жөн. Тіс және ауыз қуысы күтіміне мына төмеңдегілер жатады.
1. Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Тіс щеткасы өте қолайлы болуы керек. Ол синтетикалық материалдардан жасалған болуы тиіс. 3-4 айда жаңа щеткалар сатып алып, ескілерін тастау керек.
2. Қызыл иекті де қолмен ысқылап массажды үнемі жасап отырған дұрыс. Ерінбеу керек.
3. Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тіс тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3 -4 минуттан аспауы керек.
4. Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы керек. (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып тұруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың оның әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді.
5. Тіс шеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуу керек. Спиртпен дезинфекциялаған жаман боламайды.
Тіс пасталары және ұнтақтары құрамына гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық-физиологаялық белсенді заттар енгізіледі. (тұздар-фермениттер-биологиялық катализаторлар, микроэлементтер - Мn, Сu, Fе, Со, Zі, Ті және фтор, кальций-хлорофилл-жасыл пигмент, өсімдік жапырақтарынан өндіріледі). Олар тіс тканьдеріне, қызыл иекке, кілегейлі қабықа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етуге есептелген ем-домдық-профилактикалық көптеген тіс пасталары шығарылады. Қазіргі кезде олардың сапасы өте жоғары. Өйткені бәсекелестік күшті жетілген кез. Сапасыз зат шығарсаңыз өзіңіз далада қаласыз. Сіздің шығарған затыңызды ешкім де алмай қояды.
6. Тісті тазартқаннан кейін ауызды элексирмен шайып отыру керек. Міне тіс күтімі осындай деңгейде жүру керек. Тісің жарқырап жүрсе, қандай көңілді жүресің. Әсіресе қыздар, жас әйелдер күлгенде ең алдымен тістері адамға айрықша әсер етеді.

Киім-кешек және аяқ киім тазалығы
Адамның барлық денесі, киім-кешегі, аяқ киімі өте келісімді болуы тиіс. Киімге қарап кездестіруіңіз керек, ақылға қарап қоштасуыңызға болады. Ең алдымен аяқ киім көзге түсуі керек. Ол әдемі жаңа, киюге өте қолайлы болғаны дұрыс. Аяқ киім аяқты қыспауе керек. Биік өкшелі аяқ киімді киюдің қажеті жоқ. Сол сияқты кроссовкаларды жалпы киюге болмайды. Ол аяқта бұзады, бірнеше аяқ дерттерін аяққа туғызады. Өйткені барлық кроссовкалар синтетикалық материалдардан жасалады. Киім жыл мезгіліне және ауа райына сай киілінуі керек. Әсіресе балалардың киіміне ерекше көңіл аударған жөн. Тар киім киген қыздардың денесінде "Джинсовый дерматит" деген дерт пайда болуы мүмкін, үнемі тар джинсі киіп жүргендіктен. Жұмыс киімдері өте кең болуы керек. Жұмыс киімі мақтадан тігілген болу керек. Синтетикалық киімді киюдің қажеті жоқ, әсіресе жазды-күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.
Қалыпты климатты аймақ тұрғындары улътра күлгін сәуле жетіспегендіктен олардың көк, жасыл, ақ, көк, сирек түсті киімдерді кигені дұрыс. Олар денеге ультра кулгін сәулелерді мол түсіреді. Ал жаз айларында раушан түсті ақ киімдерді киген дұрыс. Синтетикалық киімдерді салқын түскен кездерде киюге болады. Белді белбеулермен байлап алған дұрыс емес. Бауыр, асқазан және бүйрек ауруларын туғызуы мүмкін.
Балалардың киіміне өте назар аударған жөн. 15-16 жастағы қыздар өте әсем киінгені дұрыс. Әсіресе аяқ киімдері дұрыс болғаны жөн. Театрларда, басқа да сауық кештерінде киім тіпті көз тартатындай болуы керек. Адам көркі шүберек, ағаш көркі жапырақ дейді қазақ. Бұл нақыл сөз бекерден-бекер айтылмаса керек. Өмір қағидасынан алынған болуы ықтимал. ....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 240 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Реферат: ТЕРІ ОНЫҢ ҚҰРЛЫСЫ ҚЫЗМЕТІ ГИГИЕНАСЫ
Рефераттар жинағы
Реферат: ТЕРІ ОНЫҢ ҚҰРЛЫСЫ ҚЫЗМЕТІ ГИГИЕНАСЫ
Безеуге қарсы маскалар
Денсаулыққа пайдалы кеңес жинағы
Безеуге қарсы маскалар
Әжім кетіретін 8 түрлі нәр
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңес жинағы
Әжім кетіретін 8 түрлі нәр
Жағымсыз тері иісінен қалай құтылуға болады
Пайдалы кеңес жинағы
Жағымсыз тері иісінен қалай құтылуға болады
Тері неліктен тез қартаяды
Пайдалы кеңес жинағы
Тері неліктен тез қартаяды
Маймен жуыныңыз
Пайдалы кеңес жинағы
Маймен жуыныңыз
Жүзіңізді жайнататын 5 әдіс
Пайдалы кеңес жинағы
Жүзіңізді жайнататын 5 әдіс
Тоналды кремді қалай таңдаймыз
Пайдалы кеңес жинағы
Тоналды кремді қалай таңдаймыз
Әжім кетіретін Сегіз түрлі нәр
Пайдалы кеңес жинағы
Әжім кетіретін Сегіз түрлі нәр
Халық медицинасы Безеуге қарсы маскалар
Пайдалы кеңес жинағы
Халық медицинасы Безеуге қарсы маскалар
Ғылыми жұмыс (жоба):  Өнер шыңы тері илеу
Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін]
Ғылыми жұмыс (жоба): Өнер шыңы тері илеу
Қияр артық салмақтан арылуға көмектеседі
Пайдалы кеңес жинағы
Қияр артық салмақтан арылуға көмектеседі
Реферат:  Биология | Көршиқан  карбункул
Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | Көршиқан карбункул
Реферат:  Биология | ЖТБ-ның тері және кіндік аурулары
Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | ЖТБ-ның тері және кіндік аурулары
Жұмыртқа маскасы: теріні тазалайды, тартады, жұмсартады
Денсаулыққа пайдалы кеңес жинағы
Жұмыртқа маскасы: теріні тазалайды, тартады, жұмсартады
Күнделікті бет күтімінің 10 ережесі
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңес жинағы / Аналарға және әйелдерге пайдалы кеңес жинағы
Күнделікті бет күтімінің 10 ережесі

KZ / Рефераттар жинағы, реферат ДЕНЕ ТАЗАЛЫҒЫ туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат ДЕНЕ ТАЗАЛЫҒЫ на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Медицина жоспарымен, казакша реферат жоспар, ДЕНЕ ТАЗАЛЫҒЫ, реферат ДЕНЕ ТАЗАЛЫҒЫ туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат ДЕНЕ ТАЗАЛЫҒЫ на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Медицина жоспарымен казакша реферат жоспар ДЕНЕ ТАЗАЛЫҒЫ, Реферат: Медицина | ДЕНЕ ТАЗАЛЫҒЫ реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы