Биология | Аусыл

Биология | Аусыл

Аусыл
Аусыл (лат. Арhtae epizooricae, ящур, ағыл. Ғоot аnd тоuth disease-FMD) аса жұғымтал жіті өтетін, қызба және ауыздың кілегейлі қабығында, желін мен аяқтың терісінде күлдіреуік пайда болуы арқылы ерекшеленетін үй және жабайы ашатұяқты жануарлардың вирустық ауруы.
Тарихи деректер. Жануарлардың аусылмен ауыруы туралы бірінші жазба деректі 1546 ж. Италияда Д. Фракастро берді. Бұл аурудың қоздырушысы вирус екенін неміс ғалымдары Деффлер мен Фрош (1898), ал вирустың бірнеше түрге бөлінетіндігін француз ғалымдары Валле мен Карре (1922) анықтады. Аусыл Австралиядан басқа барлық құрлықтарда кеңінен тараған. Бұл аурудан ұзақ уақыт бойы тұрақты АҚШ, Жапония, Канада сау болып есептелінеді. Европа мен Азия құрлықтарында аусыл жиі байқалып тұрады. Осы екі құрлықты толықтай дерлік қамтыған соңғы лаң 1966 ж. болды. Қазір ТМД мемлекеттерінде шектеулі ғана территорияларда оқтын-оқтын байқалып қалады.
Қоздырушысы - Aphtovirus- РНҚ-лы, Aphtovirus туыстығына, Pikor-naviridae тұқымдастығына жатады. Вирионның мөлшері 20-25 нм. Вирустың антигендік құрамы өте күрделі. Антигендік қасиеті бойынша серологиялық типке: О, А, С, САТ-1, САТ-2, САТ-3 және Азия-1 бөлінеді. Әр тип бірнеше вариантқа бөлінеді: О тармағы 13 вариантқа, А - 32, С - 5, САТ-1 - жеті, САТ-2 - үш, САТ-3 - төрт, Азия-1 - екі. Бұл тармақтары мен варианттарының бір-бірінен иммунологиялық айырмашылықтары бар. Олардың әрқайсысы вирустың басқа типі мен вариантына иммунді жануарларда ауру қоздыра алады. Аусылдың вирусы бейім жануарлардың эпителий ұлпаларының торшаларының өсінінде белсенді көбейеді және оның нәтижесінде ЦПӘ байқалады. Вирустың уыттылығы жаңа туған тышқан үшін өте жоғары. Оны лабораториялық жануарлардың (теңіз тышқаны, бала тышқан мен қоян көжегі) денесі арқылы өте оңай пассаж жасауға болады. Жануарлар денесінде вирус бейтараптаушы, комплемент байланыстырушы, преципитациялаушы антиденелер түзілуіне түрткі болады. Бүл антиденелер қоздырушының әрбір серологиялық типіне тән болады. Сондықтан ҚГАР, БР, КБР, сарысумен қорғау реакциясы мен айқыш иммунитет аусыл вирусының серотиптері мен варианттарын ажырату үшін қолданылады.
Төзімділігі. Вирус эфир мен хлороформға төзімді. 1% фенол ерітіндісі мен 75° этил спирті белсенділігін жоймайды. Лизол мен толуолдың басқа вирустар мен бактерияларды өлтіретін концентрациясына төтеп береді. Ол ортаның рН-на сезімтал. 6-дан төмен 10-нан жоғары рН-та инфекциялық қасиетін тез жояды. Сыдырылып түскен күлдіреуіктің қабығында вирустың төзімділігі едәуір жоғары болады. Таулы жайылымда келесі жылғы жайылым маусымына дейін сақталады, сарқын суда жылдың суық мезгілінде 100 күннен артық, жаздың күні 21, күзде 49 күн сақталады. Малдың үстіндегі жүнінде 50, киімде 100, үй ішінде 70 күнге дейін сақталады. Сүтте аусылдың вирусы 65°С-та 30 минутта, 70°С-та 15 минутта, 80-100°С-та бірнеше секундта белсенділігін жояды. Сойылған малдың етінде вирус ет бабына келу процесі кезінде түзілетін сүт қышқылының әсерінен тез белсенділігін жояды. Тұздалған және кептірілген өнімдерде 50 күнге дейін сақталынады.
Аусылдың вирусы химиялық заттарға төзімді, оны дезинфекция үшін жиі
қолданылатын хлорлы әк (5%), фенол (1%) және креолин (5%) ерітінділері
бірнеше сағаттан соң ғана өлтіреді. Ең жақсы дезинфектант 1-2 % формаль-
дегид, 2 % күйдіргіш натрий ерітінділері болып табылады. Олар ауру қоздырушысын 10-30 минут ішінде өлтіреді.
Індеттік ерекшеліктері. Аусылға бейім жануарлар: сиыр, шошқа, қой, ешкі, буйвол, қодас, түйе, бүғы жэне көптеген жабайы ашатұяқтылар (сайғақ, бұлан, елік). Бірлі-жарым бұл ауруға ит пен мысық, қоян мен егеуқұйрық, тіпті кірпі де шалдығатыны туралы хабарлар бар. Ең сезімтал жануарларға сиыр мен шошқа жатады. Кей жағдайда ауру малды бағып күткенде, аусыл-мен адам да ауырады. Жас малдың бейімділігі ересек малдан гөрі жоғары және оларда ауру ауыр түрінде өтеді.
Аусыл қоздырушысының бастауы - ауырған, оның ішінде аурудың жасырын кезеңіндегі жэне вирус тасымалдаушы мал. Мұндай жануарлар вирусты сыртқы ортаға сүтімен, сілекейімен, несебі және нәжісімен бөліп шығарады. Бұның нәтижесінде қоражай, әр түрлі құрал-саймандар, жайылым, жем-шөп, суат, көлік жабдықтары, т.б. ластанады.
Вирус жануарлардың денесіне негізінен жемшөп және сумен бірге, әр түрлі ластанған заттарды жалаған кезде ауыздың кілегей қабығы, желін мен сирақтың зақымданған терісі арқылы немесе ауру малмен бірге тұрғанда аэрогендік жолмен енеді.
Аусылдың таралуына көп жағдайда шаруашылық-экономикалық байланыстар, малды өсіру ерекшеліктері, мал басының тығыздығы, халықтың жүріп-тұруы, мал азығын дайындау, мал өнімдерін сақтау, тасымалдау, өңдеу және т.б. жағдайлар әсер етеді. Алыстағы жайылымдарға малды айдау кезінде аурудың таралуы жылдамдайды. Ет және сүт өңдейтін мекемелер аусылдың таралуына көп әсер етеді.

Аусылмен ауырған сиырдың ауызынан сілекей ағуы.
Кәдімгідей қатерсіз өрбуімен бірге аусылдың қатерлі түрі де кездеседі.
Ол жағдайда жүрек қызметі мен қан айналымының бұзылуы басым болады
да, мал қатты күйзелген жағдайда болады. Әсіресе маститтің жіті түрі жиі
байқалып, сүт беруін тоқтатып, мал жатып қалады. Аусыл қатерлі өрбігенде
7-14-ші күндерінде мал кенеттен өліп, өлім 70-100%-ға жетеді. Аусылдың
қатерлі өрбуі әсіресе жас төлде жиі кездеседі. Бұзаудың денесінің ыстығы
көтеріліп, қатты әлсіреп, күйзеледі, кейде гастроэнтерит, тахикардия, жүрек
параличі байқалады. Ауырған бұзау әдетте 12-36 сағат ішінде миокардиттің
әсерінен өліп кетеді.

Аусылмен ауырған сиырдың тіліндегі күлдіреуік.
Қойда аусыл сиырға қарағанда біршама бәсең өтеді. Негізгі белгісі - дене ыстығының көтерілуі. Ауызда пайда болатын, тез басылып қалатын тарыдай ұсақ афталар (күлдіреуік жара) әдетте байқалмай қалуы мүмкін. Тұяқтың өкшесінің жоғарғы жағында, тұяқ көбесі мен тұяқ аралығында аурудың бесінші күнінде афта пайда болады. Мұндай жағдайда мал ақсайды. Аусыл сақман кезінде байқалса қозылар жүрек еті мен орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан өлімге ұшырайды. Ересек қойлар аусыл вирусына сезімталдығының төмен болуынан отардағы барлық малдардың ауруға шалдығуы ұзақ уақытқа созылады. Шошқа аусыл болғанда талпақ танауында, желінінде, тұяқ көбесінде афта пайда болады. Ауырған хайуан ұзақ уақыт жатып алады, жорғалап қана, тізерлеп қозғалады. Экссудативтік процестер өрбігенде, ауру сирағына аз-маз зақым келсе тұяғы сыдырылып түсіп қалады. Торайларда аусыл сепсис түрінде өтеді де, ауру шыққан фермадағы барлық еметін торайлар қырылып қалады.
Патологоалатомиялық өзгерістер. Ірі қарада аусылға тән патологиялық өзгерістердің ең бастысы - ауыз қуысында, желінде және сирақтарда кездесетін күлдіреуіктер. Кейде күлдіреуіктер мен қызылшақаланған орындар өңештің, таз қарын мен жалбыршақ қарынның кілегейлі қабығында қездеседі. Жүрек қабында транссудат жиналып, миокардта өліеттенген ақсары нүктелер кездеседі (жолбарыс терісі сипатты "тарлан" жүрек). Жүректегі мұндай өзгеріс әсіресе бұзауларда жиі ұшырасады. Сонымен қатар малдың бұл түлігінде геморрагиялық энтерит аурудың негізгі белгілерінің қатарына жатады. Аусылдың денені жайлаған (генерализацияланған) түрінде сірі қабықтар (көкірек пердесі, құрсақ пердесі) қанталап, үлпершек ағзаларда дегеяеративтік өзгерістер байқалады.
Балау. Аусылға диагноз қою үшін індеттанулық деректер, клиникалық белгілері және зертханалық зерттеулердің нәтижелері пайдаланылады. Аусыл ең алғаш байқалғанда міндетті түрде қоздырушы вирусты бөліп, оның типі мен вариантын анықтайды, Ол үшін кемінде 5 г афтаны тең мөлшерде алған таза глицерин мен рН 7,4-7,6 фосфат буферінің қосьшдысынан даярланған консервантқа салып зертханаға жібереді. Аусылдың вирусын айқындау үшін комплемент байланыстыру реакциясы (КБР), диффузиялық преципитация реакциясы (ДГІР), қосалқы гемаглютинация реакцтясы (ҚГАР), комлпемент байланыстыруды тежеу реакциясы (КБТР), торшалар өсіндісінде вирусты бейтараптау реакциясы (БР) қолданылады. Бұл реакцияларда аусыл вирусының барлық типтері мен варианттарының лапинделген штамдарынан даярланған инфекциялық қасиеті жок антигендер қолданылады. Ал ҚГАР-да танинденген, формалинденген гипериммунды қан сарысуымен сенсибизацияланған қойдың эритроциті (антиденелік диагностикум) қолданылады. Аусыл вирусының типтері мен варианттарын айқындау үшін биосынама да қолданылады. Қазіргі уақытта бүл мақсатта ірі қара өте сирек пайдаланылады да, әдетте 4-6 күндік бала тышқандарды, салмағы 500 г кем емес теңіз тышқанын немесе ұлпа өсіндерін жұқтырады. Жұқтырған кезде тәжірибе екі бағытта жүргізіледі: бірінде вируспен қатар өзіне тән қан сарысуын жіберіп, екіншісінде қан сарысуы жіберілмейді. Қан сарысуымен қорғау деп аталатын бұл әдіс вирусты айқындау және вирусқа қарсы иммунитетті зерттеу үшін қолданылады.
Ажыратып балау. Сиырда жұқпайтын стоматиттен, шешектен, зілді катарлы қызбадан, обадан, везикулярлық стоматиттен, вирустық диареядан, қойда некробактериоздан (сарып), шошқада везикулярлық аурудан ажырату керек. Кей елдерде кездесетін везикулярлық стоматит аусылға өте ұқсас, ауырған малдың сирағы зақымдалады. Бұл аурумен сиырмен қатар жылқы мен есек те ауырады. Оның вирусына ересек тышқан сезімтал, ал аусылдың вирусына жаңа туған тышқан сезімтал келеді. Шошқаның везикулярлық ауруы кезінде басқа мал түліктері ауырмайды. Жұқпайтын везикулярлық стоматит бұзылған жем-шөптен болады да, ауырған малдан сау малға тарамайды, Шешек кезінде күлдіреуік желінде ғана болады, ал вирустық диарея, зілді қатарлы қызба мен сиырдың обасы кезінде тұлқтың көбесі мен тұлқ ашасы зақымданбайды.
Емі. Ауырған малды жедел оқшаулап, жақсы жағдай жасайды, жұмсақ жемшөп береді. Құнарлы жемді, шырын тамырлы және түйін тамырлы мал азығын қайнатып береді. Ауызын 2% сірке қышқылының, 1% бор қышқылының, 1:1000 калий перманганатының, 1:5000 фурацилин ерітінділерінің бірі-мен оқтын-оқтын шаяды. Күлдіреуіктің орнына 2,5 новакаин, 2,5 г. анестезин, 5 г тотыяйын, 20 г балық майы және 70 г вазелиннен тұратын қоспа жағады. Болмаса ол үшін йод глицерин, 2% алюминий ашудасын (квасцы) пайдаланады. Тұлқтарын мұқият тазалап, зақымданған көбесіне қара май мен балық майының тең қоспасын, Вишневский линиментін, 10% креолин, 5-10% ихтиол майларын жағады, 10-20% формалин ерітіндісімен күйдіруге де болады. Егер аяғы ақсаған мал көп болса оларды 1% тотыяйын, 5% формалин, 2% хлорамин ерітінділерінің бірінен даярланған аяқ ваннасы арқылы жүргізіп өткізеді. Ауру сепсис болып асқынса вена ішіне 0,5% новокаин ерітіндісін, 0,5 мл/кг есебінен жібереді, антибиотиктер тағайындайды. Сауын сиырлардың желінін мұқият күтіп, зақымданған терісіне синтомицин эмульсиясын, новокаинді май жағады. Қатты ауырған малды, әсіресе бұзауларды реконвалесценттердің (аусылмен ауырып жазылған) қаны не қан сарысуымен емдеу жақсы нэтиже береді. Бұл мақсатпен ауырып жазылған немесе иммунденген сиырдың сүтінен даярланған иммунолактон қолданылады. Дұрыс күту, күлдіреуікпен зақымданған жерлерін дезинфекциялаушы ерітінділер мен майлар арқылы домдау, бүкіл организмнің қуатын арттыру үшін иммундік және басқа да дәрмектерді қолдану ауырған малдың сауығуына кепіл бола алады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі