Биология | ВИРУСТАР

Биология | ВИРУСТАР

ВИРУСТАР
Вирустарды вирусология ғылымы зерттейді. Вирусология ғылымының негізін орыс ғалымы Д. И. Ивановский қалаған Д. И. Ивановский XIX ғасырдың аяғында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары микробтардан да ұсақ тіршілік иесінің әсерінен болатынын дәлелдеп,бірнеше еңбектер жазған болатын. Тәжірибенің нәтижесінде бұл аурудың әдеттегі бактерияларды сүзетін сүзгілер көзінен де өтіп және ол сүзінді сұйықтықты төменге жұктырса, темекіні сол аурумен қайтадан зақымдайтыны, зақымданған темекінің жапырақтары теңбілденіп, сарғаятыны дәлелденді. Зақымданған темекі жапырағына арнаулы тексеру жүрізген сүзіндіге кристалдардың бар екені анықталған 1935 жылы америка ғалымы У. Стенли бұл кристалдар темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін дәлелдеген болатын.
Ал, XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында өте кішкене "тіршілік иелерінің, зардабынан болатын көптеген аурулардың, түрлері ашылды. Ақыры аяғында, Д. И. Ивановскийдің ашқан тіршілік иесі — вирустар екені анықталды.
Вирус (латынша «вирус»—у)— тірі ағзалардың жасушасыз пішіні. Әрбір вирус нуклеин қышқылдары (ДНҚ немесе РНҚ) мен оны қоршаған ақуыздан тұрады. Вирустар тек басқа ағзалардың жасушаларында ғана тіршілік етіп, көбейе алады. Олар тірі ағзалардың барлығын уландырады. Вирустың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей және өсімдіктерді уландыратын 300-дей түрі белгілі. Олар уландырған жасушалар қалыпты дамуын бұзып, ағзада әр түрлі ісіктер (онкоген) тудырады екен.
Вирустардың құрылысын темекі теңбілі мен бактериофактарды мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырақтарындағы хлоропластарды бүлдіреді. Осының нәтижесінде жапырақтардың түсі өзгеріп, тенбілденеді. Жапырақ алақаны бүрісіп, шиыршықтанады және тостағанша мен күлте жапыракшалары да өзгереді. Темекі тенбілінің вирусымен зақымданған жапырақ 9—11 күннен сон сарғая бастайды. Электрондық, микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп көрсетудің нәтижесінде оның пішіні таяқша немесе жіп тәрізді, іші қуыс цилиндр сияқты болатыны анықталды. Оның қабырғасы ақуыз молекуласынан, ал ақуызды қабықшаның ішінде оралмаға айналған РНК. молекуласы орналасқан. У. Стенлидің дәлелдсуі бойынша, темекі жапырағындағы вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді, оны 29-сыбанұсқадан байқауға болады.
Бактерияларды ерітіп жіберетін вирустар тобы болады, оларды бактериофагтар деп атайды. Бактериофагтар грекше «фагж» — жебір деген мағынаны білдіреді. Бактериофагты алғаш рет 1915жылы. Ф Туорт ашқан болатын. Бактериофагтардың пішіні итшабаққа ұқсайтындығы 31-суретте бейнеленген. Олардың денесі бас, мойын және құйрықшадан тұрады. Вирустығ басын ақуыз қабықшасы қаптайды, ішінде ДНҚ, кейде РНҚ қышқылы болады. Басының мөлшері 40 нм, ал құйрығынын ұзындығы 20 — 225 км-ге тең болады. Құйрығы іші қуыс ақуызды түтік. Енді бактериофагтың бактерия жасушасына енгеннен кейінгі іс-әрекетін 31-суреттік негізінде қарастырай
Бактериофагтар (фагтар) бұтақшалары (құйрығы) арқылы алдымен бактерия жасушасының сыртқы бетіне бекінеді. Вирустар сол жабысқан сыртқы ортада (жерінде) белгілі өлшемі менхимиялық құрамы және дұрыс пішіні бар вибрион деп аталатын әлі бөлшек түрінде болатындығын байқау қиын емес. Мұндай бөлшек түрінде кездесетін кейбір вирустар, үлкен молекулалар сияқты кристалл формалы болады екен. Вибрион жасуша — иесіне өтерден бұрын алдымен оның бетіне бекінеді де, сол жабысқан жерінде жасушаның немесе бактерияның қабықшасын ерітіп жібереді. Вирустың сыртқы қабығы шприц сияқты ішіндегі ДНҚ-ны жасуша иесіне бүркеді. Осыдан кейін вирус (немесе оның нуклеин қышқылы) өзі бейімделген жасуша иесіне енген бойда пішінін мүлдем өзгертіп, жасушаның паразитіне айналады.
Вирустағы нуклеин қышқылы «өлі» вибрионның құрылымының генетикалық ақпаратын алып жүреді. Ол жасуша — иесіндегі барлық биохимиялык мүшенің қалыпты жұмысын бұзып, өзіне бағындырады. Сол уакытта жасушадағы ферментгер мен рибосомалар жасуша жиынтықтарының орнына көптеген жана вирустардың бөлшектерін синтездеуге кіріседі. Нәтижесінде бір вибрионмен уланған жасуша иесінде ондаған немесе жүздеген вирустар синтезделетіндігін және олардың мөлшері минут өзгерген сайын көбейе түсетіндігін байқауға болады.
Кейбір жағдайда вирус жасуша иесін улағаннан кейін оны, тастап кетелі. Мұндай жағдайда жасуша иесі өзінің тіршілігін тоқтатады. Екінші жағдайда жаңадан синтезделген вирустың нуклеин қышқылы жасуша иесінің тіршілігіне аздап әсер етеді де, оның ішінде қалады. Соның өзінде жасуша иесінің сыртқы пішіні мен қызметі өзгереді. Бактерияның хромосомасындағы ДНҚ құрамына кіретін вирусты лизогендік бактериофаг деп атайды. Олардың ішінде жақсы зерттелгені — бактериофаг лямбда (Л).

Бактериофаг Л.Е. Соlі жасушасын уландырғанда, ондағы ДНК. сақина тигіңде бактерия иесінің сақина хромос «мағына енеді,бұл әрекетті интеграция дейді. Интеграция аяқталғаннан кейін хромосомасында бактериофаг Л-ның ДНК-сы бар лизогенді бактерия бұрынғы қалыптағыдай көбейе береді. Егер ультра күлгін сәулесі сияқты сырттан әсер етсе, хромосомадағы бактериофаг Л-иесінің хромосомынан шығып, жарақаттанбаған басқа бактерияға ауыса алады ф». Вирустардың жасуша — иесіңдегі дамуы екінші жалпы литикалык, —инфекция. Жасуша иесіне бейімделген жүздеген вирустар болады, олар өзара әр түрлі қасиеттері бойынша ажыратылады.
Өсімдіктерде болатын вирусты аурулардан темекі, асбұршақ және басқа дақылдардың теңбіл ауруы белгілі, мұнда вирустар ауру өсімдіктердің хлоропластарын бүлдіреді де, жапырақтардың зақымданған жерлері түссізденіп қалады. Сонымен жануарлар, өсімдіктер және бактериялардың жасушаларына енген вирустар көптеген қауіпті аурулар туғызады. Мысалы, тумау, полиомиелит, шешек, аусыл, құтыру және СПИД, т. б. секілді аурулар вирус арқылы таралады.
Тұмаудың нағыз қоздырғышы 1933 жылы табылды. Жер шарында тұмаумен ауырмаған адам кемде-кем. Бұл сырқат ертеден белгілі. Кейде бұл ауру үш күндік деп немқұрайды қарайды, ол дұрыс емес. Тұмау індеті адам баласына шешек пен обадан кем тимеген. 1918 — 1920 жылдары тұмаумен 500 миллиондай адам ауырып, оның 20 миллиондайы қайтыс болған, ал мұның өзі бірінші дүние жүзілік соғыста қаза тапқандар санынан әлдеқайда көп екенін көрсетеді.
Полиомиелит. Полиомиелит вирусы тұмау вирусымен салыстырғанда өте кішкене, тез таралатын іңдет.
1916 жылы тек Нью-Йоркте полиомиелиттен 2 мындай адам өліп, 7 мыңдай адам сал ауруына дұшар болды. Бұл ауру әсіресе балалар арасында көп тараған, оның қоздырғышы әдетте тағам арқылы және ауамен де келіп түседі. Полиомиелитіндеті Қазақстанда,әсіресе, 1961 жылы кең өріс алды.
Бұл аурудың қоздырғыштары жүйке жасушаларына еніп, адам қозғалысын басқаратын жүйкелерді бұзады да, жансызландырады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?