Биология | Бауыр қабынуы

Биология | Бауыр қабынуы

Бауырдың жұқпалы қабынуы.
Бауыр ауруларын зерттеудегі қысқаша тарихи мағлұмат.
Біз қайсыбір медициналық жетістіктерді ғылыми тұрғыдан және оның тарихын зерттегенде біздің дәуірімізге дейінгі VI — V ғасыр арасында өмір сүрген грек ғалымы Гиппократтан бастаймыз. Деректерге қарағанда, Гиппократ бауыр аурулары түрлерін, әсіресе сары ауру мен бауыр шеменін осы бауырдың қызметінің нашарлауына байланысты пайда болатынын байқан білген. Біздің жаңа жыл санауымыздың II ғасырымызда өмір сүрген римдік ғалым Клавдий Гален тарихта тұңғыш рет адам мен жануарлардың бауыр құрылымын зерттеп, жазған. Сонымен қатар бірінші рет ғылыми жолмен өттің бауырдан шығатынын және адамның сарғаюы осы өт жолдарының қабынуына байланысты екенін дәлелдеген де осы Гален болған.
XV ғасырда өмір сүрген Италия ғалымы Леонардо да Винчи бауыр анатомиясын зерттей келе тарихта бірінші рет бауыр шеменін көзбен көріп, оның ерекшеліктерін жазған. Кейін бсы елдің ғалымы Андреас Везалий бауырдың қан тамырлары мен өт жолдары гуралы жаза келіп. бауыр шеменінің арақ — шарап ішуге, маскүнемдікке тікелей байланысты екенін дәлелдеп берген.
XVII ғасырда өмір сүрген ағылшынның белгілі ғалым — дәрігері ("екінші Гиппократ") Томас Сиденгам сары аурудың жукпалы екенін алғаш рет дәлелдеп жазған.
XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейдің белгілі ғалым-терапевті С.П.Боткин осы бауыр қабынуының жұқпалы қатаң түрі кейін оның созылмалы түріне айналуы мүмкін екенін болжаған болатын. Оның қызметіне кейін жұқпалы сары ауруды, яғни бауырдың жұқпалы вирустармен қабынуын "Боткин ауруы" деп атайтын болды.
1963 жылы американ ғалымы В.С.Блюмберг Австралияның жергілікті тұрғындарының (абориген) қанын зерттей келе жұқпалы вирустардың сыртқы қабығының антигенін тапқан болатын. Бұндай антигендер кейбір қан ауруларымен ауырып, көп кан құйылған науқастардан да табылған. Бұл антигенге «австралиялық антиген» деген ат беріп, кейін осы аурудың жұқпалы вирустарының "В" түріне сәйкес келетінін дәлелдеп бергені үшін ол кісіге Нобель сыйлығы берілген болатын.
1973 жылы, яғни oн жыл өткеннен кейін бауырдың осы жұқпалы вирустері "А" түрінің ангигені мен антитенасы ашылды. Бұл бауыр ауруларын алғаш едәуір зерттеп, тұңғыш рет үлкен ғылыми еңбек (монография) жазған (1954ж.) совет терапевті А.А.Мясников болатын. Бауырдың қабынуын оның түрлерін зерттеуде ғалым-терапевт Е.М.Тареевтің де өзіндік үлес-еңбегі, өзіндік мектебі бар. Міне, осылардың нәтижесінде соңғы жылдары Совет Одағы кезеңінде әр жерден бауыр ауруларын терең зерттеуге арналған ғылыми орталықтар ашылып, оларда атақты ғалымдарымыз (гепатологтар) еңбек етіп жүр. Олар А.С.Логинов, А.Ф.Блюгер, Х.Х.Мансуров, СД.Полымова, З.И.Апросина, Г.И.Белоскурская тағы басқалар.
Бауырдың құрылымы мен қызметі. Бауыр — адам организміндегі ең үлкен "без" болып есептеледі. Ол құрсақ қуысының оң жағында, кеуделердесінің астында, қабырғаға жақын орналаскан. Бауырдың салмағы ересек адамдарда 1300-1800 грамм шамасындай, көлемі 25-30 х 15-20 х 10-15см. Әрине, бұлай болу адамның жасына, дене бітіміне де байланысты. Бауырды сыртынан қарағанда, оның түсі қоңыр-қызғылт, қолмен сипап көргенде жұмсақ, кесіп қарағанда іркілдеп тұрад қолға қысқан кезде оп – оңай езіледі.
Бауыр қан тамырлары жалғасып жатады. Қазіргі кезде олардың гистологиялық құрылымы микроскопиялық және электронды микроскопиялық әдістермен толық зерттелген.
Бауыр қан тамырларының адамның басқа ішкі ағзаларында кездеспейтін ерекшеліктері де бар. Олар мыналар: бауырға екі бірдей қан тамыры кіріп, бірі вена кақпасы арқылы (75-85 пайыз) қан алып кіреді де, екіншісі бауыр артериясы арқылы (15-25 пайыз) оттегімен байытылған қанды жеткізеді. Одан бір ғана қан тамыры шығып, қанды төменгі қуыстағы жартылай үлкен венаға құяды. Вена қақпасы арқылы іште, көкбауырда және тағы баска ішкі ағзаларда қорытылған астық қоректік заттары бар қан келіп түседі. Қан шоғырлантан ұсақ қан хамырлары (капиллярлар) мен бауыр клеткалары арқылы баяу жылжи отырып, әртүрлі биохимиялық құбылыстардан өтеді. Бір ғажабы тыныштық жағдайда бауыр клеткасындағы 75 пайыздай ұсақ қан тамырлары (капиллярлар) да демалады екен. Ал тамақ ішкеннен кейін тағамның түріне, оның құрамына байланысты кезекте, және резервте тұрған бауыр кеткалары өз қызметін атқаруға кіріседі.
Бауырдың негізгі басты қызметтерінің бірі — тағамдармен бірге қанға сорылған (қақпа венасы арқылы түскен) қоректік заттарды әрі қарай бөлшектеп сіңіруі. Кейін ол улы заттарды усыздандырады және улы аммиакты мочевинаға (зәр қышқылына) айналдырады, сөйтіп ол несеп жүйесі арқылы шығып отырады. Бауыр — белок заттарының алмасуына да қатысады. Оның клеткаларында альбумин, глобулин және протромбин заттары синтезделіп, олар қан, лимфа арқылы организмге жеткізіліп отырады. Организмде бауыр ғана холестеринді липопротеиттерге айналдырады. Сондай-ақ глюкоза да (қант та) глюкогенге осы бауырда алмасады. Бауырдың ерекше бөліп айтылатын қызметтерінің бірі - өт шығару. Ол бауырда үздіксіз бөлініп тұрады. Тәулігіне орта есеппен 250 миллилитрден 1100 миллилитрге дейін өт бөлінеді.
Бауыр қабынуының себептері.
Жұқдалы вирустар. Қазіргі кезде бауырдың жұқпалы вирустарының төрт түрі ашылып отыр. Олар: А.В-ға жатпайтын А да, В да емес және Д. Бұл вирустар бауыр қабынуының жұқпалы түрін де, созылмалы түрін де туғызады.
Ескерте кететін жағдай — бауыр қабынуының негізінен вирустардың әсерінен пайда болатындығы. Адамға ауруды жұқтырушы да, оны таратушы да науқас адам.
Сонымен бауырдың жұқпалы қоздырушы А вирустары (Боткин ауруы, сары ауру) негізінен адамның аузы арқылы кіреді. Вирустар ауру адамның үлкен және кіші дәреттерінде болады да, көбінесе гигиеналық шаралар қолданбаған жағдайда жұпралы сары ауру пайда болады. Бұл вирустар сыртқы ортаға төзбей, кейде орта әсерінен-ақ өздігінен қырылып қалады. Аурудың жасырын кезеңі шамамен екі жетідей және бір-екі жеті алғашқы белгілері білінгеннен кейін басталады. Кейін вирустар өзінен-өзі организмде азайып, кейде тіпті жоғалып та кетеді.
Келесі бір вирустың түрі - А да, В да емес. Бұл көбінесе (85-95 пайызы) қан құйғанда жұтады. Әсіресе, қанды жиі құйғызатын (гемофилия талассемия) адамдарда және қаны жиі ағатын, басқа да немесе канды жиі құйғызуды қажет ететін науқастарда пайда болады. Сол сияқты дұрыс қайнатылмаған шприцтерді пайдаланғаннан, жауапсыздықтан, салақтықтан да болуы мүмкін. Ауру адамдарға бұрын пайдаланған шприцтерді 30 минуттан автоклавта, не 160 градустық ыстық құрғақ буда 60 минуттай ұстау керек. Бұл вирустардық түрінің жасырын кезеңі науқастарда бес жетіден он екі жетіге дейінгі аралыкда болуы мүмкін. Науқастардың 70 пайызында ешқандай клиникалық белгілердің де болмауы ықтимал. Жалпы бұл вируспен ауырған адамдардың жағдайы "В" вирусімен ауырған адамдарға қарағанда әлдеқайда жеңілірек болады. Дегенмен, көп жағдайда бұл вирустердің эпидемиялық тарауы "В" вирустеріне ұқсас келеді.
Вирустің соңғы Д түрі ауру адамның қанының ішінде тек иммунофлюоресценция әдісімен ғана бауыр клеткаларының ядросының ішінен көруге болады. Вирус қан арқылы жұғады, сондықтан да көбінесе нашақорлықпен айналысатындар арасында анықталады. Д вирусымен ауырған кісілерде бауыр қабынуының созылмалы қарқынды түрімен ауыратыны және оның аяғы бауыр шеменіне айналуы ықтимал. Науқас денесінің сарғайған шақтағы жағдайы екінші кезеңі. Дененің сарғаюы тез арада тарап дамиды. Ол ең ұзақ дегенде бір жеті ішінде сарғайып бітеді. Осы сарғаю кезеңі 15-50 күнге дейін созылуы мүмкін. Былайша айтқанда, кетпей, денеде сақталады. Егер сарғаюдың жеңіл түрі болса, 3-4 күннен кейін-ақ қайта бастайды.
Бір таңданарлығы, аурудың денесі сарғая бастағаннан сарғайғанға дейінгі кезендегі науқастың шағымы азая бастайды, тіпті шағым айтуды мүлде қояды. Оның денесіндегі ыстығы қайтады, асқа тәбеті шауып, жүрегінің айнуы басылады. Күш-қуаты да арта бастайды. Бірақ бұлардың орнына дененің қышуы пайда болады. Бұл кезеңде ауру ыңғайсыздық яғни ішінің бүріп ауырып тұрғанын сезеді. Ол сезіну, көбінесе, бауыр көлемінің үлкеюі себебінен болады.
Осы кезеңде науқас дәрігерлік тексеруден өтсе, білікті дәрігер мынадай көріністерді біліп байқайды. Біріншіден, көздің ақ қабығы мен терісінің сарғайғанын анық көреді. Алдымен көздің ақ қабығы, таңдайы, кейін бет терісі, кеуде, қол-аяқ, ен соңында алақан мен табанның терісі сарғаяды. Енді ауырған адамдарды қалай, қанша уақыт емдеу керек? Әрине, ауырған адамдар ауруды бірінші таратушы болып саналады. Олай болса, жұқпалы вирус ауруымен (сары ауру) ауырған адамдардың ауруханада ең кемі 21-30 күндей жатуы қажет. Барлық ауырған адамдар диспансерлік есепте тұруы міндетті. Бір айдан кейін, үш ай, алты және он екі ай өткеннен кейін қайта тексеріліп тұруы тиіс. Егер науқастың жағдайы жақсармаса, ауруханаға қайтадан жатқызып емдеу керек. Мұнда науқас адам ағзаларын, әсіресе бауырын жұқпалы вирустардан тазарту керек. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі