Реферат: Биология | Ішек дисбактериозы

Реферат:  Биология |  Ішек дисбактериозы казакша Реферат:  Биология |  Ішек дисбактериозы на казахском языке

Ішек дисбактериозы



Ішек дисбактериозы деп ішектегі қалыпты микрофлораның құрамының өзгерісін айтады. Ол әртүрлі қолайсыз жағдайларда организмнің әлсіреуінде немесе антибиотиктерді бақылаусыз және ретсіз көп қолданғанда дамиды. Осы кезде тоқ ішекте ашу, шіру процесстері күшейіп, перистальтикасы жоғарылайды, іш өту болады, К витаминінің түзілуі нашарлайды. Ішек дисбактериозын емдеу үшін И.И.Мечников сүт қышқылының бактерияларын ұсынған. Бұл бактериялар адамның ішегіне бейімделіп, өсіп-өніп, басқа бактериялардың өсуін тежейді. Сүт қышқылы айран, сүт, қымыз т.с.с. тағамдарда болады.



Бауыр организмде ішкі ортаның тұрақтылығын сақтап тұруға бағытталған көптеген өте маңызды қызметтер атқарады.

Бауыр аурулары жиі қабынумен (гепатит), бауыр жасушаларында зат алмасудың бірінші бұзылыстары нәтижесінде дамитын дистрофиялармен (гепатоздар), осылардың нәтижесінде бауырда дөнекер тіннің көптеп өсуімен (цирроз), өспе өсуімен, өт өндірілу мен өттің ішекке шығарылуьгның бұзылыстарымен көрінеді.

Бауырдың өзіндік бүліністерінің себепкер ықпалдары болып:

1. бактериялар мен вирустар (вирустық гепатиттер А, В, С, Д, Е энтеровирустар, туберкулез, мерез, іш сүзегі ж. б. қоздырғыштары);

2. қарапайым жануарлар мен құрттар (амеба, лямблийлер, эхинококтар, аскарида т. б.);

3. экзогендік, эндогендік улы өнімдер, дәрі-дәрмектер (сынап, фосфор, сулфаниламидтер, антибиотиктер, алкогөл, тіннің ыдырау өнімдері ж. б.).

4. өт жолдарының қабынуынан, тас байлануынан т. б. жағдайлардан дамитын өттің іркіліп қалуы;

5. аллергиялық серпілістер (вакцина, емдік сары су, тағамдық немесе дәрілік аллергендер организмге енгенде);

6. тағамдық факторлар (нәруыздық, витаминдік ашығулар, тым майлы тағам ж. б.);

7. өспелер (гепатома);

8. физикалық әсерлер (иондағыш сәулелер, жарақат ж. б.) есептеледі.



Сарғыштық (icterus) — өт нілдерінің жиналуынан терінің, шырышты қабықтардың, көз ағының сарғыш түске боялуымен көрінетін синдром.

Даму жолдарына қарай сарғыштықтың үш түрін бөледі:

1. Бауырлық — бауыр жасушаларының бірінші бүлінулерінен өт өндірілуі мен оның ішекке шығарылуының бұзылуынан, өт ұзақ мерзімде бауырда жиналып қалуынан немесе өт түзілуге қажетті ферменттердің гендік ақаулары болуы нәтижелерінде дамиды;

2. Механикалық немесе бауыр асты сарғыштық — жалпы өт өзегінің ішінен бітеліп немесе сыртынан қысылып қалғанында дамиды;

3. Гемолиздік немесе бауыр үсті сарғыштық — эритроциттердің артық ыдырауынан өт нілдерінң түзілуі көбейуден дамиды.




Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Ішек дисбактериозы туралы реферат биология казакша на казахском, реферат Ішек дисбактериозы на казахском языке биология скачать бесплатно, биология пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар биология рефераты на казахском referat, реферат Ішек дисбактериозы туралы реферат биология казакша на казахском реферат Ішек дисбактериозы на казахском языке биология скачать бесплатно биология пәні рефераттар жинағы жоспарымен казакша реферат жоспар биология рефераты на казахском refer, Реферат: Биология | Ішек дисбактериозы реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы