» » » Реферат: Тарих | 1929-1933 ЖЖ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС

Реферат: Тарих | 1929-1933 ЖЖ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС

Реферат: Тарих | 1929-1933 ЖЖ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС казакша Реферат: Тарих | 1929-1933 ЖЖ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС на казахском языке
1929 – 1933 жж. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері.
Дағдарыс 1929 ж. Қазандағы Нью – Йорк фондылық биржасында миллиондаған акциялардың бағасының миллиардтаған долларға кеміп кетуіне байланысты үрейден басталды. Бұл бағалы қағаздар рыногігің апатқа ұшырауы еді. Акциялармен биржалық алып – сатушылық және олардың курсын 1928 – 1929 жж. Экономикалық серпіліс кеіндегідей жасанды түрде асыру осындай салдарға алып келетіні күмәнсіз еді. Бірақ биржа апаты терең экономикалық дағдарыстың тек сыртқы көрінісі ғана болды.
Экономикалық циклдің міндетті кезеңі болып табылатын экономикелық дағдарыстардың ең басты себептерінің бірі - өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе – теңдіктің бұзылуы болып табылады: шығарылған тауарлар рыногіндегі ұсыныс оларға деген төлем қабілеті – сұраныстан асып кетеді. Тауарлар жатып қалмасын деп өндірушілер әдетте дағдарыс кездерінде бағаны кемітеді, өндірісті азайтады, жұмысшыларды қысқартады, капитал салымын кемітеді. Өндірісті рыногтің тарылғын көлеміне дейін теңестіру циклдік дағдарыстан автоматты түрде шығудың алғашқы адымы болып табылады. Бұл бұрын болған экономикалық дағдарыстарға тән көрініс болатын. Бірақ 1929 – 1933 жж. экономикалық дағдарыс ерекше болды.
Дағдарыстан шығудың автоматтық механизмінің «істемей қалуы» көп жағдайда капиталистік шаруашылықтың құрылымының өзгерістерімен байланысты болды. Капитал мен өндірістің аса ірі бірлестіктерде шоғырлануы ірі бірлестіктерге олардың өндіріске монополиялықтарына байланысты бағаны төмендетпей, бір мезгілде өндірісті қысқатуға мүмкіндік берді. Дағдарыстың аса ұзаққа созылуы дағдарыстан автоматты түрде шығудың дәстүрлі рыноктің механизмнің бұл жағдайда істемейтіндігін, сол себепті мемлекеттік реттеу механизмінен толықтырылуы тиіс екендігін көрсетті. Халықаралық тауар алмасу процестеріне кедергі келтірген қолдаушылық саясаты да дағдарыстан шығуды қиындатты.
XX ғ бірінші үштігінде жасалған жаңа техника мен технологияның жаппай өндірісті қамтамасыз етуге мүмкіншіліктері бар болатын. АҚШ – та жаңа дәуірдің белгісі автомобиль шығару болды. Жаппай өндірісті бастау үшін жаппай сатып алушы, жаппай тұиынушы қажет. 1929 – 1933 жж. дағдарыста дәл осы өндіріс пен тұтынудың, ұсыныс пен сұранымның арасындағы сәйкессіздік көрініс тапты.
Ақырында, дағдарыс бұрын болып көрмеген мөлшерде тұрақты жаппай жұмыссыздық туғызды, миллиондаған адамдар үшін аштық, бүліктер мен көтерілістер қауіп төндірді, яғни әлеуметтік мәселелер шиеленісе түсті.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың аса маңызды ерекшелігі циклдік дағдарыстың ұзақ мерзімдік құрылымдық дағдарыспен тура келуінде болды. 30 жж. циклдік экономикалық дағдарыс әдетте әрбір 101 – 15 жылда бір рет келетін құрылымдық дағдарысқа тура келді. Орыс ғалымы Н.Д.Кондратьев 20 жж. өзінде – ақ экономикалық дамудағы «үлкен циклдкр» немесе «» теориясын тұжырымдаған болатын. XX ғ аса ірі экономикалық және саяси сілкіністері экономикадағы «ұзын толқындар» теориясының дұрыстығын дәлелдеп берді.
Экономикада «ұзын толқындар» деп ұзақтығы шамамен алғанда 48 – 55 жылға созылатын экономикалық белсенділіктің оқтын – оқтын ауытқып тұруын айтады. Мұндай жартығасырлық аралық келетін кезеңдерде индустриялық қоғамның техникалық және техноогиялық негізі жаңарып, бұл құбылыс капиталистік өркениеттің басты – басты экономикалық аймақтарының шаруашылықтарының барлық салаларын қамтиды. Мұндай циклдер XYIII ғ 80 ж мен 90 – шы жылдары басынан басталған болатын. Сол кезден бастап батыс елдері төрт «ұзын толқындарды» бастарынан өткізді, олардың әрқайсысының бірінші жартысында конъюнктураны арттыратын кезеңі болса, соңынан төмендетін кезеңі болады. Арттыратын және төмендететің кезеңдердің түйіскен жерінің үлесіне әлеуметтік сілкіністердің көп бөлігі ( соғыстар, революциялар, аса ірі саяси – әлеуметтік қақтығыстар) келеді. Бұл үлкен циклдердің шеңберлері шамамен мына төмендегідей: 1780ж соңы - 1840ж; 1840 – 1890; 1890 – 1940; 1940 – 1982 – 19,85; сөйтіп, XX ғ екі толық «ұзын толқындар» орын алды, немесе кезең XXI ғ аяқталмақшы.
1914 – 1945 жж. аралық кезең конкъюнктураның төмендеу кезеңін қамтиды. Бұл уақыт ішінде екі дүниежүзілік соғыс, 30 жж дүниежүзілік экономикалық дағдарыс, Ресей мен кейбір еуропалық елдердегі революциялар, Еуропадағы тоталитарлық және автолитарлық режимдердің орнауы секілді оқиғалар орын алды. Бұл кезеңді дүниежүзі тарихында ең ірі омырылу, либералдық демократияның терең дағдарысы және еуропалық өркениеттің өзін - өзі жойып жіберу қаупі деп қарастырған жөн. Соғысаралық онжылдықтар мен екі дүниежүзілік соғыстың күйзелістерінен шығу жолдарының қиындығы мен қарама – қайшылығы, міне, осында болды.
Кейнсшілдік. Экономистер дағдарыстан байқау және қателіктер әдісі арқылы да, теория көмегімен де шығу жолдарын іздестірді. әр түрлі көзқарастар тоқырасты ( әлеуметтік рыноктік шаруашылықтың либералдық теорияларынан шаруашылықты және социалистік теорияларына дейін). Бұл ізденістерде ең үлкен табыс ағылшын экономисі Дж. М.Кейнстің үлесіне тиді. Ол өзінің теориясының негізін «жұмыспен қамту, пайыз және ақша теориясы» (1936) кітабында баяндады.
Кейнссшілдік ең алдымен үкіметтер мен кәсіпкерлердің экономикалық стратегиясын өзгертуді көздеді. Кейнс жағдайды дұрыс бағалады: жаңа өндірушілік мүмкіншіліктер жаппай өндіріс өнімдерін тұтынуда қоғамның мүмкіншіліктерінің шектелгенігіне тап болды. Мұндай жаппай өндіріс үйлесімді және тұрақты даму үшін оған жаппай тұтыну мүмкіншілігі сай келуі керек. Халықтың қайыршылығы және еңбек ақыны төмендету жолымен «тер сығып алу» жағдайында, яғни сатып алушылық қабілетін төмендету жолмен тауарлардың салыстырмалы артықтығы тұйығынан шығу мүмкін емес еді. Бұл тұйықтан шығудың бір – ақ жолы болды, ол еңбек ақыны арттыру жолымен ( Кейнсше «тиімді сұраныс») еңбекшілердің сатыпалушылық қабілетін арттыру немесе қорлардың артығын қоғамдық тұтынуға, қоғамдық жұмыстар шығыны аясын, қызметтерге, ағарту ісіне ( мемлекеттік шығындар арқылы) аудару жолы еді. Екінші нұсқа милитарландыру болды. Кейнс тұтыну көлемін, жалпы сұранысты мемлекеттік шығындарды ұлғайту жолымен де жүргізу қажет деп санады.бұл өндірістің құлдырауына және тауарлардың жатып қалуына бөгет болып, бір мезгілде қаржыларды аса жоқшылық көріп отырғандардың пайдасына қайта бөлуге, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берер еді. Осы жолмен жұмыссыздықты азайту, тіпті толық жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін де шешуге мүмкін еді.
Кейнс экономиканы дағдарысқа қарсы реттеу жөнінде бірнеше нақтылы шаралар ұсынды. Ол мемлекеттік шығындарыазайту немесе арттыру, экономикалық конъюнктураға байланысты салықтар мен бану пайыздарын кеміту немесе көбейту арқылы экономиканы жалпы мемлекеттік реттеу механизмін жасады. Жағдарыс жағдайында «сұранысты қампиту», яғни өндірісті ынталандыру мақсатында мемлекеттік шығындарды арттыру, салық пен банк пайызын азайту, ал экономиканың «қызып кеткен» және инфляция жағдайында шығындарды азайту, салықтарды және банк пайызын көбейту ұсынылды. Мемлекеттік реттеудің бұл шаралары «тоқта – жүре бер» ұстанымы деген ат алды.
Дағдарыстан шығу жолдары. Тоталитаризм немесе демократия? Мемелекет пен мемлекеттік реттеудің рөлі туралы мәселе экономикалық дағдарыс пен әлеуметтік күйзелістерден шығу жолдарына байланысты мәселелер шумағымен қоса өрілген болатын.
Сайып келгенде, барлық пікірталастардың ұшы ең басты мәселеге – мемлекет пен азаматтық қоғамның , мемлекеттік және жеке меншіктердің, мемлекеттік реттеу мен рыноктің рөліне келіп тіреледі. Тіпті дарашылдық пен дәстүрлі либерализм идеяларының тамырлары тереңге кеткен американ қоғамының өзінде де мемлекеттік реттеу мәселелері буржуазияшыл саясаткерлер мен экономистердің, кәсіпкерлердің назарын өзіне аудара бастады. Ал Еуропада өткен ғасырдың соңында - ақ марксистік емес саяси экономия мемлекеттік реттеу мен экономикаға араласудың маңызды рөл атқаратындығын дәлелдеген болатын.
Бұл мәселе сол кездің басты идеялық – саяси қайшылығы – мемлекет пен тұлға, мемлекет пен азқаматтық қоғам арсындағы қатынастар турасында принциптік түрде қарама – қарсы түсініктерді ұстанған тоталитаризм мен либералдық демократия арасындағы келіспеушілікке байланысты болды. Бұл өмірлік маңызы бар мәселелерден алыс жай ғана теориялық пікірталас емес еді. Бұл XX ғ саяси тарихының арқауын құрайтын тотаритализм мен демократия арасындағы күрестің мазмұны болды.
Тоталитарлық режимдердің ееркшеліктері. Екі дүниежүзілік соғыс арасында Еуропада саяси режимдердің негізгі екі түрі өмір сүрді: қоғамдық дамудың авторитарлық – тоталитарлық үлгісі мен либералдық – демократиялық үлгісі.
Тоталитарлық үлгінің толық логикалық шыңына жеткен көрінісі алдымен Италияда, кейінірек Германияда ( нацизм түрінде) және Испания мен Португалияда орнатылған фашистік режимдер болды.
Тоталитарлық режимдер белгілі бір мақсаттарды: күрделі саяси және экономикалық дағдарыстардан шығу, милитарландыр және соғысқа дайындалу, индустрияландыруды тездету, алдын – ала ойластырған идеологиялық құрылымға сәйкес қоғам мен одақтарды өзгерту үшін құрылды. «Тоталтарлық» ұғымы 20 – 30 жж. КСРО – да қалыптасқан әкімгершілдік - әміршілдік жүйе мен сталиндік диктатураға да тура келеді.
Тоталитарлық жүйелердегі азаматтық қоғамды мемлекеттің басып – жаншып, аяқ асты ету құбылысы тән. Б.Муссолини өзінің «Фашизм туралы ілім» деген кітабында былай деп жазды: «Фашизм үшін ең жоғары нәрсе мемлекет. Оның алдында жеке адамдар мен моптар түкте емес. Бұл салада жеке адамдар емес, тек мемлекеттің ғана пікірі шешуші рөлатқарады». Тоталитаризм – либерализмнің, демократияның, пікір әралуандығының , ой мен ұйым бостандығының қас жауы.
Тоталитаризм мемлекеттік реттеудің қоғамдық өмір мен жеке адамдардың іс - әрекеттерінің барлық салаларын қамтығанын жақтайды. Азаматтық қоғамды тоталитарлық мемлекеттің жұтып қоюының экономикалық негізі – ол рыноктық қатынастарды мемлекеттік – бюрократтық реттеу, жоспарлау және бөлумен алмастыру болып табылады. Бұл жағдайда жеке меншік ауқымының тарылатындығы сонша, тұлғаның бостандығы мен еркіндігінің экономикалық негізі жоғалады.
Саяси салада тоталитаризм либералдық – демократиялық режим мен оның институттарының жойылуын, мемлекеттік – партиялық диктатураның орнатылғандығын білдіреді.
Идеология саласында фашизм мен нацизм ұлтшылдық, шовинистік және социалистік идеялардың эклектикалық қосындысы ретінде демократияға, либерализмге, марсизмге қарсы бағыт ұстады. Бұл теріске шығару бір мезгілде зорлау мен қорқыту арқылы іске асырылып жатқан « жаңа тәртіптің» қиялдағы тұжырымы негізінде қөоғамды қайта құрудың утопиялық доктринасына сену идеологиясы еді.
Экономика саласында фашиз мен нацизм экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін құрып, оны милитарландыру мен алдағы соғысқа дайындалуға бағытталды. Фашизм тұсында тап күресін, еңбек пен капиталдың дәстүрлі қарама – қарсы тұруларын мелекеттік - партиялық аппарат аяусыз басып жаныштады. Кәсіподақтар қуып таратылды.
Басқа оңшыл радикалдық күштерден айырмасы фашизм өзіне көпшілік негіз таба білді. Қоғамның кейбір топтарына фашистік идеялар, нәсілшілдік теория, антисемитизм ұнады, олар материалдық пайда тапты, кейбіреулер фашистік қылмыстарға қатысып, қолдарын қанға бояды. Сонымен бірге фашистік режимдер белсенді әлеуметтік саясат жүргізді. Олар экономикалық дағдарыстарға тосқауыл қоя алды.
Либералдық – демократиялық режимдер. 30 жж. дағдарыс аппаттарынан демократиялық институттарды сақтай отырып шығудың жемократиялық жолы ежелден келе жатқан берік демократиялық дәстүрлері бар, саяси мәдениеті мен қоғамдық қозғалыстары жоғары дамыған елдерге тән болды. Мұндай елдердің қатарына Улыбритания, Франция, Скандинавия елдері, АҚШ, Канада, Мексика т.б. еледер жатты. Мемлекеттік реттеу құралдарын пайдаланып және еуропалық демократия мен дәстүрлі либерализмнің идеялық негіздерін сақтай отырып, бұл елдер әлеуметтік қызметтерін кеңейтті. Бұл ұстанымдар деп отырғанымыз экономикалық доктриналар мен экономикалық өмірге араласпау саясаты емес, заңды жалпыға бірдей және тең қолдануды, мемлекетпен салыстырғанда артықшылықпен пайдаланатын адамдардың негізгі және ажыратылмас құқықтарын, биліктердің бөліну принциптерін, сайлаушылық пен парламентаризмді танитын қоғамдық және саяси идеялар болып табылады. Мемлекет пен азаматтық қоғам, мемлекет пен жеке тұлға арақатынастарына байланысты тотарлитаризм мен демократияның арасындағы принципиалдық айырмашылықтар омында еді.
Авторитарлық саяси режимдер. Екі соғыс аралығында Орталық және Оңтүстік – Шығыс Еуропада ( Австралия, Венгрия, Болгария, Югославия, Польша т.б) орнаған авторитарлық саяси режимдер аралық сипатта болды. 1940 ж. Соңына қарай Гитлер әскерлерінің Францияға басып кіргеннен кейін бейтарап Швеция және Швейцариядан басқа Атлантикадан бастап КСРО шекарасына дейінге бүкіл құрлықтық Еуропада орналасқан елдерде фашистік немесе авторитарлық режимдер билік құрды. Еуропа мен Азияның сол кездердегі карталарына көз жүгіртер болсаңыз, XX ғ 40жж. бұл екі құрлықтағы демократия мен бостандық ошақтарын саусақпен санауға болатынын көрер едіңіз.
Коминтерннің тактиксы . либералдық демократтардың осалдығы, қалың бұқарасының парламенттік жүйелер мен республикалық институттардан түңілуі, солшыл күштердің, әсіресе коммунистер мен социал – демократтардың, арасындағы алауыздылық Италияда фашистердің, Германияда нацистердің үкімет басына келуін және кейбір еуропалықө елдердің тоталитаризмге бет бұруын едәуір жеңілдетті.
Солшыл күштер ол кезде толық ақылға сиымды сұрақ қойды: экономикалық дағдарыс капитализмнің тарихи тұйыққы тірелген жері және одан шығудың бірден – бір жолы социализмге өту емес пен екен? Дүниежүзілік социалистік революцияның уақыты келген сияқты емес пе? Көптеген елдердің коммунистік партиялары және олардың халықаралық орталығы – Коминтерн қалыптасқан жағдайды солай деп бағалады. Сол кездердегі көптеген коммунистік партиялардың бағдарламалары социализм үшін тікелей күресті мақсат етіп қойды. Бірақ өмір мәселені капитализм, не социализм деп емес, не фашизм, не демократия деп қойды.
Тек 1935 ж жазында Коминтерннің YII конгресі кешігіп барып, барлық демократиялық күштерді фашизм мен соғыс қаупіне қарсы күреске бірігуге шақырған бірнеше мңызды шешімдер қабылдады. Коммунистік партияларға сектанттық – томаға – тұйықтықтан, социалистік партияларға және олардың соңынан ерген қалың бұқараға теріс және дұшпандық көзқарастан кең халық майданын құру үшін кең таптық одақтарға бірігу тактикасына батыл бетбұрыс жасау тапсырылды. «Халық майданы
Термині 1934 ж пайда болып, фашизм мен соғысқа қарсы күрестің жалпы бағдарламасы мен біріккен қоғамдық – саяси күштердің кең одағын білдірді.
Халық майданы. Халық майдандарын құру капиталистік елдердің қоғамдық – саяси өміріндегі жаңа құбылыс болды. Халық майданы қозғалысы Францияда, Испания мен Чилиде үлкен табыстарға жетісті, бұл елдерде кең саяси негізде демократиялық біріккен үкіметтер құрылды. Бірақ бұл табыс ұзаққа бармады. 30 жж. соңында бұл қозғалыс өзін - өзі сарықты. өзге елдерде бұл қозғалыс онша өріс ала алмады. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында анифашистік бірлік идеясы халықтардың антигитлерлік одағын ( Біріккен ұлттарды) құрудан көрініс тапты. Испанияда Халық майданы үкіметі 1936 ж жазда испан Мароккосында генерал Франко шығарған фашистік бүлікке қарсы халық күресін ұйымдастырды. Репаубликалық армия мен фашистік бүлікшілердің және оларға қару - жарақ пен әскерлерін жіберіп, көмекке келген фашистік Италия мен нацистік Германия режимдерінің арасындағы азаматтық соғыс үш жылға таяу уақытқа созылды. Республикашылардың қатарында дүние жүзінің көптеген елдерінен көмекке келген демократ – еріктілер соғысты. ....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 94 | 16.03.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат 1929-1933 ЖЖ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат 1929-1933 ЖЖ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Тарих жоспарымен, казакша реферат жоспар, 1929-1933 ЖЖ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС, реферат 1929-1933 ЖЖ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат 1929-1933 ЖЖ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Тарих жоспарымен, Реферат: Тарих | 1929-1933 ЖЖ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы