Реферат: Биология | Алдыңғы аяқ

Реферат:  Биология | Алдыңғы аяқ казакша Реферат:  Биология | Алдыңғы аяқ на казахском языке

Алдыңғы аяқ (қол) қанқасы (skeleton membri thoracici; гр. skeleton — қаңқа, лат. membra — аяқ, лат. thorax — көкірек) — жануарлардың алдыңғы аяқтарының (адамда қолдың) сүйектерінен тұрады. Алдыңғы аяқ (қол) қаңқасы өз кезегінде екі бөлімнен: иық белдеуінің қаңқасы мен еркін қозғалатын бөлім қаңқасынан құралған. Алдыңғы аяқ (қол) иық белдеуінің қаңқасын (skeleton cingulum membri thoracici): құстарда — жауырын (scapula), бұғана (clavicula) және құстұмсықша сүйек (os coracoideum); адамда, маймылдар мен мысық тұқымдас жыртқыш аңдарда — жауырын мен бүғана; үй жануарларында (түяқты жануарлар мен иттерде) — тек жауырын құрайды. Алдыңғы аяқ (қолдың) еркін қозғалатын бөлімінің қаңқасы (skeleton membri thoracici liberi) — өз кезегінде үш бөліктен: жоғарғы (проксимальды) бөліктен, ортаңғы бөліктен және төменгі (дистальды) бөліктен тұрады. Проксимальды бөліктің (stylopodium) қаңқасын — тоқпан жілік (humerus s. os brachii), ортаңғы бөліктің (zeugopodium) қаңқасын — білек сүйектері, дистальды бөліктің (autopodium) қаңқасын — алдыңғы аяқ (қол) басының сүйектері құрайды. Білек сүйектеріне (ossa antebrachii): кәрі жілік (radius) және шынтақ сүйегі (ulna) жатады. Алдыңғы аяқ (қол) дистальды бөлігінің қаңқасын — алдыңғы аяқ (қол) басының қаңқасы (skeleton manus) деп атайды. Ол өз кезегінде үш қатар орналасқан бөліктерден: жоғарғы қатардағы — негізгі бөліктен (basipodium), ортаңғы қатардағы — аралық бөліктен (metapodium), төменгі қатардағы — соңғы бөліктен (acropodium) құралған. Негізгі бөліктің қаңқасын — тізе (білезік) сүйектері (ossa carpi), аралық бөліктің қаңқасын — алдыңғы жіліншік (алақан) сүйектері (ossa metacarpalia), соңғы бөліктің қаңқасын - бақай (саусақ) сүйектері (ossa digitorum manus) құрайды. Адам мен жануарларда саусақ (бақай) сүйектері үш бунақтан (фалангадан): жоғарғы бунақтан — тұяқты жануарларда тұсамыс сүйектен (os compedale), ортаңғы бунақтан — топай сүйектен (os coronale), төменгі бунақтан — тұяқ сүйектен (os ungule, os ungulare) құрайды. Итте төменгі бунақ сүйегі — тырнақ сүйек (os unguiculare) деп аталады




Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Алдыңғы аяқ туралы реферат биология казакша на казахском, реферат Алдыңғы аяқна казахском языке биология скачать бесплатно, биология пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар биология рефераты на казахском referat, реферат Алдыңғы аяқ туралы реферат биология казакша на казахском реферат Алдыңғы аяқна казахском языке биология скачать бесплатно биология пәні рефераттар жинағы жоспарымен казакша реферат жоспар биология рефераты на казахском referat, Реферат: Биология | Алдыңғы аяқ реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы