👈 қаріп өлшемі 👉

Әлішер Науаи

 Әлішер Науаи

Уайымсыз өтсем десеңiз,
Ғылым қамын жесеңiз.

Не керек жатқан байлық судай тасып,
Тұрмасаң қалың жұртқа қарайласып.

Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына.

Ақ жолында кім үйретсе бір әріп
Болмас оның қызметін қайтарып.

Тәрбиенің бірінші шарты балаға жақсы есім таңдау.

Ғашықтың жолы ауыр жол, Билетпей бейіл соқпа қол.

Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына.

Жаланың жыланнан да зәрі уытты,
Зұлымның аждаһадан кәрі мықты.

Жақсы адам өзінің жыртық тонымен де сыйлы, гүл өзінің жапырағымен сыйлы.

Жақсы дос бойға жарасады,
Жақсы жолдас ойға жарасады.

Білмегенді сұрап үйренген — ғалым, арланып сұрамаған — өзіне залым.

Саулық тілесең — көп жеме.

Егер сен шын адам болсаң, халқының тағдырына қабырғасы қайыспайтын қалтақбасты адам деуші болма.

Өз халқының қамын жеп,
Қайрат қылмас кісіні,-
Атамаңыз адам деп,
Ұқсаса да мүсіні.

Опасызда ұят жоқ,
Ұятсызда опа жоқ.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Баспана бағасы тағы қымбаттай ма - сарапшылар болжамы 12.10.2021, 0
» Жастарға баспана: жеңілдетілген бағдарлама шарттары айтылды 09.10.2021, 0
» Түркиямен байерлік бизнеске алданған әйелдер, қазақстандық жұлдыздардың жарнамасы және заңгердің жанайқайы 07.10.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы