Деректерді талдау. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 Сабақтың басында «Ой қозғау» тәсілі - оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруға, жаңа тақырыпқа қызығушылығын оятуға бағытталған. Оқушылар қойылған сұрақтарға жеке ойланады, одан кейін жұпта ойларын жинақтап, жауап береді.

 Келесі қадамда сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау үшін оқушыларға сапқа тұруды ұсыну: алдымен бойлары бойынша, сосын үшбұрыш, шеңбер және т.б фигуралар жасау арқылы. Сабақтың мақсатын құруда осы фигуралар қалай көмектесетінін топта талқылауын ұсыныңыз. Оқушылар осы ойын берілген мәліметті графикалық түрде суреттейтінін түсіндіруі қажет. Содан соң сыни ойлау сұрақтары арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындауға мүмкіндік беріңіз.

 Жаңа тақырыпты түсіну үшін оқушылар топтарға бөлініп шағын зерттеу жұмыстарын орындайды. Оқушыларды топқа бөлу үшін онлайн ресурстарды қолдануға болады. Егер мүмкіндік болмаса оқушыларды қабілетіне қарай немесе басқа критерийлермен топтастырыңыз. Топқа бөлудің онлайн құралдары төменде келтірілген.

 Оқушылар топтық тапсырманы орындамас бұрын ноктбукте немесе компьютерде жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін ескертіңіз.

 Сабақты бекіту барысында оқушылар топтық презентация жасайды. Жұмыстарды бағалау барысында оқушыларға өздерінің қаншалықты дұрыс орындағанын немесе қандай қателіктер жібергенін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Қабілетті оқушыларды аралас топтарға бөліп жұмыс жасатуға тырысыңыз.

 Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға сәйкес дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз.

 Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Жұмыс соңында оқушылар «Үш сәт» тәсілі арқылы кері байланыс жасайды. Бірнеше оқушыға сыныпқа өздерінің жетістіктерін түсіндіреді немесе қиындық туғызған сәттерді атап, оның шешу жолдарын қарастырады.

 

 Пайдалы сілтемелер:

 

http://www.classtools.net/

http://www.matrony.ru/wp-content/uploads/2014/10/kak-sredizemnomorskaya-dieta-mozhet-spasti-vashe-serdce_2-e1412836584225.jpg

http://www.classtools.net/education-games-php/fishbone

http://festival.1september.ru/articles/103946/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу