Деректерді жинау және тіркеу. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың басында ой қозғау сұрақтары арқылы оқушылардың өткен сабақтардағы алған білімдерін еске түсіруге және оны осы сабақта қолдануға жетелеңіз және сыни ойлануға сұрақтар қоя отырып сабақ мақсаты мен міндетін оқушыларға анықтауға мүмкіндік беріңіз.
Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында теориялық мәліметтермен қатар интерактивті онлайн анимацияларды қолдануға болады. Анимация сілтемелері төменде берілген. Егер мүмкіндіктер болса әр оқушы виртуальді анимацияларды өздері оқып түсінуге жағдай жасаңыз, болмаса барлық оқушыларға ортақ интерактивті тақтада көрсетіп, орындауға болады.
Сабақты бекіту барысында оқушылар тест тапсырмаларын орындайды және кестелік ақпаратпен жұмыс жасайды. Жұмыстарды бағалау барысында оқушыларға өздерінің қаншалықты дұрыс орындағанын немесе қандай қателіктер жібергенін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Қабілетті оқушыларға кеңейтілген үлгідегі кестелерді ұсынуға болады.
Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға сәйкес дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Жұмыс соңында оқушылар «Жетістік баспалдағы» арқылы кері байланыс жасайды. Бірнеше оқушыға сыныпқа өздерінің жетістіктерін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Үй эксперименті өте қарапайым болса да оны орындау жолдарын түсіндіріп айтыңыз.
Пайдалы сілтемелер:
http://class-fizika.ru/07_class.html
http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b2b48-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/1_4.swf
https://kk.wikipedia.org/wiki/өлшемдердің_метрлік_жүйесі
http://shygharma.info/lshemderdi-metrlik-zh-jesi-turaly-slajd/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?