Деректерді жинау және тіркеу. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 Сабақтың басында ой талқы жасау үшін оқушылар «айдаһар жыланның ұзындығын өлшеу» туралы мультфильм көреді және сұрақтарға жауап береді. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға жағдай жасаңыз.

 Жаңа тақырыпты түсіну үшін оқушылар топтарға бөлініп шағын зерттеу жұмыстарын орындайды. Оқушыларды топқа бөлу үшін онлайн ресурстарды қолдануға болады. Егер мүмкіндік болмаса оқушыларды қабілетіне қарай немесе басқа критерийлермен топтастырыңыз. Топқа бөлудің онлайн құралдары төменде келтірілген.

 Оқушылар топтық тапсырманы орындамас бұрын ноктбукте немесе компьютерде жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін ескертіңіз.

 Сабақты бекіту барысында оқушылар кестелік ақпаратпен жұмыс жасайды. Жұмыстарды бағалау барысында оқушыларға өздерінің қаншалықты дұрыс орындағанын немесе қандай қателіктер жібергенін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Қабілетті оқушыларға кеңейтілген үлгідегі кестелерді ұсынуға болады.

 Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға сәйкес дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз.

 Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Жұмыс соңында оқушылар «Ғажайып дала» тәсілі арқылы кері байланыс жасайды. Бірнеше оқушыға сыныпқа өздерінің жетістіктерін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Үй тапсырмасын орындау үшін мақал-мәтелді қайдан алуға болатынын ескертіп айта кетіңіз немесе онлайн ресурстар көзін көрсетіңіз.

 

 Пайдалы сілтемелер:

 

http://planirovanie7kl.narod.ru/index2.htm

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b2b48-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/1_4.swf

https://www.youtube.com/watch?v=JxbD-9YTC38

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b2b48-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/1_4.swf

http://www.classtools.net/

https://kk.wikipedia.org/wiki/өлшемдердің_метрлік_жүйесі

http://balalaralemi.kz/makal_matelder



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу