Жүйке жүйесін құрайтын мүшелер. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім. Жанды табиғат. Адам | Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 2-тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жүйке жүйесін құрайтын мүшелер. | |||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 4.2.3.2 - жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Жүйке жүйесінің мүшелерімен таныстыру және оның адам ағзасындағы рөлін ұғындыру. | |||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Жүйке жүйесі мүшелерін біледі және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттайды. | |||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік сөздік және терминология: Адамның жүйке жүйесі, ми, жұлын, жүйкелер,сезім мүшелері, ақпарат, т.б. | |||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу, ашықтық құндылықтарын дарыту. | |||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, биология | |||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 3 сыныпта адамның дене мүшелері туралы алған білімдерін қайталау | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақбарысы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-7 минут | I.Ұйымдастыру бөлімі «Сөйлейтин қолдар» тренингМақсаты: оқушылардың ара-қатынастарын жақындату, жағымды көңіл-күй орнату. Қуанышымызды көрстейік. Басты сипайық. Арқадан қағайық. Тілегімізді білдірейік.
-Балалар, нұсқаулықтарды орындау жеңіл болды ма? -Қандай мүшелер бізге көмек жасады? -Ендеше айдай арайлап, жұлдыздай жарқырап,судай таза көңілмен сабағымызды бастайық. Оқушылар ішкі-сыртқы шеңберлерде жұп болып тұрып, мұғалімнің берген нұсқаулықтарын үндемей орындайды. ІІ.Үй жұмысын тексеру арқылы өткенді қайталау Мақсаты:Тест сұрақтарына жауап алу арқылы өткен сабақта алған білімді қайта жаңғырту. -Балалар, өткен сабақта біз қандай тақырып өтіп едік? -Бұл тақырып бойынша үйге қандай тапсырма берілді? Тест жұмысы1. Зәр шығару жүйесіне не жатады?а)несепағар ә) өкпе б) бауыр 2. Зәр шығару жүйесінің мүшелерін көрсет.а)бүйрек, несепағар, қуық, зәр шығару өзегі ә)асқазат, жұтқынщшақ, шек б) өкпе, өңеш, бронхы 3. Зәр түзуші мүшеге не жатады?а)қуық ә) несепағар б)бүйрек 4. Ересек адам бүйрегінің салмағы шамамен......?а)120г ә)150г б)50г 5. Бүйректің негізгі қызметі қандай?а)қанды зиянды улы заттардан тазарту ә)газалмасу үдерісіне қатысу б)ағзадағы асты қорыту Оқушылар парақтарымен ауысып, тесттің орындалуын дайын нұсқа бойынша тексеріп, дескриптор арқылы бірін-бірі бағалайды.
-Жалпы адам ағзасында тағы қандай жүйелер қызмет атқарады? -Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтап, келесі жүйемен танысу үшін мен сендерге жұмбақты шешуді ұсынамын. Мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып, қызығушылықтарын арттыру.Дүниені танитын,Бізге ақыл беретін.Естігенді, көргендіЖүйелеп нақты жинайтын.Қандай мүше болатын? (Ми) Оқушылардың жауаптарын тыңдап, толықтыру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу. Бүгінгі сабақта біз жүйке жүйесімен танысамыз. Құрылған БК сабақ соңында қайта оралатынымызды ескертіледі. Үш көмекші-бас, жүрек, қол суреттерін таратып беру, түсіндіру. | Слайд Тест парақшалары | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ ортасы 7 -12 минут 12 -15 минут 15-18 минут 18-23 минут 23-28 минут 28-35 минут 35-37 минут | (Ұ, МК) «Ойлан! Тап!» ойыны Мақсаты: Сезім мүшелерінің ағзадағы қызметін анықтау Бірнеше баланың көзін жұмсақ шүберекпен байлап, әртүрлі затты ұстатып, оның қандай зат екенін айтуды ұсыну. Оқушылар жемістерге сипаттама беруі керек. Оның дәмі, иісі, түрі, түсі, көлемі, пішіні, т.б. (Мысалы, кітап, өшіргіш, алма, мақта, т. с. с.) -Бұл не? -Оны қалай білдің? Айтылған сипаттамаларды қалай, ненің көмегімен анықтағандары туралы сұрау. Нәтижесінде сезім мүшелерінің атқаратын қызметі анықталады. Қорытынды:Адам айналадағы заттар мен құбылыстарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Оларға:
(МК) Суретпен жұмыс Мақсаты: Суреттегі іс-әрекеттерді талқылау арқылы «дабыл» ұғымын еңгізу. Оқушылардың назарын оқулықтағы суреттерге аудару. - Бірінші суреттегі адам неге қолын тартып алды? -Ыдыс қандай деп ойлайсың? (Себебі газ жанып тұр, ыдыстан бу шығып жатыр, ыдыс ыстық.) -Ал екінші суреттегі етікшіге не болды? -Неге қолын тартып алды? (Қолына ине кіргізіп алды, себебі ине үшкір.) -Ол қимылдың қалай жүзеге асатынын түсіндір. -Өзің осындай жағдайға кез болдың ба? -Қандай қимыл жасадың? Оқушылар әртүрлі жағдайларды айтады. -Осы үдеріс қай жүйе арқылы жүзеге асады? -Және барлық үдерісті не басқарады? Жаңа ақпарат: Жүйке жүйесі - барлык мүшелер жүйесін біртұтас етіп біріктіріп, олардың жұмысын реттейді.Ми—адамның жүйке жүйесіне кіреді және барлық осы үдерістерді басқарады. (Ө,Қ)Оқулықпен жұмыс «Жүйке жүйесі» Мақсаты:Жүйке жүйесінің құрылысымен танысу. Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды. Оқулықта берілген суретпен жұмыс жасайды. Суретке қарап, мидың қайда орналасқанын анықтайды. (Т,Қ) «Домино» ойыны Мақсаты:Жүйке жүйесі жайлы қалыптасқан түсініктерін анықтау. Сұрақтар:
Жауаптар:
Жұмысты орындап болған соң топтар «Галерея» әдісі бойынша жүріп, бір-бірін тексереді. Стикер арқылы бір-бірін бағалайды. (МК,Ұ)Бейнероликті тамашалау «Жүйке жүйесі» Мақсаты:Жүйке жүйесінің жұмысы жайлы түсініктерін кеңейту. (Т,Қ)Зертте. Жүйке жүйесінің жұмысы қалай жүреді? Мақсаты:Зерттеу барысында «Жүйке жүйесін» құрайтын мүшелер, олардың орналасуы, жүйке жүйесінің жұмысы туралы толық түсінік қалыптастыру. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
1-топ-құлақпен дыбысты естуі; 2-топ- қолмен ұстап сезуі; 3-топ- көзбен затты көруі; 4-топ –тағамның дәмін татып білуі.
Зерттеу нәтижесін тіркегенде, мысалы, көзден телефонға, одан кейін көзден жүйкелерге, одан жұлынға, жұлыннан миға, мидан қайтадан жұлынға, жұлыннан жүйкелерге, одан көзге бағыттамалар салуы керек. Басқа топтар да осындай бағыттамалар арқылы затты қабылдауды көрсетіп тұруы қажет. Әр топқа қолда бар басқа заттарды да ұсынуға болады.Әр топ өз жұмысын қорғайды. Бұл жұмысты тптар өзара «шапалақ» арқылы бағалайды. «Сен білесің бе?» айдары Қазіргі кезде адамдар компьютерлерді, түрлі гаджеттерді мықты санап, қуатты деп есептейді. Ал мидың белсенділігін ең қуатты компьютерлер де қайталай алмайды. Ми – адам ағзасының ең аз зерттелген мүшесі. Миды дамытуға болады. Ол үшін көп оқу керек. | Слайд, плакаттар Үлестірмелі парақтар Плакаттар мен суреттер Оқулық, домино кеспелері Бейнеролик Плакаттар мен маркерлер, адам денесінің сұлбасы. | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 минут |
-Балалар, үш көмекшінің пайдасы тиді ме? -Қай кезде? -Жүрек қалай көмектесті? -Қол қай кезде бізге қажетті болды? Оқушылардың жауаптарын тыңдап, толықтыру. Өздерін бағалау «Жетістік баспалдағы» арқылы өздерін бағалау | «Жетістік баспалдағы», стикерлер | ||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз? | Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||
Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырма беру. | Оқушылардың топтағы жұмыстары бағаланады. | Денсаулық сақтау технологиялары. Қолданылған белсенді оқыту әдістері Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?