Жүйке жүйесін қандай мүшелер құрайды? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Бөлім: Жанды табиғат Адам | Мектеп: Мұғалім: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||||
Күні: | ||||||||||
Тақырыбы: | Жүйке жүйесін қандай мүшелер құрайды? | |||||||||
Оқу мақсаты: | 4.2.3.2 жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну | |||||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылардың бәрі: адамның жүйке жүйесінің жұмысын сипаттайды; Оқушылардың көбі: жүйке жүйесінің адам ағзасындағы рөлін сипаттайды; эксперимент жоспарлайды, жүргізеді, қорытынды жасайды; Оқушылардың кейбірі: адам ағзасының басқа жүйелерінін жұмысын жүйке жүйесінің жұмысымен байланыстырады. | |||||||||
Бағалау критерийі | Жүйке жүйесінің қызметін сипаттайды; Жүйке жүйесінің рөлін сипаттайды; Адамның жүйке жүйесінің жұмысын жақсарту жолдарын атайды; Болжам жасайды, эксперимент жоспарлайды, жүргізеді, қорытындылайды. | |||||||||
Тілдік мақсат: |
| |||||||||
Құндылықтар: | Өзара сыйластық, ынтымақтастықта жұмыс істеу. Өз денсаулығын күту және саламатты өмір салтын сақтау. | |||||||||
Пәнаралық байланыс | дене шынықтыру | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Зәр шығару жүйесі мүшелерінің ағзада орналасуын, атауын және қызметін біледі. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы | Мотивация.
Кіріспе тапсырма. Жұптық жұмыс. Оқушыларға бірнеше мысал келтіріңіз. Жанып тұрған лампаға қолы тиіп кеткенде адам неге қолын тартып алды? Лампа қандай деп ойлайсың? (Себебі ыстық, тоқ көзіне қосылып тұрды.) Өзің осындай жағдайға кез болдың ба? Қандай қимыл жасадың? Оқушылар әртүрлі жағдайларды айтады. Қолдарын қалай тартып алатындарын көрсетуін сұраңыз. Ол қимылдың қалай жүзеге асатынын түсіндіруін сұраңыз. (Тері арқылы сеземіз де қолымызды, аяғымызды тез тартып аламыз.) Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау. Бүгінгі сабақта жүйке жүйесіне жататын мүшелерді (ми, жұлын, жүйкелерді) зерттейтіндерін хабарлау. | Доп | ||||||||
Сабақтың ортасы | Сақтан. Топтық жұмыс. Балалармен әртүрлі жағдаяттарды талдап алыңыз. (Мысалы, мынадай сұрақтар қойыңыз: Судан қалай өтесің? Найзағай даусын естігенде не істейсің? Шөлдегеніңді қалай сезесің?) Суреттерді сипаттауды ұсынып, жетелеуші сұрақтар арқылы бағыттап отырыңыз. Бірінші топ. Дауылдан қатты көтеріліп жатқан су суреті. Балалар судағы толқыннан қандай қауіп сезді? Екінші топ. Жылап, адасып қалған баланың суреті. Қауіптен баланы құтқару үшін олар не істейді деп ойлайсың? Үшінші топ. Қатты жел тұрып жауып түрған бұршақ суреті. Балалардың іс-әрекетін не басқарады деп ойлайсың? 1-суретте балалар қауіпті қалай сезді? Олар не істейді? 2-суретте қішкентай балаға қалай көмектеседі. 3-суретте ауа-райының қолайсыздығы балаларға қандай қауіп тығызады. Енді мидың осы әрекеттермен қандай байланысы бар екенін сұраңыз. Балалар бәрін ми басқарады деп жауап береді. Олардың ми туралы не білетіндерін анықтап алыңыз. Саралау: қауіп қатердің аяқ астынан болатынын, кездесетінін түсіндіру. Бейнеүзінді көру. Көргендерін сипаттау және сызбамен байланыстыру. ҚБ Өзін өзі бағалау Білімді аралық бекіту. Оқулықтағы мәтінді оқу. Мәтіндегі ақпаратты зерттеу жұмысы бойынша жасаған қорытындыларымен (әңгімелерімен) салыстыру. ҚБ өзін өзі бағалау. Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау. Ойлан. « Жануарларда жүйке жүйесі бола ма?» сұрағына айтқан пікірлерін тыңдаңыз. Адам сияқты санасы болмаса да, жануарлардың, сонымен қатар жәндіктердің жүйке жүйесі болады. Себебі олар да сыртқы ортаның әсерін, жақындап келе жатқан қауіпті сезеді, қорғанады. ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы Жеке жұмыс ретінде дәптерде берілген тапсырмаларды орындау. 35-жұмыс парағы. «Жүйке жүйесін қандай мү- шелер құрайды?». Дұрыс нұсқаны таңда. Тапсырма оқушылардың жүйкежүйесі туралы білімін бекітуге арналады. Оқушылар дұрыс жауапты белгілейді. Жауабы: Б) 1 – ми; 2 – жұлын; 3 – жүйкелер. Жауабын тап. Оқушылар тапсырманы оқып отырып, дұрыс жауапты жазады. Жауабы:
қызметіне жатпайды.
36-жұмыс парағы. «Жүйке жүйесі мүшелерінің қызметі». Сызбаны толтыр. Оқушылар бос орынға жүйке жүй- есіне жататын мүшелердің қызметін жазады. Бұл тапсырма тақырыпты бекітуге арналған. Жауабы: Ми – ақпаратты қабылдап, өңдейді. Жұлын – іс-әрекетті қамтамасыз етеді. Жүйкелер – миға ақпаратты жеткізеді және қайтадан бүкіл денеге таратады. Адасқан әріптер. Әріптерден сөз құрап, жасырын сөйлемді оқиды. Жауабы:Жұлынның зақымдануы адам денсаулығына қауіпті ҚБ мұғалімнің жазбаша кері байланысы | Жүйке жүйесі / Оқулықтағы сызба/ Бейнеүзінді
Дәптермен жұмыс | ||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексиялық кезең. Кері байланыс. - Сен бүгін не үйрендің? - Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге? - Не туралы тағы да көбірек білгің келеді? | Кері байланыс парағы Слайд №9 | ||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
-Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. -Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру | Қалыптастырушы бағалау құралдары: -мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту); - жұптардың эксперимент туралы есебін өзара бағалауы; - өзін өзі бағалау; - мұғалімнің жазбаша кері байланысы; -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу; -оқушылардың жазбаша кері байланысы | -Сабақ барысында іс әрекет, дене жаттығулары көптеп орындалады (ұйымдастыру шеңберінде, зерттеу жұмысы барысында); - әрекеттер жиі ауыстырылады; - қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? | ||||||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?