Жүйке жүйесін қандай мүшелер құрайды? Жаратылыстану, 4 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқау

Жаратылыстану

4-сынып

Жүйке жүйесін қандай мүшелер құрайды?

Адамның жүйке жүйесін, бассүйекте орналасқан ми, омыртқа жотасының өзегінде орналасқан жұлын және жүйкелер құрайды. Жүйкелер жұлыннан тарайды. Жүйкелер адам денесінің барлық жеріне таралып, денені торлап жатады. Жүйкелер барлық мүшелерді жұлынмен және мимен жалғастырады. Адам жүйкелер арқылы қоршаған ортадағы әртүрлі қолайсыз әсерлерді сезінеді. Мысалы, ыстықты, суықты, ауырсынуды, ауа райыныңтемпературасын қабылдайды да, жұлынға жеткізеді. Жұлыннан миға жетеді. Ми бассүйек қуысында орналасады. Ми көптеген қыртыстар мен иірімдерден тұрады. Бассүйек миды соққылардан қорғап тұрады. Жұлын омыртқа жотасының өзегінде орналасады. Жұлынның пішіні цилиндр тәрізді. Жұлынның қызметін ми бақылайды. Ми келген ақпаратты өңдеп жұлынға, жұлын жүйкелер арқылы дене мүшелеріне таратып, іс-әрекет-тердің орындалуын қамтамасыз етеді. Жұлын зақымданса, миға хабар түспейтіндіктен, адам зақымданған жерден төменгі әрекетті сезбейді. Мидан да мүшелерге хабар бармай қалады. Жұлынның зақымдануы адам денсаулығы мен өміріне өте қауіпті.

Кіріспе тапсырма. Ойын.

Сабақты бастамас бұрын бірнеше баланың көзін жұмсақ шүберекпен байлап, әртүр-лі затты ұстатып, оның қандай зат екенін айтуды ұсыныңыз. (Мысалы, кітап, өшіргіш, алма, мақта, т.с.с.) Оқушылар қолмен ұстап көріп, не екенін тапқаннан кейін көзіндегі шүберекті шешіп, оны қалай білгенін сұраңыз. Балалар көбіне «сеземіз» деп жауап беруі мүмкін. Бұл ойын оқушылардың назарын жаңа сабаққа аударуға көмектеседі.

Байқаусызда.

Оқушылардың назарын оқулықтағы суреттерге аударыңыз. Бірінші суреттегі адам неге қо-лын тартып алды? Ыдыс қандай деп ойлайсың? (Себебі газ жанып тұр, ыдыстан бу шығып жатыр, ыдыс ыстық). Ал екінші суреттегі етікшіге не болды? Неге қолын тартып алды? (Қолына ине кіргізіп алды, себебі ине үшкір.) Өзің осындай жағдайға кез болдың ба? Қандай қимыл жасадың? Оқушылар әртүрлі жағдайларды айтады. Қол-дарын қалай тартып алатындарын көрсетуін сұраңыз. Ол қимылдың қалай жүзеге асатынын түсіндір. (Тері арқылы сеземіз де қолымызды, аяғымызды тез тартып аламыз).

Сақтан. Топтық жұмыс.

Балалармен әртүрлі жағдаяттарды талдап алыңыз. (Мысалы, мынадай сұрақтар қойыңыз: Судан қалай өтесің? Найзағай даусын естігенде не істейсің? Шөлдегеніңді қалай сезесің?) Суреттерді сипаттауды ұсынып, жетелеуші сұрақтар арқылы бағыттап отырыңыз.

Бірінші топ. Дауылдан қатты көтеріліп жатқан су суреті. Балалар судағы толқыннан қандай қауіп сезді?

Екінші топ. Жылап, адасып қалған баланың суреті. Қауіптен баланы құтқару үшін олар не істейді деп ойлайсың?

Үшінші топ. Қатты жел тұрып жауып түрған бұршақ суреті. Балалардың іс-әрекетін не басқарады деп ойлайсың?

1-суретте балалар қауіпті қалай сезді? Олар не істейді? 2-суретте қішкентай балаға қалай көмектеседі.

3-суретте ауа-райының қолайсыздығы балаларға қандай қауіп тығызады. Енді мидың осы әрекеттермен қандай байланысы бар екенін сұраңыз. Балалар бәрін ми басқарады деп жауап береді. Олардың ми туралы не білетіндерін анықтап алыңыз.

Жүйке жүйесі.

Жүйке жүйесі бейнеленген плакатпен не оқулықта берілген суретпен жұмыс жасаңыз. Балалар

суретке қарап, мидың қайда орналасқанын анықтасын.

(Ми бас сүйек қуысында орналасады.) Жұлын қайда орналасады? – деп сұраңыз. (Жұлын омыртқа жотасының өзегінде орналасады.) Жүйкелер туралы айтып беріңіз. Жүйкелер неге ұқсайды? (Жүйкелер денені торлап жатқан жіпке, қан тамырларына ұқсайды). Олар жұлынмен және мимен қалай байланысады? Сонда ми қалай басқарады? Көзбен көреміз, құлақпен естиміз, ол миға қалай жетеді? – деп сұраңыз. Балалардың жауаптарын тыңдаңыз. Балалар жауап беруге қиналса, жүйке жүйесінің жұмысын суреттен көрсете отырып айтып беріңіз. (Мысалы, жүйкелер арқылы біз сыртқы ортаның барлық, тіпті болымсыз әсерін сезе аламыз. Бұл ақпарат жүйке арқылы жұлынға, одан әрі миға барады. Бұл өте жылдам жүреді. Айталық, ыстық затқа қол тигізгенде, саусақ ұшындағы жүйкелер жұлынға, жұлын миға хабар береді. Ми келген ақпаратты өңдеп, қайтадан жұлынға, жұлын жүйкелерге жауап береді. Жүйкелер ақпаратты мүшелерге таратады).

Зертте.

Жүйке жүйесінің жұмысы қалай жүреді? Оқушылар зерттеу барысында «Жүйке жүйесін»

құрайтын мүшелер, олардың орналасуы, жүйке жүйесінің жұмысы туралы толық түсінік алады. Оқушыларды шағын топтарға біріктіріңіз. Ватман, маркерлер таратып беріңіз. Бір топқа дыбыс шығара алатын зат (мысалы, қалта телефоны), екінші топқа пластикалық ыдыстағы салқындатылған сусын (қолмен ұстап, салқын екенін білу үшін), үшінші топқа жолақ қағазға жазылған жазу немесе сандар (көз-бен көріп, не жазылғанын анықтау үшін), төртінші топқа әртүрлі тосаптар, ащы, қышқыл дәмді заттар (дәмін көріп, не екенін анықтау үшін) беріңіз.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

• Әр топ ватманға адам сұлбасын сызады.

• Сұлбаға ми, жұлын, жүйкелердің суретін салады.

Бағыттамалар арқылы өз тобына ұсынылған затты адам қалай қабылдайтынын көрсетеді:

1-топ дыбысын құлақпен естиді;

2-топ қолмен ұстап біледі;

3-топ көзбен көреді;

4-топ дәмін татып біледі.

• Нәтижесін тіркейді.

• Қорытынды жасайды.

Зерттеу нәтижесін тіркегенде, мысалы, көзден телефонға, одан кейін көзден жүйкелерге, одан жұлынға, жұлыннан миға, мидан қайтадан жұлынға, жұлыннан жүйкелерге, одан көзге бағыттамалар салуы керек. Басқа топтар да осындай бағыттамалар арқылы затты қабылдауды көрсетіп тұруы қажет. Әр топқа қолда бар басқа заттарды да ұсынуға болады.

Сен білесің бе?

Қазіргі кезде адамдар компьютерлерді, түрлі гаджеттерді мықты санап, қуатты деп

есептейді. Ал мидың белсенділігін ең қуатты компью-терлер де қайталай алмайды. Ми – адам ағзасының ең аз зерттелген мүшесі. Миды дамытуға болады. Ол үшін көп оқу керек.

Ойлан.

«Жануарларда жүйке жүйесі бола ма?» сұрағына айтқан пікірлерін тыңдаңыз. Адам сияқты санасы болмаса да, жануарлардың, сонымен қатар жәндіктердің жүйке жүйесі болады. Себебі олар да сыртқы ортаның әсерін, жақындап келе жатқан қауіпті сезеді, қорғанады.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға байланысты ұсыныстар

35-жұмыс парағы. «Жүйке жүйесін қандай мү-шелер құрайды?», 37-б.

Дұрыс нұсқаны таңда.

Тапсырма оқушылардың жүй-ке жүйесі туралы білімін бекітуге арналады. Оқушылар

дұрыс жауапты белгілейді.

Жауабы:Б) 1 – ми; 2 – жұлын; 3 – жүйкелер.

Жауабын тап.Оқушылар тапсырманы оқып отырып, дұрыс жауапты жазады.

Жауабы:

1. Біздің ағзамызда болып жатқан үдерістер жүйке жүйесі арқылы реттеліп отырады.

2. Ағзадағы қалдықтарды жою жүйке жүйесінің қызметіне жатпайды.

3. Жүйке жүйесі мидан, жұлыннанжәне жүйкелерден тұрады.

4. Миды бас сүйекқорғап тұрады.

36-жұмыс парағы. «Жүйке жүйесі мүшелерінің қызметі», 38-б.

Сызбаны толтыр.

Оқушылар бос орынға жүйке жүйесіне жататын мүшелердің қызметін жазады. Бұл тапсырма тақырыпты бекітуге арналған.

Жауабы:

Ми – ақпаратты қабылдап, өңдейді.

Жұлын – іс-әрекетті қамтамасыз етеді.

Жүйкелер – миға ақпаратты жеткізеді және қайтадан бүкіл денеге таратады.

Адасқан әріптер.

Әріптерден сөз құрап, жасырын сөйлемді оқиды.

Жауабы: Жұлынның зақымдануы адам денсаулығына қауіп



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу