Қазақ тілі және әдебиеті_ 1 сынып_ 6-бөлім _Cалт дәстүр мен ауыз әдебиеті_Ұлттық ойындар_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Күні:

Сынып: 1В

Мектеп: НИШ Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Сагинова Г.Т.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ұлттық ойындар туралы түсінік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)

1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау

1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

Сабақ мақсаттары

Ұлттық ойындармен танысуды жалғастырамыз. Сұрақ қоямыз және әңгімелейміз.

Бағалау критерийлері

Берілген сурет және сызба бойынша сөйлемдер құрап жазады.

Тілдік мақсаттар

Орамал тастау, Ақсерек, Асық ату, Жамбы ату, Бәйге, Аударыспақ.

Құндылықтарды дарыту

Достық қарым-қатынас

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе, математика

АКТ қолдану дағдылары

Тақтада сызу, қарау, тыңдау

Бастапқы білім

Ұлттық ойындар тақырыбы бойынша сөздік қор.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

4 мин

5 мин

Таңғы шеңбер

Көлдей шалқып жас өмір,Тасып жатқан шағындаКемерінен шалықтап, Асып шатқан шағындаОйын ойнап, ән салмай Өсер бала болар маКүміс күлкі көрмей олКемеліне толар ма.Айгөлек ау айгөлек,Айдың жүзі дөңгелек,Айдай толған кезімде  3 ретБи билеймін дөңгелеп.Асыл сөздің ұстасы-Ақын болар ұрпақпызӨнер, білім, еңбекке,Жақын болар ұрпақпызОн саусағы майысқанШебер болар ұрпақпыз,Тұла бойы толған бірӨнер болар ұрпақпыз.

-Өлең не жайында?

Сабақтың мақсаты: Ұлттық ойындармен танысуды жалғастырамыз. Сөйлемдер құрап, сұрақтарға жауап береміз.

  • Ортаға шығып, Айгөлек ойынын ойнайық.

Интерактивті тақта

Слайд

Сабақ ортасы

6 мин

7 мин

3 минут

1 минут

1 минут

5 минут

1. (Ұ) «Көршіңе сұрақ қой» стратегиясы

Мақсаты: сұрақ құрастырып және сұраққа жауап беріуге жаттығады.

Нұсқаулық:

- мәтінді оқы;

- 2 сұрақ құрастыр, дәптерге жаз;

- өзің құрастырған сұрақты келесі оқушыға қой;

- келесі оқушының сұрағына жауап бер;

Аударыспақ

Бұл ойынға мықты жігіттер қатысады. Олар атқа мінеді. Аттың үстінде отырып тартысады. Аттан құлаған ойыншы жеңіледі.

(ҚБ) Оқушылардың сұрақтары мен жауаптарын тыңдай отырып бағалау

2. (ТЖ) «Істеп көрсет» стратегиясы. Топқа берілген ойынды көрсету.

Мақсаты: оқығанды түсіну және ұлттық ойын жайлы білімдерін іс-жүзінде қолдану.

Нұсқаулық:

- мәтінді оқы және түсін;

- топта ақылдас;

- ортаға шығып көрсет;

1) Асық ату

Ойынға 2-4 адам қатысады. Олардың төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді.

2) Ақсерек

Ойын кең алаңда өтеді. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бір-бірін «ақ серек, көк серек, сізге бізден кім керек» деп сұрайды. Келесі топ «ақ серек, көк серек, сізден бізге (бір баланың атын айтады) керек»деп шақырады. Шақырылған ойыншы қолды үзіп өту керек.

3) Орамал тастамақ

Ойыншылар көздерін жұмып, шеңбер бойы отырады. Жүргізуші орамалды алып, бір ойыншының артына тастайды. Орамал тастағанын сезген ойыншы оны қуып жетіп, орамалмен соғады. Жеңілген ойыншы айыбын тартады.

4) Сақина салмақ

Ойыншылар екі-екіден отырады. Жүргізуші сақинаны білдіртпей бір ойыншының уысына салады. Жүргізуші «Сақинам кімде?» деген кезде сақина бар ойыншы атып тұруы керек. Ал көршісі ұстап қалуы керек. Жеңілген ойыншы айыбын тартады.

(ҚБ) Әр топ ойынды кезекпен көрсетеді.

(Ө) Сөйлемді аяқта:

Сақина салмақ ойынында ойыншылар ...... отырады.

(екеуден, төртеуден)

Асық атудың бұл түрінде ойыншыда .... асық болу керек. (екі, төрт)

Ақсерек ойынында қолды ..... ойнайды. (үзіп, аттап)

Орамал тастамақ ойынында ойыншылар ....... отырады. (қатарға, шеңберге)

Үлестірмелі қағазға жазу.

Слайд

Көңілді сергіту жаттығулары

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Мақсатқа қайта оралу.

-Кім бүгінгі ойындардың шартын түсінсе, сұрақ құрастырса және сұрақтарға жауап бере алса, екі қолын да көтереді

- Жартылай білсе, қолдырын беліне қояды

- Түсінбесе, қолын жай қояды.

Ән «Айгөлек» әні

«Жолың болсын, жолаушы» әнінің аудиожазбасы

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

өздері сұрақ құрастыра алады, жауап бере алады

Топсеруен кезінде техника қауіпсіздігін сақтау

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу