Қазақ тілі және әдебиеті_ 1 сынып_ 5 бөлім _Саяхат_ Хат жазу _ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Хат жазу

Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасы

на сілтемеу)

1.3.6.1 мұғалімнің қолдауымен әртүрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу.

Сабақ мақсаттары

Мұғалімнің қолдауымен хат, шағын жай сөйлемдер құрап жазады.

Бағалау критерилері

 

Сөйлемді бас әріппен жазып, соңына тиісті тыныс белгілерін қоя алады.

Шағын хат жаза алады.

 Сөздік қор

Саяхат түрлерін, саяхатпен байланысты сөздер мен жер атауларын біледі.Тыныс белгілерінің атауларын, сөздер мен сөйлем ұғымдарын біледі.

Құндылықтарды

дарыту

 Еңбек және шығармашылық.

Пәнаралықбайланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

5-бөлім оқушылардың алдыңғы тоқсанда алған білімдері мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар әдеби және әдеби емес мәтін үлгілерімен таныс болады және сөздерді оқу үшін әр түрлі стратегиялармен танысады.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

3 мин

(Ұ)Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың көңіл күйлерін сұрау.

«Шаттық шеңбері»

Балалар бір - біріне жылулық сыйлап, шеңбер бойымен жүріп, тақпақты хормен айтады.

Шашы – алтын, көзі - от,Шыға ғой, Күн, тезірек.Шуақ берші, жылу бер,Маған, оған, досыма,Тағы, тағы, тағы да!

(Ұ) Сабақтың тақырыбын ашу

-Балалар, әріптерді дұрыс қойып, сабақтың тақырыбын білеміз.

АХТ ЖУЗА

-Сонымен, сабағымыздың тақырыбы: Хат жазу

-Хат деген не?

-Хатты кімге жазуға болады?

-Бүгінгі сабақтың мақсаты:Сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажырату.

-Жетістік критерийлерін құрайық.

/Оқушылардың жауаптарын тыңдау/

Интерактивті тақтада жазылған өлең жолдары.

Интерактивті тақтада ребус

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты, оқушылардың айтқан критерийлерін жазу үшін флипчарт пен маркерлер

Сабақ ортасы

10 мин

3 мин

1 мин

10 мин

7 мин

(МК)-Балалар, бүгін біз қаламызға келген саяхатшы рөлін сомдаймыз.Сондықтан қазір қаламызды аралап, әдемі, қызықты жерлерін есімізге түсірейік.

/презентацияны тамашалап, Көкшетаудың көрікті жерлері жайлы әңгімелесу/

(Ұ) «Кел хат жазайық»

Қаланың көрікті жері туралы бірігіп хат жазу. Мәтіннің өткен шақта жазылу үлгісін көрсету.Хатты басынан аяғына дейін оқыту, мазмұнын талқылап, тыныс белгілеріне назарын аударту.

Сөйлемді жазу ережелерін еске түсіру. Оқушылар айтады: Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен жазылады.Сөйлемнің соңына нүкте /./, леп белгісі /!/ немесе сұрақ белгісі /?/ қойылады.

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

(Т) Шығармашылық тапсырма

Тапсырма:Жергілікті жерге байланысты өз сезімдерін жеткізу үшін сөздерді дұрыс таңдап,кейіпкердің атынан хат жазу.Хатты безендіру:ашық хат жасау /сурет салу, бояу т.б./

Мәтін құру барысында оқушыларға «Бағытталған жазу» әдісі арқылы өткен шақты қолданып жазғызу.

Оқушылардың іс-әрекеті:Оқушылар топта бірігіп отырып, берілген ресурстарды пайдалана отырып, ашық хат жасайды.Ашық хаттың сыртын безендіріп, ішкі парақтарына Көкшетаудың көрікті жері туралы 3-4 жай сөйлеммен хат жазады.Ашық хаттарын ортаға шығып таныстырады

(Б)Топтар бір-бірін «Басбармақ » арқылы бағалайды.

(Ө)Хат жазу

Тапсырма:Жазылған хатты оқы.Сөйлемдерді бас әріппен жазып, қате қойылған тыныс белгілерін түзетіп, көшіріп жаз.

(ҚБ)Оқушылардың сөйлемді бас әріппен жазып, соңына тиісті тыныс белгілерін қойып, хатты сауатты жаза білу қабілеттерін бағалаймын.

Көкшетаудың көрікті жерлері жайлы презентация

Хат жазуға арналған флипчарт пен маркерлер

«Көңілді күн» көңілді би жаттығулары

Ашық хат жасауға арналған А3 форматындағы ақ парақтар, маркерлер мен түрлі-түсті қарындаштар.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма парақтары.

Сабақтың соңы

4 мин

Рефлексия:

  • Бекіту сұрақтары:
  • Сөйлемді қалай жазу керек?
  • Хат жазуда нені білу өте қажет?

Өз-өзін бағалау:

-Сабақтың соңында кім қандай деңгейде?

-Баспалдақтағы өздеріңнің орындарыңды анықтап, аттарыңды стикерге жазыңдар да баспалдақтағы өз орындарыңа стикерді жабыстырыңдар.

«Баспалдақ»суреті мен стикерлер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Қалыптастырушы бағалау арқылы, тірек сөздер, сюжетсіз суреттер .

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті балаларсөйлемді сауатты дұрыс жаза алады.Өз ойларын жазбаша еркін білдіре алады.

Естесақтауғабайланыстытапсырмалар арқылы

Денсаулықсақтаутехнологиялар

Қауіпсіздіктехникасыныңережелеріментаныстыру

Сабақбойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардыңбарлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуүшінқандайөзгерісенгізугеболады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылартуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу