Қазақ тілі және әдебиеті_ 1 сынып_ 5 бөлім _Саяхат_ Саяхатты сипаттау _ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: Саяхат | Мектеп: Физика-Математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||
Күні:10.01.2017 | Мұғалімнің аты-жөні :Сагинова Г.Т. | ||
Сынып: 1 В | Қатысқандар:20 Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Саяхатты сипаттау | ||
Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқу бағдарламасы на сілтеме) | 1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну 1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау | ||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар білу керек:Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады Көпшілігі:Мәтін бойынша сұрақ қояды және жауап бере біледі Кейбір оқушылар:.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айта біледі | ||
Бағалау критерийлері
| Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады. . Сөйлеу барысында тілдік бірліктерді орынды қолданады. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтады | ||
Сөздік қор | Жаяу жүру, жеңіл көлікпен бару, автобуспен бару,жақын, алыс,саяхат,карта.ұшақпен ұшу,пойызбен бару | ||
Құндылықтарды дарыту |
Еңбек және шығармашылық. | ||
Пәнаралықбайланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе | ||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар қоршаған орта және табиғат туралы біледі, жыл мезгілдеріне қатысты сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыра алады | ||
Сабақбарысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы | (Ұ)Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың көңіл күйлерін сұрау. Қуаныш шеңбері. Балалар бір - біріне жылулық сыйлап, шеңбер бойымен жүріп тақпақты хормен айтады. Шашы – алтын, көзі - от,Шыға ғой, Күн, тезірек.Шуақ берші, жылу бер,Маған оған, досыма,Тағы, тағы, тағы да! (Ұ) Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында ребус шешу. -Балалар, ребустағы жасырын сөзді тапсақ, сабақтың тақырыбын білеміз. -Саяхат деген не? -Саяхатқа немен шығамыз? -Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар? /Оқушылардың жауаптарын тыңдау/ -Балалар, бүгін біз саяхатқа қалай дайындалу керек екені жайлы танысамыз. Саяхатқа бару үшін қандай қажетті заттар керек екенін айтамыз. -Саяхатқа жалғыз шыққан көңілді ме? -Топпен жүрген көңілді ме? -Ендеше топтың ережелерін қайталайық. /Ережелерді еске түсіру/ | Ғажайыпстанға саяхат www.youtube.com/watch?v=gNVBcuC44vE Аннаның саяхаты Mitsumasa Anno. Бұл кітап туралы қосымша ақпарат алуға болады:http://www.answers.com/topic/mitsumasa-anno | |
Сабақ ортасы | (Т)«Не қажет?» ойыны Әр топта саяхатқа керекті заттар бар. Әр топ белгілі бір жаққа саяхатқа шығады. Топта балалар осы заттарды неліктен алғаны жайлы талқылайды да, ортаға шығып баяндайды. -Қай жаққа саяхатқа шығуға болады? -Тауға,орманға,көлге,ауылға,қалаға,шет елдерге. -Балалар,ал саяхатқа шығу үшін адамдарға ең бастысы не қажет? (куәліктің,паспорттың,балалар үшін метіркенің бар болуын айтып,көрсету) Сергіту сәті: Тонса біздің қолымыз Қолғап киіп аламыз Сарт-сарт-сарт Шапалақ соғамыз Тонса біздің аяғымыз Етік киіп аламыз Топ-топ-топ Топылдатып билейміз Тонса біздің денеміз Тонды киіп аламыз Зу-зу-зу Шанамен зулаймыз (Ө)Дәптермен жұмыс. «Мен саяхатқа шықсам, өзіммен бірге .... алып шығамын» деген құрылымды толықтырып жазуды, қосымша жаңа атауларды қолдануды тапсыру •Сыныпқа үлгі ретінде бір оқушының жұмысын көрсету. Оқушыдан таңдаулы сөзі мен фразаларын дауыстап оқуларын сұрау. Таңдалған сөздер мен фразалар кейіпкердің затты елестетуіне қаншалықты көмек болғанын анықтау (Ұ)«Саяхатшы Дара» мультфильмін көрсету Оқушылармен кері байланысқа арналған негізгі сұрақтар: • Мульфильм не туралы? • Сендерге мульфильм ұнады ма? -Неліктен ұнады? • Бұл мульфильм нені еске түсірді?. (Ұ) «Демалыс пен саяхат» тақырыбын қамту. Алғашқы географиялық білім ретінде картамен жұмыс жасау ұсынылады. Бөлім бойында жекеленген дыбыстарды жиі қайталатып, оқытылуы тиіс. Картадан Көкшетау қаласын табады.Көкшетау жайлы өлең оқиды. (ҚБ)Оқушылардың келесі қабілеттерін бағалау: • өлең туралы шағын комментарий айта алады • өлеңді ұнататын/ұнатпайтынын қарапайым дәлелдер келтіре отырып түсіндіреді. (Ұ) «Көкшетауға саяхат» мәтінімен жұмыс жасау Көкшетау қаласы 1824ж. қаланған. Көкшетауда Қопа көлі мен Бұқпа тауы бар. Бұл жерде қарағай қалың өседі. Көкшетаудың табиғаты сұлу, әдемi. Мысалы: Бурабай-Көкшетаудағы әдемi көл. Суы тұщы және мөлдiр. Көлдiң ең терең жерiндегi жәндiктер мен балықтар айқын көрiнедi. Көлдiң айналасы- сыңсыған қарағайлы қайыңды орман. Көкшенiң әйгiлi шоқылары “Жұмбақтас”, “Оқжетпес” көлдi ерекше көрiктi етiп тұрады. | Керекті заттар мен олардың атаулары. Альбом, қарындаш,фломастерлер,түрлі-түсті қағаздар,постер жасау үшін құралдар «Көңілді жаттығу»видео http://www.youtube.com/watch?v=vETbJoWJqOU Ғажайыпстанға саяхат www.youtube.com/watch?v=gNVBcuC44vE Көкшетау қаласы жайлы бейнеролик немесе презентация. | |
Сабақтың соңы | Рефлексия:
| ||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Қалыптастырушы бағалау арқылы, тірек сөздер, сюжетті суреттер . | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Қабілетті балалар бір –біріне сұрақ қойып жауап бере алады. | Естесақтауғабайланыстытапсырмалар арқылы | Денсаулықсақтаутехнологиялар Қауіпсіздіктехникасыныңережелеріментаныстыру | |
Сабақбойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрысжүргізілдіме? Сабақтың уақыттықкезеңдерісақталдыма? Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен? | |||
Жалпыбаға Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшінқандайөзгерісенгізугеболады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылартуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?