Қазақ тілі және әдебиеті_ 1 сынып_ 5 бөлім _Саяхат_ Хат жазу _ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат Күні: 02.02.17 Сынып: 1В | Мектеп: Көкшетау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Сагинова Г.Т. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Хат жазу |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.3.10.1 заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырату және орынды қолдану |
Сабақ мақсаттары | Саяхат тақырыбына қатысты қимылды, заттың атын, сынын, санын білдіретін сөздерді анықтаймыз |
Бағалау критерийлері | Берілген сурет және сызба бойынша сөйлемдер құрап жазады. |
Тілдік мақсаттар | Саяхат тақырыбына қатысты қимылды, заттың атын, сынын білдіретін сөздер |
Құндылықтарды дарыту | Достық қарым-қатынас |
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға ену, математика |
АКТ қолдану дағдылары | Тақтада сызу, қарау, тыңдау |
Бастапқы білім | Саяхат тақырыбы бойынша сөздік қор. |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 1 мин 4 мин | Таңғы шеңбер Орнымыздан тұрамыз Үлкен шеңбер құрамыз Қазақ тілі ұнайды Тыңда, қара, орында Ертең сенен сұрайды. -Досыңның қандай екенін жақсы сөздермен айт.(шеңбер бойы бір-біріне доп лақтыру арқылы айтып шығады) Бүгінгі күнге барлықтарыңа сәттілік тілеймін. Допты сипаттау арқылы жаңа сабақтың мақсатын анықтау. -Ол не? Ол қандай? Ол не істейді? Ол нешеу? -Әр сұраққа жауап бере отырып, біз нені білдік? Сабақтың мақсаты: Саяхат тақырыбына қатысты қимылды, заттың атын, сынын, санын білдіретін сөздерді анықтаймыз | Интерактивті тақта Слайд |
Сабақ ортасы 6 мин 7 мин 3 минут 1 минут 1 минут 5 минут | 1.(Т) «Әлемді шарлау» стратегиясы Мақсаты: сөйлемдер ішінен заттың атын, сынын, санын, қимылын білдіретін сөздерді анықтау арқылы ажыратуға үйрету. 1-топ – заттың атын 2-топ – заттың санын 3-топ – заттың сынын 4-топ – заттың қимылын (әр топ сынып ішінен өз тақырыбына сай сөздерді жинап әкеледі, жапсырады, тақтаға іледі) (ҚБ)Интерактивті тақта арқылы тексеру Кім? Не? Қандай? Неше? Не істеді? Саяхат үлкен бір ұшты Чемодан әдемі бес көрді Саяхатшы алыс төртінші келді Ұшақ көк бірінші қыдырды Руди жасыл он демалды 2.(Ж)Топтардың жұмыстарын біріктіріп бір сөйлем құрастыру. Мақсаты: заттың атын, санын, сынын,,қимылын білдіретін сөздерді біріктіріп сөйлем құрау арқылы тілдерін дамыту. (ҚБ)Жұпта құрған сөйлемдерін оқушылар дәптерге жазады, кезекпен оқып береді. Мұғалім сыныппен бірге тыңдап, түзетулер жасайды. Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық» 3. (Т) «Зерттеу» стратегиясы Әр топқа бірнеше зат таратылады. Олар мына сұрақтарға жауап береді.
(ҚБ)Дескриптор арқылы бағалайды. | Үлестірмелі қағазға жазу. Слайд Көңілді сергіту жаттығулары |
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия Мақсатқа қайта оралу. -Кім сөйлемдер ішінен заттың атын, сынын, санын, қимылын білдіретін сөздерді анықтауды білсе екі қолын көтереді - Жартылай білсе, қолдарын беліне қояды - Түсінбесе, қолын жай қояды. Ән «Жолың болсын, жолаушы» | «Жолың болсын, жолаушы» әнінің аудиожазбасы |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Сергіту сәті | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?