Қазақ тілі және әдебиеті_ 1 сынып_ 5 бөлім _Саяхат_ Саяхатқа дайындалу _ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


ПәнҚазақ тілі

Бөлім: Саяхат

ТАҚЫРЫБЫ: Саяхатқа дайындалу

МЕКТЕП:

Мұғалім:

1-сынып

ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ:

ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ:

ОҚУ МАҚСАТТАРЫ:

1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдардың кім\не туралы екенін түсіну.

1.4.4.1. Бас әріптер мен кіші әріптерді және оларды бір-бірімен дұрыс байланыстырып жазу; санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жазу. 

САБАҚ

МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар

Сабақта үйренген көлік түрлерін атай алады, қандай көлікпен саяхатқа шығатындарын айта алады

СӨЗДІК ҚОР:

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Мен ата-анамен қоштасамын, автобусқа отырамын, автобуста достармен сөйлесемін, саяхатқа барамын,біз ... барамыз, ағаш, уақытымды көңілді өткіземін т.б.

Алдыңғы білімдер

Мектепке барар жол-шағын есеп жазу.

Жоспар

Іс-әрекет кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңберКүнде ерте тұрамын,Ерте тұру ұраным.Тапсырмамды орындап,Мектепке бет бұрамын.- Мынау қобдишада не бар деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың ұсыныстары.

(көлік, қалам, жол)

- Не үшін керек? сұрағы арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырып өту.

Сабақтың ортасы

(МК, Ұ) -Кәне, балалар 1-тапсырмаға назарларынды аударындаршы. Бұл суреттен не көріп тұрсыңдар?

- Бұл жерде саяхат жайында әңгіме болмақ.Саяхатқа шығу үшін көлік керек екені белгілі. Біз саяхатқа шыққанда жақын жерлерге жаяу, ал алыс жерлерге (тауға), әдетте автобус, ұшақ, пойызбен барамыз. Жалғыз саяхат қызықсыз болса «біз» достарымызбен бірге барамыз. Солай ма, балалар?

(МК, Ж) «Адасқан әріптер» ойыны арқылы 2-тапсырма орындалады. Ол үшін әр жұп берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау керек.

Бірінші жұп

Ұшақ

Екінші жұп

Мәшине

Үшінші жұп

Автобус

Төртінші жұп

Велосипед

Бесінші жұп

Пойыз

«Есте сақта» айдары арқылы «бару» етістігінің жекеше, көпше түрдегі (I жақ, II жақ) қолданысын түсіндіремін.

Мен барамынБіз барамыз.Сен барасыңСендер барасыңдар.Сіз барасызСіздер барасыздар.Ол барадыОлар барады.

Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық»

(Ж) Жазылым.

Жұпта сөйлемдер жинақтау. Ламинат қағазға жазу.

Бірінші жұп

Біз саяхатқа ұшақпен барамыз.

Екінші жұп

Біз саяхатқа пойызбен барамыз.

Үшінші жұп

Біз саяхатқа мәшинемен барамыз.

Төртінші жұп

Біз саяхатқа автобуспен барамыз.

Бесінші жұп

Біз саяхатқа велосипедпен барамыз.

Бағалау

Жұптар бір-бірін саусақ арқылы немесе шапалақ арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта арқылы сөйлемдер мен суреттерді сәйкестендіру.

(Ж,қСуреттің қасына реттілігін білдіретін сөйлемді жазу. Сөйлемдерді сауатты көшіріп жазу.

1. Біз саяхатқа пойызбен барамыз.

2. Ол саяхатқа мәшинемен барады.

3. Олар саяхатқа ұшақпен барады.

4. Мен саяхатқа автобуспен барамын.

5. Біз саяхатқа велосипедпен барамыз.

Дұрыс жауаптар

1. Мен саяхатқа автобуспен барамын.

2. Ол саяхатқа мәшинемен барады.

3. Біз саяхатқа пойызбен барамыз.

4. Олар саяхатқа ұшақпен барады.

5. Біз саяхатқа велосипедпен барамыз.

(Ө) Дәптермен жұмыс

Оқулық, алдын ала дайындалған кеспе қағаздар.

Презентациямен жұмыс

Сабақтың соңы(41-45 мин)

«Орфаграфиялық лото» ойыны.

Кері байланыс

Жасыл - толық түсіндім;

Қызыл - түсінбедім;

Сары – сұрақтарым бар.

Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалауоқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздікАКТҚұндылықтар

  • Сөздерді суретпен сәйкестендіру;
  • Сөйлемдердің құрастырып жаза алу;
  • Мәтінді тыңдай отырып, суретті анықтай алу.

Оқушылар бірбірін саусақ пен алақан арқылы бағалайды.

Бас бармақ жоғары қараса - өте жақсы

Бас бармақ төмен қараса - өте жаман

Алақан алға қараса – орташа

Мұғалім:--Керемет жұмыс істедің!,

- Жақсы жұмыс істедіңдер! т.б

  • Дүниетану
  • Сыйластық, құрмет, әдептілік

Бақылау

Сабақтың мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері:

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті кезең:

1:

2:

Осы сабақтан келесі сабақты өткізуге септігін тигізетін сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу