Қазақ тілі және әдебиеті_ 1 сынып_ 5 бөлім _Саяхат_ Саяхатты сипаттау_Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Саяхатты сипаттау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы

на сілтемеу)

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

1.2.5.1* мәтін/иллюстрация бойынша (мұғалім қолдауымен) сұрақтар қоя білу, оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру мұғалім қолдауымен

Сабақ мақсаттары

Саяхат жайлы мәтіндерді оқиды. Мәтін мазмұнын талқылайды, қарапайым сұрақтарды қоя біледі.Сөздер мен сөз тіркестерін жазады.

Бағалау критерилері

 

Мәтіннің мазмұны немесе сурет бойынша сұрақтар құрастыра алады;

мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап бере алады.

 Сөздік қор

Жаяу жүру, жеңіл көлікпен бару, автобуспен бару,жақын, алыс,саяхат,карта,ұшақпен ұшу,пойызбен бару, саяхатшы, саяхат жасау, жол маршруты.

Құндылықтарды

дарыту

 Еңбек және шығармашылық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

5-бөлім оқушылардың алдыңғы тоқсанда алған білімдері мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар әдеби және әдеби емес мәтін үлгілерімен таныс болады және сөздерді оқу үшін әр түрлі стратегиялармен танысады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың көңіл күйлерін сұрау.Ұранды музыкамен қосылып айту.

Сабақты оқимыз, көңілге тоқимыз,

Қазақ тілін үйреніп қазақша сөйлейміз.

Сөздер үйренеміз, мәнін түсінеміз,

Келешекте әлі біз, биікке жетеміз...

/оқушылар хормен әндетіп айтады/

(Ұ) «Сөз маржан» ойыны

-Балалар, қима әріптерді реті бойынша дұрыс қойсақ сабақтың тақырыбын білеміз.

САЯХАТТЫ СИПАТТАУ

(Ұ) Сөздік жұмыс

-Саяхат деген не?

«саяхат» сөзіне дыбыстық талдау жасау

-Саяхат сөзін буынға бөліп айтайық, неше буыннан тұрады?

-3-ші буыны қай дыбыстан басталады?

Х дыбысын хормен және жеке айтқызу

-Х дыбысы қандай дыбыс?

-Қандай сөздер х дыбысынан басталады?

/х дыбысының сөздердегі орнын анықтау, баспа және жазба түрлерін көрсету, Хх әріптерін жазғызу/

Интерактивті тақтада жазылған өлең жолдары.

Қима әріптер

Сабақ ортасы

-Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?

/Оқушылардың жауаптарын тыңдау/

-Балалар, бүгін біз орманға саяхат жасаймыз. Сендер кішкентай саяхатшы боласыңдар.

-Айтыңдаршы, саяхатшы саяхатқа шыққанда не істейді?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

-Балалар, саяхатшының саяхат күнделігі болады.Саяхат кезінде ол бәрін сол күнделікке жазады.Ендеше сендердің дәптерлерің күнделік болсын.Саяхатшының саяхат барысында көптеген сұрақтары болады.Сендер де бүгін сұрақ қойып, көптеген сұрақтарға жауап бересіңдер деп ойлаймын.

(МК) «Шие тергенде» әңгімесі

Оқушыларға әңгімені тыңдату. Тыңдау барысында стопкадрлар жасалынып, оқушылар әңгімедегі іс-әрекетті сипаттайды.

Сергіту сәті:

Тонса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт-сарт-сарт,

Шапалақты соғамыз.

Тонса біздің аяғымыз,

Етік киіп аламыз.

Топ-топ-топ.

Топылдатып билейміз.

Тонса біздің денеміз,

Тонды киіп аламыз.

Зу-зу-зу,

Шанамен зулаймыз

(Т) «Сұрақ қоя білеміз бе?»

Топтарға әңгіменің мазмұнын талқылап, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру тапсырмасы беріледі. /Әр топтың сұрақтары оқылады және басқа топтармен салыстырылады, сұрақтарға жауп беріледі/

(ҚБ) Оқушылардың мәтін бойынша сұрақ қоя білуін және қарапайым жауап бере алуын бағалаймын.

(Ө) Дәптермен жұмыс.

Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме жазу.

Хх әріптері, тақырыптық суреттер.

«Шие тергенде» әңгімесінің аудиожазбасы және суреттері.

Әңгіме кейіпкерлерінің атаулары

Сабақтың соңы

Рефлексия:

  • Бекіту сұрақтары:
  • Саяхатқа қандай заттарды дайындау керек?
  • Орманға саяхат жасауда қандай зат өте қажет?
  • Басқа елге саяхат жасау үшін не маңызды?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беру деңгейін бағалаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті балалар бір –біріне қарапайым сұрақ қойып, жауап бере алады.

Есте сақтауға байланысты тапсырмалар арқылы

Денсаулық сақтау технологиялар

Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу