👈 қаріп өлшемі 👉

қазақ тілі_6-бөлім Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті_Ұлттық ойындар туралы түсінік. Ойын ережесі_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Күні: 21.02.17

Сынып: 1А

Мектеп: НИШ Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Сабитова а.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ұлттық ойындар туралы түсінік. Ойын ережесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату

Сабақ мақсаттары

Ойын ережесін құрамыз. Сөз мағыналарын ажыратуды үйренеміз.

Бағалау критерийлері

Сөздердің лексикалық мағыналарын ажыратады. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді табады. Көп мағыналы сөздердің мағынасын ажыратады.

Тілдік мақсаттар

қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздер

Құндылықтарды дарыту

Достық қарым-қатынас

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе, математика

АКТ қолдану дағдылары

Тақтада сызу, қарау, тыңдау

Бастапқы білім

Ұлттық ойындар тақырыбы бойынша сөздік қор.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

4 мин

5 мин

Таңғы шеңбер

Көлдей шалқып жас өмір,Тасып жатқан шағындаКемерінен шалықтап, Асып шатқан шағындаОйын ойнап, ән салмай Өсер бала болар маКүміс күлкі көрмей олКемеліне толар ма.Айгөлек ау айгөлек,Айдың жүзі дөңгелек,Айдай толған кезімде  3 ретБи билеймін дөңгелеп.

-Өлең не жайында?

Сабақтың мақсаты: Ойын ережесін құрамыз. Сөз мағыналарын ажыратуды үйренеміз.

Интерактивті тақта

Слайд

Сабақ ортасы

6 мин

7 мин

3 минут

1 минут

1 минут

5 минут

  • (ТЖ) «Істеп көрсет» стратегиясы.

Мақсаты: оқығанды түсіну және ойын ережесін іс-жүзінде көрсету.

Нұсқаулық:

- мәтінді оқы және түсін;

- ережені талқыла;

- ортаға шығып көрсет;

1) Күш сынаспақ

 Бұл ойын үстел үстінде екі баланың білек сынасуымен  орындалады.2 бала шынтақтарын үстелге тіреп, қол айқастырады.Кім білекті үстелге жықса,  сол бала жеңіске жетеді.

Тауық күрес.

 Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топтан бір ойыншы кезекпен шығып отырады. Екі бала жалғыз аяғымен ақсаңдай  жүріп, иықтарын қағып күреседі. Қайсысы сүрініп жығылса,сол ұтылады.

Арқан тарту.

 Бұл ойын екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа  бөлінген балалар тартысады.

Арқанды тартып алған топ жеңеді.

Соқыр теке.

Балалар дөңгелене тұрады.Бір баланың көзін байлайды.

Балалар:

Бота,бұзау,қозы,лақ

Қайда кеткен құлыншақ

Соқыртеке бақ-бақ

Мені ізден тап-тап

Деп тақпақтайды.

Соқыртеке балаларды ұстап алуы керек .Соқыртеке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыртеке» рөлін атқарады. Ойын осылай жалғаса береді.

Тасымақ.

Бұл ойында 2 жерге ыдасқа су құйып қояды. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Суды қарсы жақта тұрған бос кесеге ойыншылар қасықтап тасиды. Суды төкпей-шашпай, тез тасуы керек. Суы көп жиналған және бірінші болған топ жеңіске жетеді.

(ҚБ) Әр топ ойынды кезекпен көрсетеді. Шапалақ соғу арқылы бағаланады.

(Ө) Бүгінгі ойын атауларын дәптерге жазу.

Тапсырмалар

1.Берілген сөздерге қарсы мәндес сөздерді тауып жаз: тез-..., жеңілу-..., бос-....

2. Мыны сөздерге мәндес сөздерді тауып жаз: шапшаң, төгу, көп.

Үлестірмелі қағазға жазу.

Слайд

Сабақтың соңы

5 минут

(ҚБ)

Қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздер

Рефлексия

Мақсатқа қайта оралу.

-Кім бүгінгі ойындардың шартын түсінсе, сұрақ құрастырса және сұрақтарға жауап бере алса, екі қолын да көтереді

- Жартылай білсе, қолдырын беліне қояды

- Түсінбесе, қолын жай қояды.

Ән «Айгөлек» әні

«Айгөлек» аудиожазбасы

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

өздері сұрақ құрастыра алады, жауап бере алады

Топсеруен кезінде техника қауіпсіздігін сақтау

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы