👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ тілі мен әдебиет_1 сынып_ 1 бөлім Өзім туралы_ Уу дыбысы мен әрпі _ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 А бөлім Өзім туралы.

Өз уйімді сипаттаймын. «Уу» дыбысы мен әрпі.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: НЗМ ФМБ Талдықорған қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шарипова А.А

Сынып: 1А

Қатысқандар:21

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Өз уйімді сипаттаймын. «Уу» дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу

Сабақ мақсаттары

1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту Берілген тапсырманы өз беттерімен орындай алады.

Бағалау критерийлері

  • Өз үйін сипаттай алады
  • «Уу» дыбысын біледі .

 Сөздік қор

Пәнге тән лексика мен терминология:

Көңілсіз, көңілді, қуанышты. Мен мектепке келдім. Мен өте қуаныштымын.

 Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады. Оқушыларды бір- біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы

Әркімнің өз үйінің адам үшін маңыздылығына тоқталу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе ,дүниетану сабақтарымен байланыс орнайды.

ИКТ

Сергіту сәті , презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Әріптерді жазу. Сөз құрау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақ ортасы

30 минут

Ертеңгілік шеңбері

Ең бірінші балалар мен мұғалім бір – бірімен амандасады.

(ҚБ)Тағы қандай сәлемдесу түрлерін білеміз?

- Қайырлы таң! Қайырлы күн! Қайырлы түн!

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.)

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

Балалардың көңіл – күйін сұрау.

Көңілсіз, көңілді, қуанышты.

(Т) А, Н, П, Т, Ғ дыбыстарынан басталатын сөздер айту.

Оқушылар:

*сөз ішінен қажетті әріпті табады;(Дауысты дыбыс әріптерін тауып , қоршау)

Ата, апта ,тана,парта,таға т.б

*сөзді қатыстырып сөйлем құрайды.

Оқушыларға сөз, сөйлем, мәтін түрлерін ажыратқызу.

1-тапсырма. Жұмбақтарды мұқият тыңдаңыз.

-Айдалада ақ отау ,аузы мұрны жоқ отау.(жұмыртқа)

- Бір ұяда жүз бөлме . (омарта)

*Жұмбақтың ішінде қандай сөздер?

Түсіндіріңіз. Ұя,бөлме ,отау, баспана ,үй , мекен деген сөздер нені білдіреді?

Осы сөздетді қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.

Сөйлемдерді сызбамен белгілеу.

.

2-тапсырма. Диалогті мұқият тыңдаңыз.

Жұпта орындаңыз. Тыңдалған диалогке сүйене отырып, өз үйіңізді сипаттаңыз анықтаңыз:

-Сен қайда тұрасың?

-Сенің үйің қандай?(өз үйлерін сипаттайды)

Ламинатталған қағазға өз үйлерінің суретін салу, сипаттау.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Қарлығаш болып ұшамыз

Лақ болып қашамыз

Аю болып қорбаңдап

Орнымызды табамыз

Өлең құрау.

«Менің үйім»

(Ұ) Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.

(Ж,Қ) Оқушылар жұптасып, өзара сұрақ қояды, оларға жауап береді.

-Балалар отау деген баспана түрі ,сөз аяғында қандай дыбыс естіліп тұр?

-Дұрыс, «Уу» дыбысы ол сиқырлы .

-Қане, қандай ерекшелігі бар екенін білейік.

Мысал келтірейік: Уық, уақыт, тау,су.

Буынға бөлгізіп «Уу»дыбысының бірде дауысты ,бірде дауыссыз екенін айту

Жазба жұмысы (слайд арқылы «Уу» дыбысымен таныстыру , жазбаша түрін қөрсету)

Ауада жазу ,дәптерге жазғызу.

Әріптік диктант

Аа, Нн, Пп, Тт,Уу

Буын диктанты

Ана, апа, ата, ат, нан, ауа, ау, ту.

Ламинаттал ған парақтар, маркерлер;

Жіп, кір қысқыштар,

Сабақтың соңы

5 минут

(ҚБ)

Рефлексия.

-Бүгінгі сабақ кімге қиын болды?

-Кім түсінбеді?

-Кімде сұрақ бар?

-Кім бәрін түсінді, алға қарай жылжып басқа білім алуға дайын?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға «ойлан тапсырмасы ұсынылады

Қабілетті оқушыларға 1санына байланысты сурет салуды тапсырамын.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Топтық жұмыс барысында бақылау, берілген сұрақтарға жауап беру, есептеулерде ауызша,смайликтер, жұлдызшалар арқылы бағалаймын.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз

Дүниетану пәнімен байланысты презентацияда берілген тапсырмалармен байланыстырдым. Оқушыларды достыққа,бірлікке тәрбиелеуді топен, жұппен жұмыс барысында қарастырдым


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022
» Мектепте оқушы зорланды: мектеп директоры мен мұғалімдері соттала ма? 18.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы