Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 2 сабақ.
Сұрақ:
Шығармадағы будан аралар арқылы автор қандай ойды жеткізгісі келген?
«Еркін микрафон»
1-топ. Неге біз осы... жанымызда жанып тұрған отты не су құйып өшіреміз, не болмаса май құйып лаулата өртеп жібереміз. Неге біз осы бұл дүниенің барлық мүлкін арғы дүниеге арқалап кетердей, мұрнымыздан қан аққанша дүние-боқ жиямыз, а? Айтыңдаршы, ағайын, салт басым, сабау қамшымнан басқа түгім жоқ менің сендерден қай жерім кем? Кімнің тұнығын шайқаппын, кімдердің ырысын ішіп тауысыппын. Соншалықты неге жек көресіңдер. Мен — талантпын. Менің білетінімнің, тәңірім-ау, бес процентін игерсеңдер, әлдеқашан данышпан болып әлемнің билігін қолдарыңа алмайсыңдар ма?
ТАҒАН
2-топ
Сені аттың артына мінгестіре алмаймын. Жол ұзақ, тау биік, жас мал еңгезердей екі жігітті көтере алмай қызыл май болып, өкпесі күйіп кетеді. Біздер қайбір қаңбақтай жеңіл едік. Екеуіміз де бұрынғы палуанбыз. Қазақша күрестен...— деп мысқылдады.
ЕРІК
Кейіпкер сөзі арқылы тобыңызды табыңыз!
3-топ.
Оған кім кінәлы? Осы маған тағылған кінәнің барлығын өзіңе қайырсам қайтесің... Осы менен күткен мінез-құлықты, қылықты өзіңнен іздеп, көксемейді деп ойлайсың ба? — Соңғы кезде сенің де бір нәрсеге басың қатып, сенделіп жүргеніңді сезбейді дейсің бе? Менің сұлулығымды сусындап тауысқандай, тіпті бұл өмірде бар-жоғыммен де санаспай сансырайсың, өз-өзіңнен сандалып шаршайсың, өз-өзіңнен өзегің жанып өкпелейсің. Неге? Өтірік сөйлесек те, өтірік өмір сүруге болмайды ғой... АЙНА
4-топ.
Мен Еріктің әкесі Қандауырға тұрмысқа шыққан жылы, жарықтық атамыз, атын атау әдепсіз болар, қайын атамды айтамын,— деп пысықтай түсіндірді,— Меккеден оралып, қажы атанып қайтқан. Үркердей үш келінін бірдей, оның ішінде мен де бар, мұсылманша оқытып, хат танытты. Мен сол күннен бастап бес уақ намаз оқып, шариғаттың шәлісін жамылдым. Оны өзің де білесің, Айнажан, екі аяқтан айрылғанша, ораза-намазды қаза қылғаным жоқ. Қайын атамыздың ісләм діні жайында, пайғамбарлар мен сақабалар туралы әңгімесі бізді ешқашан жалықтырмайтын және біз күмән-күдіксіз сенетінбіз. Алғашында мен қазақ тілін жарытып білмейтінмін, мұқым ауыл балалары шүлдірлегенімді қызық көріп, сөйлете беруге әуес еді... Иә, ол да бір дәурен, қимас шақ еді-ау. НҮРКЕ
Кейіпкер сөзі арқылы тобыңызды табыңыз!
5-топ . Менің сенен басқа ешкімім жоқ. Қазақтың «көзімді ашып көргенім, аузымды ашып сүйгенім» дейтіні осы шығар. Екі көзім төрт болып бір жыл бойы күтемін. Тәңірім-ау, неге ғана екі-үш рет келмейді екенсің жылына... Бекзат
6-топ. Ұлымның аты — Қозы, қызымның есімі — Баян, ырымдап әдейі қойдым,— деді әңгімеге ықылас білдіріп. — Егер тегін қуаласаң, бірі — батыстан, бірі — шығыстан. Әдейі Қазақстанның екі қиыр шетіндегі балалар үйінен алып келдім. Қандары араласып, балталаса бөлінбейтін ұжымды ел болсын дегенім... Шал
Кейіпкер сөзі арқылы тобыңызды табыңыз!
Сабақ мазмұнына болжам жасаңыз
Проблеманы айқындау кезеңі:
Шығармада қандай ұлттық құндылықтар көрініс тапқан?
Шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік контексте алатыг орны қандай?
Проблеманы зерттеу және шешу кезеңі:
«Кубизм» әдісі
Тапсырма
1-топ Байланыстыр. Автор сынға алған заман адамының құндылыққа қайшы мінез –құлықтарын анықтап, Шыңғыс Айтматовтың «Борандыбекет» романындағы құндылыққа кереғар ұғымдармен байланыстыр. Ойларыңызды «Ментальді карта» түрінде ұсыныңыздар.
2-топ
Салыстыр. Екі түрлі салыстырмалы талдау жүргізіңіздер. 1) Нүрке кемпірдің бойындағы қазақ халқына тән ұлттық құндылықтар мен табиғи болмысының арасындағы қайшылықтарды салыстырыңыздар. 2) Нүрке кемпірдің бойындағы қайшылықты Габриэль Гарсия Маркестың «Жүз жылдық жалғыздық» романындағы Урсула бейнесімен салыстырыңыздар. «Венн диграммасы» түрінде ұсыныңыз.
3-топ Зертте. Еріктің бейнесі арқылы ұлттық құндылыққа қайшы келетін кереғар ұғымдарды зерттеп, идеясын анықтаңыздар. Шығарма идеясының ұлттық мүддені қорғауда алатын орнына баға беріңіздер, ойларыңызды «Ментальді карта» түрінде ұсыныңыздар.
4-топ Қолдан. Тағанның бейнесі арқылы ұлттық құндылықты дәріптейтін және оған қайшы келетін кереғар көріністерді негізге ала отырып, «НЕГЕ БІЗ ОСЫ!» деп басталатын монолог жазыңыз. Топтағы әр оқушы жазған монологтарын жинақтап, ұлттық құндылықтар мәселелісн көтерген ортақ газет шығарып, ұсыныңыздар.
5-топ
Дәлелде. Үзіндідегі берілген ұғымдарды ұлт тағдыры мен ұлттық құндылықтардың сынға түсуі мәселесімен байланыстыра отырып, мәтіннен нақты мысалдар келтіріп, талдайтын «Ұлт тағдыры сынға түскенде...» деген тақырыпта әлем халықтарының тәжірибесіне сілтеме жасай отырып, ток-шоу ұйымдастырыңыздар. Топтағы оқушылармен бірге сынып оқушыларын талқылауға шақыратындай кең ауқымды болуын ескеріңіздер.
6-топ
Талда.
Берілген үзіндіні негізге ала отырып, автор сипаттаған келеңсіздіктерді отарлау кезіндегі тарихи оқиғалармен байланыстырып, талдау жасап, себеп-салдарын сипаттайтын «Тарих беттерінен» деген зерттеу жұмысының нәтижесі түрінде 5 слайдтан тұратын таныстырылым әзірлеңіздер.
Дескриптор:
ұлттық құндылық қатысты ұғымдарды тауып, идеялық мазмұнын ашудағы орнына баға береді;
әлем әдебиетімен, әлемдік контекспен байланыстырып, талдайды;
автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстыра бағалайды;
ойын ұсынылған жоба түрінде жеткізеді.
Кері байланыс
Оқу мақсатын меңгере алдық па? Қандай қиындық туындады?
Тапсырмаларды орындауда қандай қиындық болды?
Тапсырманы толық орындай алдыңыздар ма?
Рефлексия
«3-2-1» әдісі
Сабақта сен үшін маңызды 3 аспекті
Қиындық туғызған 2 жағдай
Сезіміңді білдіретін 1 сөз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру