Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 3 сабақ.


Суреттен не көріп тұрсыздар?

Суреттегі кейіпкерлер бейнесі шығарманың қай сәттерін еске түсіреді?

Сабақ мазмұнына болжам жасаңыз

Сұрақ:

«Атау кере» шығармасы проза жанрының қай түріне жатады? Роман ба, повесть пе?

«Шығарманы жанрлық ерекшелігіне қарай роман деп атауға бола ма? Романға қандай талаптар қойылады

Роман туралы түсінік

Роман (ХІ — ХІІ ғасырларда роман тілдерінде жазылған әр түрлі шығармалар) — күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр. Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады. Романда лирика мен драма жанрларының сипаттары да кірігіп отырады, әңгіме мен повеске қарағанда онда түрлі оқиғалар жүйесі, сюжеттік желі, қаһармандар қатары кеңірек қамтылады. Роман адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы дәуір мен қоғамды, салт пен сананы бейнелейді.

1-тапсырма 8 минут

Оқушылар қойылымды көре отырып, сюжеттік құрылымда және жазушының идеясын жеткізуде алатын орнына баға беріп сөйлеуі керек.

https://www.youtube.com/watch?v=5KuJtMtzN_0

«Атау-кере» драмасы. І бөлім /Оралхан Бөкей/

Сұрақ:

Спектакльден көрген үзінділер шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымындағы оқиғаның өрбуіне қалай әсер етеді

Спектакльден үзінді көрсетіледі.

3 минуттан 5 минутқа дейін;

9.34-тен 11.30 көрсетіледі.

37.00-ден 39.00-ге дейін көрсетіледі.

2-тапсырма 15 минут

Романнан үзінді түсініп оқыңыздар.

Берілген үзіндідегі кейіпкерлердің басынан өткен оқиғаларды талдап, сезімін талдап, автор көтерген мәселені жұпта талқылап, үзіндінің сюжеттік-композициялық құрылымында алатын орнын анықтаңыздар (Сюжеттің басталуы, байланысы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) және дәлелдеңіздер.

Ойларыңызды «Логикалық мағына моделін» пайдалана отырып жеткізіңіздер.

Автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстырып, пікір білдіреді.

 

Дескриптор:

үзіндіні түсініп оқиды;

берілген үзіндідегі кейіпкерлердің басынан өткен оқиғаларды және кейіпкердің ой- сезімін талдап көрсетеді;

автор көтерген мәселені талқылап, үзіндінің сюжеттік-композициялық құрылымында алатын орнын анықтайды және дәлелдейді.

Ойларын «Логикалық мағына моделін» пайдалана отырып жеткізеді.

Автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстыра бағалайды.

Оқылым тапсырмасы. Мәтінді оқып, «Логикалық мағына моделін» құрастырыңыз. Жұбыңызға ЛММ бойынша ретімен мәтінді жүйелі түсіндіріңіз.

Дескриптор:

- ортадағы шеңберге мәтіндегі негізгі тақырыпты анықтап, жазады;

-мәтін мазмұнындағы ақпараттарды тақырыпшаларға бөледі;

-тақырыпшаларды байланысу ретімен әр координатаға жазады;

-координаталарға қатысты ақпараттарды сөз тіркесі, күрделі сөз тіркестерімен координата бойына орналастырады;

-координаталардың ретін сақтай отырып, ақпарат береді.

3-тапсырма 3 мин. Топта талқылау.

Романның сюжеттік құрылымын анықтап, кестені толтырыңыз.

Кері байланыс

Тапсырмаларды орындауда қандай қиындық болды?

Тапсырманы толық орындай алдыңыздар ма?

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы

Ақ қалпақ- сабақ бойы біз................... тапсырмалар орындадық.

Жасыл қалпақ- сабақта алған ақпараттарды............ қолданамыз.

Қара қалпақ - сабақта бізге ...... қиын болды, себебі .......

Сары қалпақ- сабақта.................. дағдыларымызды дамыттық.

Қызыл қалпақ- сабақта бізге .............. тапсырма ұнады, себебі........

РЕФЛЕКСИЯ



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу