М.Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі ___________________________________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Әдебиеттегі сын-сарын

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

М.Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Анализ/интерпретация

11.2.1.1. Әдеби шығарманың композициясын, жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау

 Сабақ мақсаттары

Әдеби шығарманың композициялық ерекшелігін талдап, жанрлық ерекшеліктерін талқылау, автордың шығармашылық тәсілдемесіне баға беру

Бағалау критерийлері

  • Әдеби шығарманың композициялық құрылымын анықтайды;
  • Шығарманың жанрлық ерекшелігін талдайды;
  • Шығарманы уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдап, баға береді.

 Тілдік мақсаттар

Рух, айбар, елбасы, тарихи тұлға, ақорда т.б.

 Құндылықтарды дарыту

 

- Қазақстандық патриотизм және әлемдік азаматтық;

- жаңашылдық;

- ғылыми ілгерілеушілікке қызығу;

- ұлттық рухани жаңғыру

 Пәнаралық байланыстар

Тарих, география, қоғамтану

 АКТ қолдану дағдылары

Аудио, видео құрылғылар

Бастапқы білім

11-сыныпта өтілген материалдар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Қызығушылықты ояту/

Суреттер арқылы тақырыпты болжату

ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Слайд 1

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

20 минут

5 минут

1-тапсырма. С

Композициялық картаны толтыр

Поэманың бөлімдері

Композициялық құрылым

Осы бөлімнің поэмадағы маңызы қандай?

(өз ойың)

Экспозиция

Даму

Шиеленіс

Шарықтау шегі

Шешімі

Оқушыға нұсқаулық:

  • Поэманың құрылымдық бөліктерін кестеге орналастыр,
  • Маңызын анықта,
  • Поэманы композициялық бөліктерге бөлуде кездескен қиындықтарды ата,
  • Мұғаліммен, сыныппен талқылау, себебін түсіндір.

Дескрипторлар:

  • Поэманы құрылымдық кезеңдерге бөледі;
  • Шығарма композициясындағы бөлімдердің орнын, маңызын талдайды.

Өзін-өзі бағалау «3Қ» әдісі арқылы жүзеге асады.

Қиын. Қызық. Қажет.

Автормен бетпе-бет

Автордың .baq.kz сайтында жарық көрген сұқбатын оқушылар назарына ұсыну.

Соңғы уақыттары әдебиет саласында жазылған сүбелі еңбектердің бірі - Маралтай Райымбекұлының «Көшбасшы» поэмасы. Біз автордан туындының жазылу тарихы мен көтерген жүгі, арқалаған аманаты туралы айтып беруді өтінген едік. Бұл шығарма кенеттен дүниеге келген жоқ. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағалы бері қаншама асуларды бағындырды. Ешнәрсе өзінен-өзі бола салмайды. Оның ар жағында елдің моншақтап төгілген тері, ердің өлшеусіз жан алысып, жан беріскен ұйқысыз түндері жатыр. Біз тәуелсіздігімізді алғанымызбенен әлі қылыштың жүзінде ғұмыр кешіп келеміз. Сәл абайсыз адымымыз бізді кез келген сәтте майып қылуы мүмкін. Осындай жағдайда жүріп, Елбасы қаншама ауқымды тірліктер атқарды. Жиырма жыл бұрын қандай едік, бүгін қандаймыз! Бәрін ой елегінен өткізген жөн. Елбасының ел мүддесі үшін атқара алмай жатқан ісі болса оған ел болып, жұрт болып қолдау білдіруге, ал ел мәртебесіне жұмсаған қажыр-қайраты мен ғаламат табыстары үшін ол кісіні ардақтауға тиістіміз. Бұл берісі адамдық, әрісі елдігімізге сын. Осынау жиырма жылда атқарылған адам сенбес ғажайыптарды санамалап айтпай-ақ қояйын. Оны елдің бәрі көріп отыр. Сол сияқты, осыншама қыруар еңбекті неге насихаттамасқа?! Неге Елбасы өзі бас болып атқарысқан ел жетістігін жыр жолдарымен түйіндемеске?! Елбасымен болған бір басқосуда ол кісі: «Еңбегінің бағаланғанын кім жек көреді, мен де өздерің сияқты адаммын» дегені бар. Шығарма бес күнде жазылып бітті. Негізі, бұл - хроникалық дастан деуге келетін поэма. Шартты түрде Елбасыға байланысты 20 тақырыпты таңдап алып, осы бағытта қазақ елі жеткен биіктерді тілге тиек еттім.

Мұғалімнің түсініктемесі

Маралтай Райымбекұлының «Көшбасшы» поэмасы 20 біріне-бірі қатысссыз бөлімдерден құралғандай көрінетін, сонысымен композициялық құрылымы ерекше шығарма. Әрбір бөлім Елбасының даналық ой түюін эпиграф ретінде алып, сол ойды дамытуы сияқты тәсілдемемен жалғасады. Жанрлық ерекшелігі де тәуелсіз жазылған 20 бөлімде. Бірақ бірін-бірі уақыт пен кеңістік шеңберінде толықтыратын поэма бүтін дүние болып шығу үшін осы 20 бөлімнің әрқайсысы үлкен маңызға ие. Автордың шеберлігі сол – елбасы сөздерінен ой түйіп барып, тәуелсіздік алған жылдардағы еліміздің тарихи шежіресің көркем шежіреге айналдырып, оқырманның көз алдына елестетеді.

2-тапсырма. Ж

Келешек Қазақстанның тарихи келбетін елестете отырып, «Орта Азия барысы – қуатты Қазақстан» тақырыбында 220-250 сөз көлемінде сипаттау мәтінін жаз.

Дескрипторлар:

  • Уақыт пен кеңістікте болашақты болжайды;
  • Көркемдік тіл оралымдарын қисынды қолданады;
  • Өзіндік шығармашылық тәсілдемені ұстанады;
  • Сауаттылығы жоғары деңгейде.

Кері байланыс

Мұғалімнің бағалауы

Үздік ой шебері - креативті ойы үшін;

Көркем тіл иесі- мақал-мәтел, экспрессивті-эмоционалды сөздерді қолдана алғаны үшін;

Ерекше көзқарас иесі - сыни көзқарастағы ойы үшін;

Сөз майталманы – көтерілген тақырыпты аша алғаны үшін;

Әуезді сөз шебері - сөйлеу әдебін сақтағаны үшін.

Слайд 2

Слайд 3

Слайд 4

http://old.baq.kz/kk/news/oner/maraltai-raiimbekuli-koshbasshi-poemasi-dauir-shindigi-7452

Слайд 5

Слайд 6

Слайд 7

Сабақтың соңы

1 минут

Рефлексия Мендік пікір

  • Маған ерекше ұнағаны...
  • Мені ойландырғаны...
  • Мені қуантқаны....

Слайд 8

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу