М.Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі ___________________________________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Әдебиеттегі сын-сарын

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

М.Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Анализ/интерпретация

11.2.1.1. Әдеби шығарманың композициясын, жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау

 Сабақ мақсаттары

Әдеби шығарманың композициялық ерекшелігін анықтап, жанрлық ерекшеліктерін уақыт пен кеңістік тоғысында талдау

Бағалау критерийлері

  • Әдеби шығарманың композициялық құрылымын анықтайды;
  • Шығарманың жанрлық ерекшелігін талдайды;
  • Шығарманы уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдап, баға береді.

 Тілдік мақсаттар

Рух, елбасы, тарихи тұлға т.б.

 Құндылықтарды дарыту

 

- Қазақстандық патриотизм және әлемдік азаматтық;

- жаңашылдық;

- ғылыми ілгерілеушілікке қызығу;

- ұлттық рухани жаңғыру

 Пәнаралық байланыстар

Тарих, география, қоғамтану

 АКТ қолдану дағдылары

Аудио, видео құрылғылар

Бастапқы білім

11-сыныпта өтілген материалдар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Қызығушылықты ояту/Тақырыпты болжату

«Бұл қандай шығарма ойыны

Ақорда, Астана. Көк байрақ. Әнұран. Елтаңба. Тұлға. Рух. Көшбасшы. сөздері туралы ойланыңыздар. Осы сөздермен қандай тақырыптағы шығарма құрай алар едіңіздер? Осы заттармен байланысты өлеңдегі оқиғаны елестете отырып, бірнеше минут ойланыңыздар.

Өз оқиғасымен кім бөліседі?

Осы мәліметтер арқылы оқушылар тақырыпты болжайды, керек мәліметті түртіп алады.

ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Слайд 1

Слайд 2

Сабақтың ортасы

7 минут

5 минут

20 минут

5 минут

1-тапсырма. ТЖ

«Мағынаны тану» кестесі арқылы оқушыларды топтарға бөліп, поэманың «Рух», «Тұлға», «Ақорда», «Астана», «Көк байрақ» бөлімдері талдауға беріледі.

Жұмыс қадамдары:

  • Өз тобыңа берілген поэма бөлімін оқып шық,
  • Берілген кесте бойынша өлеңді талда,
  • Өз тобыңа бөлінген поэма бөлігінің шығарма композициясындағы орны қандай екенін талқылау арқылы анықта.

Дескрипторлар:

  • Сызба үлгісінде өлеңді талдайды;
  • Шығарма композициясындағы бөлімдердің орнын, маңызын талдайды.

Өзара бағалау Блоб ағашы әдіс арқылы жүзеге асады.

Зерттеу сұрақтары С

- «Көшбасшы» поэмасы қай уақыт аралығындағы оқиғаны қамтиды?

- Поэманың композициялық ерекшелігі неде?

- Автордың бүгінгі Қазақстан бейнесін жасаудағы мақсаты поэмадан қалай көрініс тапқан?

Теориялық түсінік

Уақыт пен кеңістік ұғымы әдебиет пен өнерге қатысты үш салаға бөлініп қарастырылады: 1.Реалды (физикалық) уақыт пен кеңістік; 2.Концептуалдық уақыт пен кеңістік; 3.Перцептуалдық уақыт пен кеңістік.

 Реалды уақыт пен кеңістік бізден тыс объективті түрде болып жатқан құбылыстарда, олардың алмасу, орын ауыстыру өзгешеліктеріне қатысты. Адамзаттың ұғымында олар туралы түсініктің болуы да, болмауы да мүмкін. Концептуалдық уақыт пен кеңістік – табиғат, аспан денелері, қоршаған орта туралы біздің заманымызда жинақталған ұғымдар. Бұл іс жүзінде реалды уақыт пен кеңістіктің санамыздағы үлгісі болып табылады. Бұған әр халықтың өзінше қолданатын ай, күн, календарлары, мүшел, жыл санау, жыл қайыру ерекшеліктерін жатқызуға болады. Перцептуалдық уақыт пен кеңістік ұғымы адамдардың сезім-түйсіктерінің, психологиялық суреттерінің өзгеріп отыруымен төркіндес. Мәселен, көркем шығарманың өз ішінде ғана жүріп отыратын уақыт пен кеңістікке қатысты адамдардың көңіл-күйінің өзгеріп отыруы осының айғағы. Уақыт пен кеңістіктің біздің санамызда бейнеленген қандай үлгісі болса да, олардың өзгешеліктері, өлшем-пішіндері реалды уақыт пен кеңістікке қарап анықталады, барлығы да содан туындайды. Уақыт пен кеңістік жазушының дүниетанымын, дүниені қабылдауын, жазушы стилін қалыптастыруда үлкен роль атқарады, сол арқылы әлемнің жеке-авторлық суретін құру ерекшелігін, көркем шығарманың ішкі заңдылықтарын айқындайды,  шығарманың  композициялық тірегі болып, көркем образдардың ашылуының ішкі ұйымдастырушысы болады. Уақыт пен кеңістікті зерттеу көркем шығарманың тініне бойлап, оның құрылу спецификасын, жазушының дүние туралы концепциясын  айқындауға мүмкіндік береді. Жазушы өз шығармасында оқиға өтетін белгілі бір кеңістікті жасайды. Ол кеңістіктің ауқымы кеңейіп, оқиғадан да тыс көп дүниелерді қамтуы мүмкін.

2-тапсырма. Ж

«Көшбасшы» поэмасы – Тәуелсіз Қазақстанның көркем шежіресі» тақырыбында 180-200 сөзден тұратын әдеби эссе жаз.

Дескрипторлар:

  • Поэманың жанрлық, композициялық ерекшелігін талдап жазады;
  • Поэманың тіл көркемдігіне баға береді;
  • Поэмадағы елбасы бейнесінің танылу ерекшелігін талдайды
  • Сауаттылығы жоғары деңгейде.

Автор орындығында оқушылар жазғандарын оқиды, бір-біріне баға береді.

Мұғалімнің бағалауы

Кері байланыс

«Зерде»

БІЛІМ – тақырып бойынша алған ақпаратым;

ЭМОЦИЯ – сабақтағы көңіл-күйім;

БАҒА – жетістігіме беретін бағам;

СЫН – өз бойымда нені дамытуым керек?

ИДЕЯ – маған келген жаңа ой.

Слайд 3

Слайд 4

Слайд 5

http://www.rusnauka.com/35_FPN_2014/Philologia/1_179828.doc.htm

Слайд 6

Сабақтың соңы

1 минут

Үйге тапсырма: Поэма мәтінімен толық танысу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу