М. Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11 қазақ әдебиеті

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

М. Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.4.1 көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу

 Сабақ мақсаттары

Поэма бөлімімен танысып, тақырыбы мен идеясын анықтау; шығармадыағы көтерілген мәселеге қатысты кративті ой қосып, өлең шумақтарын жазу.

 Бағалау критерийлері

Шығармада көтерілген мәселеге қатысты креативті ой қосып, өлең шумақтарын жаза алады.

 Құндылықтарды дарыту

Азаматтық, адамгершілік, патриоттық тәрбие беру;

өмір бойы білім алуға дайындау.

 Пәнаралық байланыстар

Тарих пәні

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Бастапқы білім

4-сабақ

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушыларды түгендеу;

Сабақ мақсаты, бағалау критериймен таныстыру;

Назарларын сабаққа аудару;

Сабақтың ортасы

10 минут

5 минут

15 минут

С. Мәтіналды тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Шығарманың құндылығы неде?

2. Шығармадағы ең маңызды үш фактіні атаңыз. Неліктен? Түсіндіріңіз.3. Қай факті маңызды емес. Жауабыңызды түсіндіріңіз

С. Мәтін кезіндегі тапсырма. Поэма бөлімі бойынша тақырыбы мен идеясын анықтаңыз.

ЕЛТАҢБА

Елордам қазағымның төрі емес пе,Әлемнің бар елімен тең емес пе!Өзгеге өзімізді танытатын,Елтаңба Елбасының мөрі емес пе!Қазақтың бүгінгі мен бұрынғысын,Тарихын терең танып ұғу үшін.Қарасаң Елтаңбама көз тояды,Көргендей шын өнердің туындысын.Әріден сыр тартады қоюланған,Қос жерден қошқармүйіз оюланған.Тылсым бір әлемге бой ұрасың,Шыға алмай шежіреден ойыңды алған.Шаңырақ ортада тұр тірегімдей,Өлмейтін рухымның реңіндей.Барлық ұлт тату-тәтті болса деген,Мейірімді Елбасының жүрегіндей.Көркейіп көгерсін деп құрақтарым,Әуеге қанат жайған пырақтарым.Қорғап тұр мүйізімен көкті тіреп,Келешек ұрпағымның мұраттарын.Ой-арман үйлесіммен өрнек өріп,Байланған о, осынау Жерге берік.Тәуелсіз егемен ел – Елтаңбамда,Барады көкті кезіп дөңгеленіп.Басса да бар ғаламды қара тұман,Қозғалмас мынау жұлдыз дара тұрған.Сияқты Нұрағамның ұстанымы,Сөйлейтін маңдайға алып Ар атынан.Ол жұлдыз – Темірқазық маңдайдағы,Жұлдызға талай қазақ самғайды әлі.Елтаңбам өзгермейді ел аманда,Сөзім де өзгермейді таңдайдағы.Көк аспан тұрсын солай зеңгірленіп,Дәуірлеп ел түрленіп, жер гүлденіп.Алдымен Елтаңбама тәу еткейсің,Ынтықсаң біздің елді көргің келіп.Шаңырақ ортада тұр тірегімдей,Өлмейтін рухымның реңіндей.Барлық ұлт тату-тәтті болса деген,Мейірімді Елбасының жүрегіндей.

Ж. Мәтіннен кейінгі тапсырма. Шығармада көтерілген мәселеге креативті ой қосып, ұйқасын сақтай отырып, 2 шумақ өлең жазыңыз.

Саралау қағидасы: креативтілік

Мұғалімнің кері байланысы жүзеге асады.

Дескрипторлар:

Сұрақтарға жауап береді;

Тақырыбы мен идеясын анықтайды;

Ұйқасын келтіріп, өлең шумақтарын жазады.

https://abai.kz/post/5607

Сабақтың соңы

5 минут

Қиын болды...

Қызықты болды...

Ұсыныс...

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу