М.Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі ___________________________________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Әдебиеттегі сын-сарын

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

М.Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Анализ/интерпретация

11.2.5.1. Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби бағыт, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау

 Сабақ мақсаттары

Қазақ әдебиеті және әлем әдебиетіндегі ортақ әдеби бағытты айқындау, шығармадағы адамзаттық, ұлттық құндылықтардың көрінісін талдау

Бағалау критерийлері

  • Әдеби ағым, ортақ бағыттарды анықтайды;
  • Шығармадағы адами, ұлттық құндылықтарды талдайды.

 Тілдік мақсаттар

Әдеби ағым, әдеби бағыт, шығармашылық тәсілдеме, құндылықтар спектрі т.б.

 Құндылықтарды дарыту

 

- Қазақстандық патриотизм және әлемдік азаматтық;

- жаңашылдық;

- ғылыми ілгерілеушілікке қызығу;

- ұлттық рухани жаңғыру

 Пәнаралық байланыстар

Тарих, әдебиеттану

 АКТ қолдану дағдылары

Аудио, видео құрылғылар

Бастапқы білім

11-сыныпта өтілген материалдар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

«Шын/жалған» ойыны

Бұл шығармада бір ғана кейіпкер бар (жалған)

Шығарма 20 бөлімнен тұрады (шын)

Шығарма оқиғалары ХХ ғасырда болған оқиғалар (шын/жалған)

Автор поэманы тапсырыс арқылы жазған (жалған)

Поэма авторы Жамбыл өңірінде дүниеге келген (шын)

Әрбір бөлім бір-бір атауды иеленген (шын)

Поэма 2011 жылы жарық көрген (шын)

Поэма мадақтама өлең болып жазылған. (жалған)

ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Слайд 1

Слайд 2

Сабақтың ортасы

3 минут

7 минут

2 минут

15 минут

7 минут

2 минут

Теориялық түсініктемені талдау

Әдеби бағыт және ағым –көптеген жазушылардың, топтар мен мектептердің шығармашылығына тән рухани және эстетикалық ұстанымдардың өзара сәйкестігіне негізделген бағдарламалық, шығармашылық мақсаттардың, тақырыптардың, жанрлар мен стильдердің жиынтығы. Әдебиеттануда көркемдік әдіс ұғымымен ұқсас бағыт, ағым, стиль, әдеби мектеп, әдеби топ деген түсініктер бар. Бұлардың барлығы да түптеп келгенде бірнеше суреткер шығармашылығына тән ортақ сипат белгілерден туындайды. Ал ортақ белгілер дегенде, жазушының әлеуметтік, идеялық, позициялық, тұрғыдағы ұқсастығы. Жалпы алғанда стиль – бір жазушыға тән творчестволық ерекшелік болса, ағым, бағыт – бірнеше жазушыға тән творчестволық бірлік. Әрбір әдеби ағымды әр қоғамдағы жағыдай туғызады сонымен қатар әдеби ағым - әр дәуірдегі идеологиялық күрестің әдебиеттегі көрінісі. Әдеби ағым – тарихи категория жалпы қоғамдық дамудың белгілі бір кезеңіндегі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады. Ағым көркем шығарманы берудің формасы 

1-тапсырма. С

Талқылау сұрақтары

  • Поэма қандай әдеби бағытта жазылған деп ойлайсыңдар? Өз ойларыңды қалай негіздер едіңдер? (реализм, романтизм)
  • Поэма әлем әдебиетінен өзің оқыған қандай шығармаға ұқсайды?
  • Шығармадағы жалпыадамзатқа ортақ қандай құндылықтар сөз болады? (патриоттық, туған жер, адалдық, намыс т.б.)

Дескрипторлар:

  • Шығарманың құндылықтарын анықтайды, талдайды,
  • Поэманың әдеби бағытын айқындайды.

Өзара бағалау Мадақтау сэндвичі әдісі арқылы жүзеге асады.

2-тапсырма. «Құндылықтар күнделігі» ТЖ

Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. Өздеріне берілген тапсырманы орындаған соң, күнделіктерін тақтаға іліп, сыныпқа таныстырады.

Топтар үшін жұмыс қадамы:

1-топ. Шығармадағы ұлттық құндылықтарды тауып, күнделікке жаз (дәлелдерін шығарма мәтінінен келтіру керек)

2-топ. Шығармадағы кейіпкер бойында кездесетін құндылықтарды теріп жаз (дәлелдерін шығарма мәтінінен келтіру керек)

3-топ. Поэмадағы жалпыадамзаттық құндылықтарды теріп жаз (дәлелдерін шығарма мәтінінен келтіру керек)

Дескрипторлар:

  • Поэмадағы құндылықтарды анықтайды;
  • Құндылықтар күнделігін ынтымақтастықта толтырады.

Талқылау сұрақтары:

  • Шығармадағы ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтар қалай сабақтаса көрсетілген?
  • Автор ұлттық құндылықтар жүйесін адами құндылықтардан артық қояды деген пікірмен келісесің бе?

Өзара бағалау Мадақтау сэндвичі әдісі арқылы жүзеге асады.

3-тапсырма. 4 сөйлем әдісі арқылы шығармаға баға береді. Ой бөліседі.

Менің ойымша...

Себебі....

Дәлелі...

Қорытынды...

Мұғалімнің бағалауы

Кері байланыс:

1. Бүгінгі сабақта қандай жаңа ақпараттармен таныстыңыздар?

2. Бүгінгі сабақта алған білімдеріңіз алдағы уақытта керек болады ма?

3. Қай тапсырманы орындау қиындық туғызды?

Слайд 3

Слайд 4

Слайд 5

Слайд 6

Слайд 7

Сабақтың соңы

1 минут

Үйге тапсырма: Поэма мәтінімен толық танысу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу