![]() |
|
![]() |
Шығармашылық жұмыс. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
САБАҚ: | Мектеп: НЗМ | ||||||||||||
Мерзімі: | Оқытушы аты-жөні: | ||||||||||||
СЫНЫП: 10 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: 0 | |||||||||||
Бөлім: Тарих тағылымы Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жұмыс | |||||||||||||
Сабақтың оқу мақсаттары | 10.2.4.1 - көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (өлең, әңгіме ) жазу. | ||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Драмада көтерілген мәселеге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс жазады. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | - драмада көтерілген мәселені талдайды - өлең, әңгіме жаза алады. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | тарих | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексикология мен терминология: Диалог пен айтылымға арналған тіркестер: • Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... » • Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » • Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » • Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім | ||||||||||||
Алдыңғы білім | Бұл бөлімде оқушылар 8-сыныпта меңгерген тілдік дағдыларын одан әрі дамытады. | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспар ланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Дерек көздері | |||||||||||
Басы 3 минут 4 минут Ортасы 15 минут 15 минут | Оқушыларды өлең, әңгіме сөздері арқылы топқа бөлу жүргізіліп, неге дәл осылай бөлінуін сұрау арқылы сабақ мақсатын анықтау сұралады. Тапсырма №1. Топтық жұмыс. «Тыңдап отырған үштік» әдісі арқылы тілші, шешен, хатшы рөлдерін алмастыра отырып, төмендегі сауалдарды талқылайды:
Мүсірепов, Алтынбеков, Гатауллин, Қуанышев, Дәулетқалиев партиядан шығарылсын. Істері сотқа берілсін!» деген Голщекиннің ұсынысы астарында қоғамдағы қандай өзекті мәселе жатыр?
Нұрмақовты, Садуақасовты арамыздан аластадық, республикадан қудық деп ерте «масайрағанбыз». Голощекиннің «масайрағанбыз» деген сөздерінің астарында аталған тұлғалармен байланысты қандай өзекті мәселе көрініс тапқан еді?
астарынан қоғамдағы қандай мәселе менмұндалап тұр?
Қорлығым бар ма көрмеген- деген өлең жолдарында Күләндә «қорлығым» деп нені меңзейді? «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар өз жұмысын бағалайды. Тапсырма №2. Жұптық жұмыс. Оқушылар жұптарға бөлініп төмендегідей тақырыптарда шығармада көтерілген мәселені өзек ете отырып, өлең жазады. 1-жұп. «Қасіреттен көз ашпаған елім-ай» 2-жұп. «Өшпейді абзал есімдер» 3-жұп «Туады ерлер ел үшін» 4-жұп. «Жауыздық пен қанқұйлықтың ордасы» 5-жұп. «Зомбылық зорбалаңы» 6-жұп. «Қынадай қырғын» 7-жұп. «О, ерлер-ау, ерлер-ау» 8-жұп. «Асыра сілтеу сойылы» 9-жұп. «Ашатұяқ қалмаған, адамзатты жалмаған» 10-жұп. «Ел ерімен еңселі Оқушылар төмендегі дескрипторларға сай бағалау жүргізеді:
Тапсырма №3. Жеке жұмыс. Оқушылар «Бесеудің хаты» шығармасында көтерілген зұлматты өзек ете отырып, «Аласапыран уақыттың құрбаны» деген тақырыбында әңгіме жазады. Дескриторларға сай бағалау жүргізеді.
| ||||||||||||
Сабақ соңы 3 минут | Кері байланыс «Бағдаршам» әдісі арқылы алынады. | ||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Ажырату – сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз? Басқаларына қарағанда анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? | Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі. АКТ байланыстары. Құндылықтар байланыстары. | |||||||||||
Қорытындылау Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы қалай болды? Менің жұмысым жоспарлы болды ма? Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба? Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге? |
| ||||||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)? 1: 2: Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, бата қайыру