![]() |
|
![]() |
Шығармашылық жұмыс. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 2 сабақ.
Бөлім: Тарих тағылымы
Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы
Тапсырма №1. Топтық жұмыс.
«Тыңдап отырған үштік» әдісі арқылы тілші, шешен, хатшы рөлдерін алмастыра отырып, төмендегі сауалдарды талқылаңыз:
«Республикаға, Казкрайкомға, оның басшылығына жала жапқаны үшін
Мүсірепов, Алтынбеков, Гатауллин, Қуанышев, Дәулетқалиев партиядан шығарылсын. Істері сотқа берілсін!» деген Голщекиннің ұсынысы астарында қоғамдағы қандай өзекті мәселе жатыр?
Ұлтшыл уклонистер: Рысқұловты, Ходжановты, Мендешевті,
Нұрмақовты, Садуақасовты арамыздан аластадық, республикадан қудық деп ерте «масайрағанбыз». Голощекиннің «масайрағанбыз» деген сөздерінің астарында аталған тұлғалармен байланысты қандай өзекті мәселе көрініс тапқан еді?
«Сен, шала сауатты азиат, диалектикадан не білесің?» деген сөздердің
астарынан қоғамдағы қандай мәселе менмұндалап тұр?
Сұрасаң сырды сен менен,
Қорлығым бар ма көрмеген- деген өлең жолдарында Күләндә «қорлығым»
деп нені меңзейді?
Тапсырма №2. Жұптық жұмыс.
Оқушылар жұптарға бөлініп төмендегідей тақырыптарда шығармада көтерілген мәселені өзек ете отырып, өлең жазыңыз.
1-жұп. «Қасіреттен көз ашпаған елім-ай»
2-жұп. «Өшпейді абзал есімдер»
3-жұп «Туады ерлер ел үшін»
4-жұп. «Жауыздық пен қанқұйлықтың ордасы»
5-жұп. «Зомбылық зорбалаңы»
6-жұп. «Қынадай қырғын»
7-жұп. «О, ерлер-ау, ерлер-ау»
8-жұп. «Асыра сілтеу сойылы»
9-жұп. «Ашатұяқ қалмаған, адамзатты жалмаған»
10-жұп. «Ел ерімен еңселі
Дескрипторлар
шығармада көтерілген мәселені өзек ете алады(кемінде 1-2);
өлең құрылымын сақтайды.(кемінде 1-2);
жанрлық талаптарды ескереді(кемінде 1-2)
Тапсырма №3. Жеке жұмыс.
«Бесеудің хаты» шығармасында көтерілген зұлматты өзек ете отырып, «Аласапыран уақыттың құрбаны» деген тақырыбында әңгіме жазыңыз.
шығармада көтерілген мәселені өзек етеді(кемінде 1-2);
әңгіме кұрылымын сақтайды(кемінде 1-2);
жанрлық талаптарды ескереді(кемінде 1-2).
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, бата қайыру