Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.


Оқу мақсаты:

БС\шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі:

Шығармадағы жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтайды, талдау жасайды.

«Бес қадам» әдісі

Е, Қ, Ү, С, Ә,О, З, Б

Оқушы әр қадамды басқан сайын дыбыстар өзгертіліп тұрады, берілген сұраққа сол дыбыстан бастап, жауап беруі керек.

Сіздің ойыңызша кім басты кейіпкер?

Оны өзгелерден ерекшелейтін қандай қасиеті бар?

Бұл кейіпкер туралы қандай тұжырым жасар едіңіз?

Таңдаған кейіпкеріңізді басқа өзіңіз оқыған шығармадағы қандай кейіпкерге ұқсатар едіңіз?

Т. Пирамидалық талқылау

Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып әкеліп, пирамида бөлігіне орналастырады. Өзара топта талқылап, ойларын толықтырады, сыныпқа таныстырады.

-Шығармада көрініс тапқан қандай құндылықтарды көре алдыңыз? Себебін түсіндіріңіз.

-Сәбитжан мен Едігенің ортасындағы қарама-қайшылықтарды талдай отырып, ұрпақтар көзқарастарының алшақтығы туралы ойыңызды жазыңыз.

-Шығармада астарлап берген қоғам шындығы қандай? Бұл шығарманың негізгі идеясы бола ала ма?

- Шығармадан рухани дүние мен материалдық құндылыққа қандай мысалдар келтірер едіңіз? Ойыңызды дәлелді жеткізіңіз.

Дескриптор:

құндылықтарды ажыратады;

ұрпақтар көзқарасының алшақтығын талдайды;

шығармадағы астарлы ойды табады;

рухани дүние мен материалдық құндылыққа мысалдар келтіріп, ойын дәлелді жеткізеді.

 

Ж. әдеби эссе жазу

Романдағы рухани дүние мен материалдық құндылықтардың астасып, өз заңдылықтарымен дамуы арқылы тұтас дүниенің бейнеленуін өз көзқарасыңызбен талдап, әдеби эссе жазыңыз. (Сөз саны -200-250 сөз)

Дескриптор:

рухани дүние мен материалдық құндылықты ажыратады;

өзара байланыстырады;

өзіндік көзқарас тұрғысынан талдайды;

әдеби эссе жазады.

Рефлексия: (өзінің жасаған жұмысы бойынша рефлексия жасайды)

Ең қиын тапсырма-

Ең қызықты тапсырма-

Ең тиімді тапсырма-



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу