Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ:

Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Аңызбен өрілген көркем сөз

Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» романы

Сабақтың түрі

Шығармашылық сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.2.4.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма)

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

көтерілген мәселені анықтайды;

Көптеген оқушылар:

көтерілген мәселені талдап, шығармашылық жұмыс жазады;

Кейбір оқушылар:

көтерілген мәселе бойынша өзіндік талдау жасай отырып, шығармашылық жұмыс жазады;

Бағалау критерийі

Шығармадағы көтерілген мәселені талдап, шығармашылық жұмыс жазады;

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: қу құлқын, жанын жалдау, маңдайы тасқа тигендей, айласын асыру, көз аларту, күретамыр темір жол, өзегі өртену, бәтуалы сөз, қарасын көрсетпеу

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Пәнаралық байланыс

тарих

Мектеп құндылықтары

Өмір бойы білім алу: таным, талант, сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы біліммен байланыстыру:

Элективті тест орындау

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7-8 минут

Ұйымдастыру:

-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- сабақ мақсатымен таныстыру;

Ж. Элективті тест. (Еденге А,Ә,Б,В әріптерінің қағазға жазылған сұлбалары қойылады. Оқушылар өздері таңдаған жауаптың тұсына жиналады. Әрбір оқушының таңдау еркі өзінде).

1)Сіз шығармадағы басты кейіпкер деп кімді таңдайсыз?

А) Едіге

Ә) Қазанғап

Б) еңбек адамдары

В) Найман Ана

Кері байланыс: Сіз өз жауабыңыздың дұрыс екенін қалай дәлелдер едіңіз?

2) Біздің қоғамда мәңгүрттер бар ма?

А) Бар

Ә) жоқ

Б) екі ойлымын

В) түсіне алмадым

Кері байланыс: Бұл жауапты таңдауыңыздың себебі неде?

3) Шығарманың қалай аяқталуын қалар едіңіз?

А) Боранды бекеттің барлық мәселелерінің шешілуі

Ә) Қазанғаптың Найман Ана бейітіне жерленуі

Б) Едігенің Боранды бекеттен көшіп кетуі

В) автордың шешімімен келісемін.

Кері байланыс: Шығарма сіз ойлағандай аяқталса, біз неден айрылуымыз мүмкін?

Келесі қысқартуларды қолданыңыз:

МН =Мұғалімге арналған нұсқаулық

МЖ = Мұғалім жасаған

ӨД = өзге дерек көздері

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

15 минут

Т.Оқушылар топпен зерттеу жүргізеді. Мұғалім шығарманы топтың санына қарай бөліктерге бөліп ұсынады.

Дескриптор:

  • көтерілген мәселені анықтайды;
  • мәселе бойынша өзіндік талдау жасайды;
  • өзінің пікірін дәлелді жеткізеді;

Таныстырылым.

«Өкіл» әдісі. Әр топтан өкілдер шығарылып келесі топтарға барып, таныстырылым жасайды (яғни, 1 топта түрлі топ мүшелері жиналады). Оқушыларға таныстырылым жасауға уақыт белгіленеді, ұқсас пікірлер болса, тек толықтыру енгізуге болады.

Ж. Шығармашылық жұмыс. (мұғалім тапсырманы жеке бермей, бірлескен жазылым ретінде ұсынуына болады)

Әдеби шығарма жазу.

1-топ: Кіріспе.

2-топ: негізгі бөлім

А)

Ә)

3-топ: негізгі бөлім

А)

Ә)

4-топ: қорытынды

Дескриптор:

  • ойын жүйелі жеткізеді;
  • мәселені жан-жақты талдайды;
  • өзіндік пікірі айқын аңғарылады;

С = барлық сынып

Т = топтық жұмыс

ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі

К = мұғалімнің көрсетуі

Ф = формативті бағалау

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия: Бүгінгі сабақта алған ақпараттарын саралайды.

Маңыздылық аймағы

Ішкі шеңберге- маңызды

Сыртқы шеңберге- маңызды емес

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу