Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: | Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім тақырыбы | Аңызбен өрілген көркем сөз Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» романы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Талдау сабағы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау; | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: айшықтауларды ажыратады; Көптеген оқушылар: шығармадан айшықтауларды анықтайды; Кейбір оқушылар: айшықтауларды тауып, қолданысын талдайды; | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Шығармадағы айшықтауларды тауып, қолданысын талдайды; | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: эпифора (кезекті қайталау), анафора (әдепкі қайталау), антитеза (шендестіру), градация (дамыту), инверсия (сөз орнын ауыстыру), эллипсис (сөз тастап кету), паралеллизм (егіздеу) Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: аламат тажал, көз қарықтыра, риясыз жақсылық, дәурені өткен, жадау жұрт, қаңырап қалған, сарсаңға салу, ит байласа тұрғысыз, қырын қабақ танытпай | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | қазақ тілі | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Мектеп құндылықтары | Академиялық адалдық: өзге адамдардың пікірі мен идеяларына деген құрмет, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Алдыңғы біліммен байланыстыру: Берілген суреттерде шығарма сюжетімен байланыстырып, өз идея ұсыну | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1 мин
7-8 минут | Ұйымдастыру: -оқушылардың сабаққа қатысын тексеру; - сабақ мақсатымен таныстыру; ЖЖ. Берілген суреттерді шығарма сюжетімен байланыстырып, қандай ерекше идея ұсынар едіңіз?
Кері байланыс: -кімнің идеясы ерекше ұнады? -өзіңнің идеяңмен ұқсас идеялар болды ма? -тағы қандай пікірлер қосуға болады? | Келесі қысқартуларды қолданыңыз: МН =Мұғалімге арналған нұсқаулық МЖ = Мұғалім жасаған ӨД = өзге дерек көздері | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
15 минут 15 минут 5 минут |
Т. топтарға шығарма бөліктері ұсынылады (немесе нешінші бет екенін белгілеп беруге болады). Оқушылар берілген үзінді бойынша кестені толтырады (егер топ мүшелері жұмысты бөліп алғысы келсе, ерік берген дұрыс).
Таныстырылым: «Бетпе –бет» әдісі Оқушылар бір –біріне қарам –қарсы отырады (мұғалім 1 топтағы оқушылардың ұшырасып қалмауын ойластырады). Мұғалімнің бағыт беруімен алдымен оң жақ беттегі оқушылар, сонан соң сол жақтағы оқушылар өз жұмыстарын таныстырады. Сол жақтағы оқушылар бір орынға жылжып, жұпты ауыстырып, тағы да таныстырылым қайталанады. Мұғалім өз қалауымен бірнеше мәрте өзгертсе болады. Кері байланыс: -Автордың мақал-мәтелдерді\басқа тілден енген сөздерді\ тұрақты сөз тіркестерін\ көнерген сөзді қолданудағы мақсаты қандай? (тұжырым жасаңыз) ЖЖ. Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Әр жұпқа үзінді беріледі, берілген үзіндіден көркемдегіш құралдарды анықтайды. (мұғалім сыныптың деңгейіне қарай көркемдегіш құралдарды күрделендіріп алуына болады). Айшықтаулар (фигура): Эпифора (кезекті қайталау), анафора (әдепкі қайталау), антитеза (шендестіру), градация (дамыту), инверсия (сөз орнын ауыстыру), эллипсис (сөз тастап кету), паралеллизм (егіздеу) Ж.«Сөздер банкісі». Оқушылар өздері тапқан көркемдегіш құралдарды қағаз қиындыларына жазып, банкіге салады. Ортаға шақырылған әрбір оқушы банкідегі 1 айшықтауды алып, дұрыс –бұрыстығына көз жеткізеді, автор қолданысын анықтайды. | С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс Ж = жеке жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі К = мұғалімнің көрсетуі Ф = формативті бағалау | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2-3 минут | Рефлексия: оқушы өзінің жасаған жұмысы бойынша рефлексия жасайды. Мені ... ойландырды. Мені ... қызықтырды. Мені ... сендірді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру