Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ: 3

Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Аңызбен өрілген көркем сөз

Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» романы

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау (ТЖ)

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

кейіпкерлер туралы өзіндік пікірін жеткізеді;

Көптеген оқушылар:

кейіпкерлердің даралығын анықтайды;

Кейбір оқушылар:

кейіпкерлерді даралап, өзіндік пікірін дәлелдейді;

Бағалау критерийі

Кейіпкерлер жүйесін жинақтайды және даралығын анықтайды;

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: көркемдік тәсіл, образ, көркемдік –эстетикалық мағына, жиынтық бейне, роман желісі, эпизодтық бейне

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: тығырықтан шығу, кейіпкер көзқарасы, адам болмысы, уақыт элементі, өмір философиясы, тұжырым

Пәнаралық байланыс

қазақ тілі

Мектеп құндылықтары

Өмір бойы білім алу: таным, талант, сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Ақыл, дене, қарым-қатынас, мінезді дамыту

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы біліммен байланыстыру:

«Мендік пікір» арқылы шығармадан алған әсерін  жеткізу

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 минут

Ұйымдастыру:

-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- сабақ мақсатымен таныстыру;

Ж. Оқушылар алдын-ала романның мазмұнымен танысады. Сабақтың барлық кезеңінде оқушылар ресурспен (романның толық нұсқасы) қамтамасыз етілгені жөн.

«Мендік пікір» арқылы шығармадан алған әсерін       жеткізу (өздерінің ойларын жинақтап алуға уақыт беріледі, мұғалім оқушының өз қалауымен сұрауына немесе таяқшаларға жазылған есімдері бойынша сұрауына болады)

 Мені қинағаны…

 Мені жұбатқаны…

Мені өкіндіргені…

Мені үрейлендіргені…

Мені сүйсіндіргені…

Мені  қайраттандырғаны…

Менің  тілегім…

Біздің түйгеніміз:

Келесі қысқартуларды қолданыңыз:

МН =Мұғалімге арналған нұсқаулық

МЖ = Мұғалім жасаған

ӨД = өзге дерек көздері

Сабақтың ортасы

15 минут

10 минут

5 минут

5 минут

Бағалау критерийі

Дескриптор

оқушы

Кейіпкерлер жүйесін жинақтайды және даралығын анықтайды;

кейіпкерлердің өзіндік ерекшеліктерін анықтайды;

кейіпкерлердің ұқсастығын тауып, қорытынды жасайды;

кейіпкерлерді зерттеуде ойын дәлелді жеткізеді;

Топқа бөлу (мұғалімнің өз қалауына ұсынылады, кездейсоқ топтар құрғысы келсе, таяқшаларға жазылған есімдерін таңдау тиімді)

Т. «Сегіз қырлы ой» (Гарднер бойынша көп қырлы зияттың 8 жолы)

(Оқушылар берілген жұмысты бөліп алып орындағандары ұтымды, көшбасшы оқушы ұйымдастыруды өз жауапкершілігіне алса болады)

Сандар

Кейіпкерлер өмірінде қандай сандар орын алады? Маңыздылығы.

Сөздер

Қандай бейнелі сөздер кейіпкерді ашуға көмектеседі? Не себепті олай ойлайсыз?

Адамдар

Кейіпкерлердің ерекшеліктері неде? Автордың образ берудегі көркемдік тәсілі қандай?

Көңіл- күй

Кейіпкерлердің көңіл-күй тұрақтылығы\тұрақсыздығы. Қандай қорытынды жасауға болады?

Табиғат

Кейіпкер мен табиғат арасындағы байланысты анықтаңыз.

Әрекет

Кейіпкердің тығырықтан шығу жолындағы әрекеті қандай? Оның мәнін түсіндіріңіз.

Дыбыстар

Кейіпкер тағдырына қатысты шығармада қандай дыбыстар кездеседі?

Көзқарас

Кейіпкердің көзқарасы қай тұстардан анық көрінеді?

Таныстырылым жасау:

«Әлемді шарлау» әдісі.

Топта 1 оқушы (өз қалауымен немесе мұғалім таңдауымен) баяндаушы рөлінде қалады. Өзге оқушылар сағат тілімен қозғалып, өзге 2 топтың таныстырылымын тыңдайды.

Ф. Әр топ өздерінің екінші тыңдаған топтарына кері байланыс береді.

Т. «Кейіпкерді зерттеу»

1-топ: Жазушының кейіпкерді суреттеуі

2-топ: Кейіпкердің сөз саптауы, ойлау ерекшелігі,

3-топ: Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған суреттеулер;

4-топ: Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы;

5-топ: Кейіпкер бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттер;

(Оқушылар топпен талқылап, ортақ тұжырымға келеді. 2-3 сөйлеммен ойларын жеткізеді)

С = барлық сынып

Т = топтық жұмыс

ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі

К = мұғалімнің көрсетуі

Ф = формативті бағалау

Ш. Айтматов «Боранды бекет» романы

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия:

АКРОНИМ (оқушылар бас әріптері негізінде сөйлем құрап, рефлексия жасайды)

Б-

Е-

К-

Е-

Т-

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу