Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.
Прозадағы көркем ойЖүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы
Көркем шығарманың тілі.
А/И 10.2.3.1. Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау.
Бағалау критерийі
көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын ажырата алады;
айшықтау амалдарының қызметін түсіндіріп айта алады;
түйінді ой айтып, қорытынды жасайды.
Қызығушылықты ояту
Жұппен Жүсіпбек Аймауытұлы туралы «Өмір жолы» бейнематериалын көріп отырып, «Түртіп алу» әдісі арқылы кестені толтыру. (11,47 минут)
https://www.youtube.com/watch?v=fEDvxWDWx7o
«Блум таксономиясы»
Тапсырма:
1.Білу: Романның екінші бөлімінде автор Бекболат, Ақбала, Балташтарды сипаттауда қандай көркемдегіш құралдарды қолданды? Бір кейіпкерге байланысты көркемдегіш құралдардың тізімін жасаңыз. (1-2 болса да болады)
2. Түсіну: Автор осы көркемдегіш құралдарды не үшін, қандай мақсатта қолданды? Түсіндіріп айтып беріңіз.
3. Қолдану: Сіз автор болсаңыз осы кейіпкерді сипаттауда басқа қандай көркемдегіш құралды қолданар едіңіз? Бір сөйлеммен мысал келтіріңіз.
4. Талдау: Үш кейіпкерді бір-бірімен салыстыра отырып, (екеуін де салыстыруға болады) автор қандай көркемдік тәсілдер арқылы ара жігін ажыратты? (қай кейіпкердің қандай екендігі, мінез-құлқы, жағымды-жағымсыз жақтары)
5. Жинақтау: Осы үш кейіпкер арқылы сол замандағы қазақ жігіттерінің бейнесін бүгінгі күнгі қазақ жігіттерімен салыстыра отырып, 4-5 сөйлеммен қорытынды жасаңыз. (тілдік мақсаттағы 1 мақалды қолданыңыз)
6. Бағалау: Автор тілінің шеберлігіне, тілдік қолданысына өз көзқарасын айта отырып баға беру.
Рефлексия «ПОПС» формуласы арқылы
Үйге тапсырма:
«Ақбілек» романының желісі бойынша, қазіргі замандағы қыз балалардың тағдыры туралы заманауи комикс жасап келу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру